[10.10.2009.] «Ата жолы» – қандай жол? - 10 Октября 2009 - Бала-Бүргемге қош келдіңіз
Жексенбі, 12.Ақпан.2012, 17:13
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  ОРАМАЛ ТАРТҚАН – ЕРСI, АЛ КIНДIК АШҚАН ШЕ?
•  Азия парктен жік шықты, екі құлағы тік шықты
•  Сапар айы (Сафар айы)
•  Шіркеу қазақша сөйлей бастады. Бұл нені аңғартады?
•  Фиқһ әл-ғибадат
•  Желтоқсан – жанымның жарасы
•  ОБЛЫСТАҒЫ БАСТЫ МӘСЕЛЕ - ДІН МАМАНДАРЫНЫҢ ТАПШЫЛЫҒЫ
•  Құрбан айт намазы
сауалнама
"АСЫЛ АРНА" телеарнасын қайдан көресіз?
Жауап берілді: 573
 

Негізгі бет » 2009 » Қазан » 10 » [10.10.2009.] «Ата жолы» – қандай жол?


[10.10.2009.] «Ата жолы» – қандай жол?
22:48
Біз «Ата жолы» жайлы не білеміз? Сіз олардың ашық жарнамасын немесе олардың жиналатын жерлеріне шақыратын адамдарды көре алмайсыз. Олардың «жарнамасы» – ұзынқұлақ. Ұйымның негізгі мақсаты – аты айтып тұрғандай, бабаларымыздың жолын қайта жаңарту, яғни ислам дінін жандандыру. Ол үшін біз әрқашан дәретпен жүріп, қыздар басына орамал тағуы тиіс, тағысын тағылар. Қандай өзгешелігі, онда тұрған не бар дейсіз ғой? Бізді бұл жолда ата-бабаларымыздың аруақтары қолдап, желеп-жебеп отырады екен. Ол аруақтардың ішінде бұрынғының батырларынан бастап, кейінгі уақытқа дейінгі қазақтың атақты ұлдары бар. «Ата жолындағылардың» кейбіреулері емдеумен, басқа біреулері көріпкелдікпен айналы-сады. Олардың айтуынша, бұл оларға ата-бабалардың қолдауымен берілген қасиет. Әрине, ем алсаңыз да, көріпкелдікке жүгінсеңіз де ақша төлеуіңізге тура келеді, ал олардың белгіленген бір тұрақты бағасы жоқ. Әркім мүмкіндігіне қарай ақша береді. Бірақ, «көп түкірсе көл дегендей»...Ұйым аруақтар жатқан қабырлердің басына бару керек дейді. Осы мақсатпен олар Түркістанға, Оңтүстік өңірлердегі қабырлерге зиярат ұйымдастырады. Осыны істесе, аруақтар бізге батасын беріп, тура жолға «түсіреді» екен. Мұның бәрі ақылы. Мұндай сапарға кем дегенде 25 мың теңге қажет. Ал жолда қайғылы оқиғалар да болып тұрады. Мәселен, Шымкент маңындағы Ақсукент жанында болған жол апаты. Өкініштісі, зияратшылардың қауыпсіздігіне ешкім жауапты емес.  
Менің «Ата жолмен» танысуым алғаш рет бұдан екі жылдай бұрын болған еді. Дәлірек айтсам, сол ұйымға мүше бір қызбен әңгімемнен кейін осындай жолдың барын білдім. Ислам жөнінде әңгіме қозғағанда, ол меннен «Сіз, сұңқарсыз ба?» деп сұрады. Мен анда-санда мешітке барып тұрушы едім, әрі осы тақырыптағы мақалалар мен кітаптар оқитынмын. Бірақ, исламдағы «сұңқарлар» туралы естімеппін. Ол «аққу» екен. Танысымнан бұл не деп сұрасам, оның «Ата жолдан» алған дәрежесі екен. Ұйымның өз «сарбаздары», «Ақ ұл әулиелері», «Ақ қыз әулиелері» бар екен. Бір қызығы, танысым жоғарыда айтылғандарды ислам дініндегі ұғымдар деп біледі. Оған батырлардың аруақтары «аян береді» екен. Алдымда қауып-қатер, өзгерістер күтіп тұрса, батырлар аруақтары мені сақтандырып, белгі береді дейді ол. Егер де сіз олардың жиналатын жерлеріне бара қалсаңыз, кіретін жеріңізде Құран тұрады, аяттар жазылған таспа тыңдап отырасыз. Осы Құран аяттары оқылып жатқан жерде емдеу мен көріпкелдік басталады. Әлдебір ер адам немесе әйел сіздің бетіңізге қарап тұрып немесе қолыңыздан, не иығыңыздан ұстап тұрып, сіздің болашағыңыз, мінез-құлқыңыз туралы айтып береді. Сонда бұл қандай ислам?
Қазақ халқының санасында қалыптасқан дәстүрлі исламға жат болса да, ата-баба аруақтарына сыйыну, олардан көмек күту бар екені жасырын емес. Бірақ, қабірлердің басына жаппай баруға шақырған, олардың ұрпақтарына ерекше қасиет – емдеу, көріпкелдік сыйлайтыныны жайлы айтылған сөздерді қазақтың қай ақыны, қай батыры айтыпты?! «Ата жолындағылардың» көріпкелдік етуі, ислам дінінде пайғамбарларға ғана келетін аяндардың кез келген адамда болуы дінімізге жат екені бүгінде көпшілікке белгілі. Бұл ұйым егер зияратқа бармасаңыз, жамандыққа ұшырауыңыз мүмкін немесе жақындарыңыз қайғыға душар болады дейді. Бұл не? Осы айтылғандарды ой безбеніне салып, мен мынадай бір қорытындыға келдім: бұл – халқымыздың санасында қалыптасқан ұғымдарды немесе үрей тудыру арқылы пайда көру. Қазір «желілік маркетинг» дегеннің халық арасында өріс алып кеткені белгілі. Себебі, олардың «сарбаздары» ұйымға жаңадан адамдар іздеумен айналысады. Осылайша жоғарыда айтылғандар бойынша дәрежеңіз өсе береді. Олардың «бизнесін» көріп, еріксіз Р.Хаббардтың «Миллионер болғың келсе, жаңа дін ойлап тап» деген сөзі еске түседі.
Бұл ұйымды еліміздегі ешбір мұсылман бірлестіктерінің мойындамайтынын білеміз. Айта кететіні, олар діни бірлестік сияқты емес, қоғамдық ұйым сияқты тіркелген. Неліктен қоғамдық ұйым діни мәселелермен айналысады?
Сонымен біз «Ата жол» туралы не білеміз? Білгеніміз: олар аталар жолымен емес, бүйректен сирақ шығарып, басқа жолмен кеткені.
Жасұлан АБДРАМАНОВ,
Мемлекет тарихы институтының ғылыми қызметкері.

Категориясы: Өзекті мәселе.... | Көрілді: 1196 | Ендірген: salemkaz | Рейтингі: 3.3/3 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 1
05.Қаңтар.2011
1. кайрат
курметти жасулан мырза! бул уйым сиз айткандай ешбир динге ,сектага да жатпайды.жане айтарым бул ещкандай желилик маркетинг те емес.мен сиякты бул уйым туралы узак зерттеген адам да жок шыгар.озим олардын белсенди мушесине де жатпаймын.халык кашан да сын такыш,ари маселенин ман-жайына бармастан куйе жакканга кумар емес пе,сиз де сондайлардын катарынан болганыныз гой демек.бул жол жайында айтар ангиме оте узак ари кен колемде.оны 1-2 ауыз созбен тусиндире алмайсын.жалпы елге айтарым,Ата -жолынан уркудин кажети жок,одан казагымызга келетин ешбир кауып-катер жок.урпагымызга,болашак елимиздин тыныштыгына зор катерлер -диншилсымак уакаббистер мен исламнын атын жамылган дини секталардан болатынын билгенимиз абзал!АЛЛА лайым баримизге сабырлык пен имандылык берсин,ата-бабамыз жолынан тайдыра кормесин деп тилейик!

[пікірдің сілтемесі]

Есімі*:
Email-ы:
WWW:
Сақтық коды *:


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2010 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде сілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


Создать сайт бесплатно
жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Қазан 2009  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар: bola80, erkintursynbek, Manas_mumin

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: Manas_mumin

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 3565
Осы ай ішінде: 22
Осы апта ішінде: 8
Кеше: 2
Бүгін: 1