[16.10.2009.] Қажылыққа бару үшін вакцина алу керек пе?
Биыл қажылыққа баратындарға тұмауға қарсы вакцина егіледі деп естіп едім. Осы рас па?Еркебұлан ТАЙМАСОВ, Оңтүстік Қазақстан облысы Бұл сұраққа Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз хатшысы Оңғар қажы Өмірбек жауап береді: — Иә, Сауд Арабиясы елшілігі ҚР Сыртқы і... Жалғасын оқу »
Мектептегі «Дінтану негіздері» пәнін кімдер оқытқаны дұрыс, теолог мамандар ма, әлде бұл істі діни сауатты ұстаздарға жүктеген жөн бе?
Мұртаза БҰЛҰТАЙ, дінтанушы: Мектептерде дінтану негіздерін оқыту көптен туындап жүрген әңгіменің нәтижесі болып табылады. Бірақ Білім және ғылым министрлігінің шешімі тек мәселенің саяси жағын... Жалғасын оқу »
[01.10.2009.] Мектепте хиджаб киюге болмайды.... Неге?
Жуырда ғана хиджаб киюге тыйым салынбайтыны айтылған болатын. Алайда мұғалімдер менің оқушы қызыма әлі де болса орамал тағып жүруге рұқсат бермей жатыр. Осы дұрыс па? Аманкүл ШАЛАХМЕТҚЫЗЫ, Ақтөбе Сіздің айтып отырғаныңыз әділет министрі Рашид Түсіпбековтің осы мәселеге байланысты сауалға өзінің жеке блогындағы ... Жалғасын оқу »
[30.09.2009.] Қазақстандық кришнаитер ЕҚЫҰ-нан араша сұрады
Орталық Азия бойынша кришна санасы қауымының үйлестірушісі Говинда Свама Қазақстан үкіметі осы қауым мүшелерінің 26 үйін бұзып, соларға тиесілі жер меншігін тартып алды деп мәлімдеді. Сейсенбі күні Варшавада ЕҚЫҰ-ның конференциясында сөз сөйлеген Говинда Свама қазақстандық үкіметтің мүддесін қорғайтын БАҚ-ның қысымы мен биліктің баспаналарды бұзу әрекеті тоқтағандығын, бірақ Кришна санасы қауымының жер мәселесі шешусіз қалғандығын атап көрсетті.... Жалғасын оқу »
[30.09.2009.] Біз адамға емес, Аллаһқа табынуымыз керек
Сәкен МАЙҒАЗИЕВ: - Фанклуб мүшелерінің сіздермен кездескісі, сөйлескісі, тіпті жақыннан көргісі келетіні түсінікті. Ал сіздердің көздеп отырған мақсаттарыңыз қандай? - «Фанклуб, фанаттар» деген сөздің түпкі мағынасы біздің менталитетімізге, жалпы, шариғатқа қарсы келеді. Исламның һақ жолында жүрген азаматтар бір-біріне емес, бір Аллаһқа табынуы керек. Соңдықтан, клуб мүшелерін біз, шын мәнінде, фанаттар деп емес, жанашырларымыз, жанкүйерлеріміз, тұрақты тыңдармандарымыз деп қабылдаймыз. Кездесу «біз - әншіміз, біз - жұлдыз-быз» деген мағынада ұйымдастырылған жоқ.... Жалғасын оқу »
[29.09.2009.] Елімізде кейбір Құран аяттарының аудиожазбаларына тыйым салыныпты
Астана соты 3 шілде 2009 жылы, бірнеше діни экстремистік топтар мен әдебиеттерге тыйым сала отырып, оның ішінде Құран аяттары жазылған аудио жазбаларғада тыйым салыпты. Аталмыш тыйым Әділет Министрлігінің сайтында 180 және 181 қатарларда төмендегідей жазылған. ... Жалғасын оқу »
Сұрақ: Жұма күндері мешітке барып тұрамын. Бес уақыт намаз оқымасам да мешітке кіргенде дұғамды жасап, басымды сәждеге тигізіп бар көңіл-ниетіммен Аллаһқа жақындасам деген ойда боламын. Әйелдер бөлмесіне жұма күндері мұсылман апайлар мен қыздар көп жиналады екен. Бірақ сол әйелдердің бір-бірімен орынға таласып, ұрсысып қалатындары бар. Тіпті, ... Жалғасын оқу »
[23.09.2009.] Қажылыққа бірінші болып барған қазақ
«Алтынды Орда қонған жер» («Арыс» баспасы, 1994 жыл) атты кітапты оқып отырып, қазақ тарихында қажылыққа бірінші болып барған адамның табылуы мені қуантты. Ол кісі - Досжан Қошақұлы. Досжан Қошақұлы Ақтөбе облысының Байғанин ауданында дүниеге келіпті. Көрне... Жалғасын оқу »
«Орыстың ұлы жазушысы Лев Толстой мұсылман дінін қабылдаған» дейді. Біреулер мұсылман әлемін жырларына арқау еткен Пушкин мен Есенин де мұсылмандыққа өткен деседі. Бұл жөнінде нақты дерек бар ма?Нұрлыбек Қамбарұлы, Ақтөбе Орыстың ұлы ақыны Александр Пушкин... Жалғасын оқу »