Сiздердi 1 мамыр – Қазақстан халқының бiрлiгi күнi мерекесiмен құттықтаймыз!
Егемен елiмiз бүгiнде ырысты ынтымақ пен берекелi бiрлiктiң мерейлi мекенiне айналды. Тәуелсiз Қазақстанның ұлтаралық келiсiм мен пайымды парасаттылыққа негiзделген үйлесiмдi саясатын халықаралық қауымдастық жоғары бағалауда. Татулық пен бiрлiктiң бастауындай болған осы бiр айтулы мейрам бейбiтшiлiктiң бейнесiн орнықтыра түсетiндей әсер қалдырып келедi.
Бiрiншi мамыр көктемнiң көзайым мерекесi әз-Наурыздың жалғасы iспеттi. Тiршiлiк түрлене түлейтiн жайдарлы шақта мерейлi мерекелердiң бiрiнен соң бiрiнiң келуi үмiт пен сенiмнiң сабақтастығын бiлдiредi. Бүгiнде Елбасының салиқалы саясатының нәтижесiнде ел аумағында көпұлтты халық тату-тәттi өмiр сүруде. Отанымызда тiлi мен дiни сенiмi әртүрлi ұлттардың салт-дәстүрiн сақтауға толық жағдай жасалған. ... Жалғасын оқу »
[26.04.2012.] Қаттани мешіті: «Ерлер сауат ашу курсы»
Құран оқып үйрену, намазда оқылатын қысқа сүрелерді және намаз оқып үйрену, намазға байланысты мәселелер т.б. Дәріс беруші ұстаз: Түркияның Қожаелі қаласының «Үш төбелер» мешітінің имамы Дәуіт Варлы.
Сабаққа келушілердің жастары шектелмеген. Сабақ аптасына 5 күн болады. Сенбі жексенбі демалыс.... Жалғасын оқу »
Сізді ұлттық дәстүрде, қайырымдылық мақсатта ұйымдастырылған мұсылмандық жәрмеңкемізге шақырамыз. Жәрмеңке сөрелерінде отандық тұрмыстық заттар, ыдыс-аяқ, төсек жиынтықтары, сүлгілер, кілемдер, ер және әйел, балалар киімдері, ойыншықтар, ұлттық сувенирлер Түркиядан келген тауарлар ұсынылады. Асхана жұмыс істейді.сонымен қатар халал тағамдар, полуфабрикаттар, жылқы-сиыр еті, көкеніс, варенье, қазы, шұжық, қымыз ұсынылады. Түскен қаржы медреселердің пайдасына арналады.
Ұйымдастырушы: "Қамар" қайырымдылық мекемесі. ... Жалғасын оқу »
[21.04.2011.] ҚҰРМЕТТІ КИІМ ДИЗАЙНЕРЛЕРІ МЕН МОДЕЛЬЕРЛЕР!
Соңғы жылдарда мұсылман қыз-келіншектердің шариғат талабына сай киінуі елімізде көп талқыланатын өзекті тақырыпқа айналды. Негізінде, қасиетті Құранның «Нұр» сүресінде шариғатқа сай киінудің парыздығы мен талаптары анық айтылған. Ата-бабаларымыз мәдениетіміз бен ғұрпымызға, ұлттық салт-санамызға сай сан түрлі әсем, әрі келісті ұлттық төл киім үлгілерін (сәукеле, орамал, кимешек, т.б.) жасап шығару арқылы сол талаптарды толық орындап келген. Алайда заман мен талғамның өзгеруіне байланысты қазір бұл санаттағы киімдер тек сахнада ғана киіледі. Ал шариғат бойынша киінгісі келген қыз-келіншектер шетелде тігілген киімдерді алып киюге мәжбүр.
[28.03.2011.] ҚМДБ-ның ОҚО өкіл имамының «Имам Ағзам Әбу Ханифаға айтылған сындар және оған берілген жауаптар» атты кітапшасы жарық көрді
Шымкент қаласындағы Орбадасы алаңында орналасқан облыстық «Абдул Хамид Қаттани» мешітінің ұйытқы болуымен дәстүрлі түрде Шымкент қаласына қарасты мешіттері арасында көшпелі діни ағарту семинары өтіп келеді.
Жалпы, мұндай діни семинарлар облыстағы барлық аудан, қала мешіттерінде ұйымдасытырылып, оған облыстық «А.Қаттани» мешіттінің найб имамдары тұрақты түрде қатысуда.
Бұл көшпелі діни ағарту семинарының мақсаты мешіт имам, молдаларының заман та... Жалғасын оқу »
Қазақстан жеріндегі ислам мен православия діндерінің көп жылдық берік достығы қазақстандықтардың рухани байлығында маңызды рөл атқарады
Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы және Орталық Азия мүфтилер кеңесінің төрағасы, Бас мүфти Шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі Астана және Қазақтан митрополиті Александр мен православ дінін ұстанушы барлық отандастарын Рождество мерекесімен құттықтады.
Құттықтауда: «Құрметті митрополит Александр, Сізді және православ дінін ұстанушы барлық отандастарымды Рождество мерекесімен қттықтаймын!», - делінген.
«Бұл мереке адамдар жүрегіне жақсылық пен қайырымдылық ұялатады.
[28.12.2010.] Араб тілі қиын тіл емес (мәліметті көшіріп таратыңыздар, бауырлар)
Араб тілінің өзіндік графикалық ерекшеліктері бар әріптеріне қарап: "Араб тілі — үйренуге қиын тіл” деп, шорт кесіп шешім айтатындар кездеседі. Бірақ ондай шешімдер мүлдем дұрыс емес.
Арабша әріптердің біздің көзіміз бен қолымыз үйренген латын және кирилл қаріптерінен өзгеше екені анық. Бірақ ол араб тілі қиын дегенді білдірмейді. Тілдің қиындығы әріптерінің немесе таңбаларының күрделілігімен емес, олардың дыбысталуымен, тілдің грамматикасымен өлшенеді.... Жалғасын оқу »
Азат күн туды, қырандай еркін самғаған, Асыл арманды ақиқат күнмен жалғаған. Ұғынсаң елім, бостандық атты бақ құсы, Сан ғасыр бойы басымызға да қонбаған! ... Жалғасын оқу »
[07.12.2010.] Желтоқсанның 7-сі 1432 Хижри жыл басы
Мухаррам айы – Исламдық қамари жылының бірінші айы және Құран Кәрімде құрметтелген төрт айдың бірі. Мухаррам айының бірінші түні мұсылмандардың қамари жыл басы түні болып есептеледі. Хижри қамари күнтізбе Мұхаммед (с.а.с.) пайғамбардың Меккеден Мәдинаға хижрет еткен (көшкен) жылынан басталады. ... Жалғасын оқу »