[24.04.2012.] Католик дінінің күні батып, Исламның таңы атуда
Бұл Франциядағы діни ахуалды зерттеген мамандардың шығарған қорытындысы. Олардың айтуынша, қазіргі күні де дін ұстанушы мұсылмандар саны өз дініне берік католиктерден асып түскен. Мәселен, ресми тұрғыда Франция халқының 64 пайызы өздерін католикпіз дегенімен, солардың тек 2,9 пайызы ғана шіркеу міндеттерін тұрақты орындайды екен. Ал бес уақыт намаз оқитын мұсылмандар ел халқының 3,8 пайызын құраған. Олардың көбі Францияның бұрынғы Солтүстік және субэкваторлы Африкадағы колонияларынан шыққандар.... Жалғасын оқу »
[22.12.2010.] «ҚҰРАН СӨЗДЕРІНІҢ СЫРЛАРЫ МЕН ҚҰПИЯЛАРЫ» АТТЫ КІТАП МЫСЫРДА БАСЫЛЫП ШЫҚТЫ
Аталмыш кітапты мысырлық жазушы, Құран ілімдерінің зерттеушісі Мұхаммед Дауд жазып шыққан. Ол кітабында 14 ғасыр бойы Құран сөздерінің сырлары мен құпиялары еш өзгеріссіз сақталғандығын айтады. Сондай-ақ қасиетті Құран сөздерінің мәңгіліктігін әр түрлі дәлелдер келтіре отырып жазған. Ақпарат көзі: www.muftyat.kz
[21.12.2010.] Қазақстан мешіттерінде қасиетті кітаптардың мағыналық аудармаларын тарату мәселесі талқыланды
Үстіміздегі жылғы 19 желтоқсанда Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Қайрат Лама Шарифтің Король Фахд атындағы Құран басып шығару баспа кешенінің Бас хатшысы доктор Мұхаммед Салим әл-Ауфимен Медина қаласында өткен кездесуі барысында Қазақстан мешіттерінде қасиетті кітаптардың мағыналық аудармаларын тарату мәселесі талқыланды. Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Елшілігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, Мұхаммед Салим әл-Ауфи Жаратушы Алла Пайғамбарының қаласы - шұғылалы Мединадағы баспа кешенінің Құранды басып шығару бойынша жылдық тиражы 10 миллион дананы құрайтын әлемдегі ең ірі баспахана болып табылатындығын атап өтті. Король Фахд атындағы кешен 1984 жылдан бері Қасиетті Құран мен оның 55 тілдегі мағыналық аудармаларының 270 миллионға жуық данасын басып шығарған. ... Жалғасын оқу »
[08.12.2010.] Малайзияда жаңа ислами «Әл-Һижра» телеканалы ашылды
TV «Әл-Һижра»
Малайзиядағы бірінші ислами телеканал. TV
«Әл-Һижра» Ислам өркениеті мен
мұсылмандардың күнделікті актуальді сұрақтарына жауап беретін бірден бір жаңа
құрал болады деп хабарлады ислами өркендеу Департаменті (Jakim).... Жалғасын оқу »
[07.12.2010.] Аргентина тәуелсіз Палестина мемлекетін таныды
Бразилияның соңын ала Аргентина елі де, Израиль Газа Секторы мен Иорданның Батыс жағалауын басып алғанға дейінгі, яғни 1967 жылғы шекараның аясында тәуелсіз Палестина мемлекетін танитынын мәлім етті. Бұл туралы дүйсенбі күні Аргентинаның Сыртқы істер министрлігі хабарлады. Бразилия мемлекеті те осындай қадамы туралы өткен жұма күні жария еткен болатын, деп хабарлайды «Азаттық» радиосы. ... Жалғасын оқу »
[07.12.2010.] 70 жастағы Чи Чуй Нго Исламды қабылдады
Брунейлік 70 жастағы қария Чи Чуй Нго ханым Исламды қабылдап мұсылман болды. Қытайлық болған Чи Чуй Нго Кампонг Пергиндаханда жұбайының үйінде мұсылман болғандығын ресми жария етті. Сонымен бірге есімінде мұсылманша Сити Хауа бинту Абдуллаһ деп өзгертті. Чи Чуй Нго ханым ендігі қалған өмірін Ислам дінін терең үйренуге арнағысы келетіндігін атап өтті. ДінИслам ақпарат.
[29.11.2010.] Бразилияда өз пациентін зорлаған дәрігер 278 жылға сотталды!!
Бразилияның әйгілі әйелдер ауруханасының әйелдер дәрігері Лож абу длмар Герис асқан ұятсыздықпен ауру көрсеткелі келген науқасқа басқыншылық қылған. 23 қараша күні Бразилияның ең үлкен қаласы саналатын Сан-Паулода сот ашылып Лож абу длмар Геристі 278 жылға қамау жазасына үкім етті. 66 жасқа келген Лож абу длмар Герис-Бразилиядағы әйгілі дәрігерлердің бірі. Оған көбіне әйгілі спортшылар мен жұлдыздар жүгінетін.... Жалғасын оқу »
Американың «Троут лик мидия» компаниясы Құран Кәрімді аудео таспаға жазып, «Audible.com» интернет сайты арқылы сатуға шығарған. Ол қараша айындағы ең көп сатылған кітаптардың біріне айналған. «Amazon» компаниясының «Audible.com» интернет сайты, онлайн арқылы өз өнімдерін сататын Америкадағы ең үлкен әрі танымал сайт. ... Жалғасын оқу »