[11.10.2009.] Өскеменде қаладағы алтыншы мешіт құрылысы басталды - 11 Октября 2009 - Дінисламға қош келдіңіз
Дүйсенбі, 21.Мамыр.2012, 00:57
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  Намаз адамды жалықтыра ма?
•  Ұлықбек Алиакбарұлы: "Жаңа заманға сай жаңа медианы меңгерген имам керек"
•  ОРАМАЛ ТАРТҚАН – ЕРСI, АЛ КIНДIК АШҚАН ШЕ?
•  Азия парктен жік шықты, екі құлағы тік шықты
•  Сапар айы (Сафар айы)
•  Шіркеу қазақша сөйлей бастады. Бұл нені аңғартады?
•  Фиқһ әл-ғибадат
•  Желтоқсан – жанымның жарасы
сауалнама
"АСЫЛ АРНА" телеарнасын қайдан көресіз?
Жауап берілді: 684
 

Негізгі бет » 2009 » Қазан » 11 » [11.10.2009.] Өскеменде қаладағы алтыншы мешіт құрылысы басталды


[11.10.2009.] Өскеменде қаладағы алтыншы мешіт құрылысы басталды
03:35
Өскеменде облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қаладағы алтыншы мешіттің іргетасының салтанатпен салыну рәсімен қатысты. Іргетасты қалау рәсімінде сөйлеген сөзінде Б. Сарапбаев «қазақстандықтардың таңдаған жолы – толеранттық жолы» екенін атап өтті. 
ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлағанындай, бүгіндері жұмыс істеп тұрған төрт мешіт барлық мұсылмандарды сиғыза алмай жатыр. Көбі, әсіресе діни мерекелер кезінде, намазын мешіт ауласында оқуына тура келеді. Осы себепті Ертістің сол жағалауындағы экологиялық таза жерден 1,5 мың адам сиятын жаңа мешіт құрылысына 3,5 га учаске жер берілді. Жоба бойынша мешітте әйелдер мен ерлер намаз оқитын бөлмелер, 60 шәкірттік медресе мен 500 адамдық рәсми ас берілетін зал қарастырылған. Мешітті биіктігі 63 метрлік төрт мұнара мен 40 метрлік күмбез көркейтіп тұрмақ. Құрылыстың жалпы құны 1,5 млрд теңге. 
Жаңа мешіт құрылысы тек садақыға жиналған қаражат пен құрылыс материалдарымен көрсетілген көмек есебінен жүргізіледі. «Жұмысқа қазірдің өзінде 8 млн-нан артық қаржы түсті», - дейді әкімдіктен. 
Ал, 2007 жылы ШҚО облыс орталығында бесінші зәулім мешіттің құрылысы Ертістің сол жағалауында, сол кездегі облыс әкімі Жәнібек Кәрібжанов пен Өскеменнің экс-басшысы Шәкәрім Бүктугітовтердің салтанатты қатысуымен басталған болатын. Бірақ біраз уақыт өткен соң мешіт құрылысы тоқтап қалды. Бүгіндері қаланың зәулім мешіті болады деп айтылған сол нысан құрылысы әлі тоқтап тұр. 
Өскемен. ҚазТАГ. 
Категориясы: Еліміздің соңғы жаңалықтары | Көрілді: 752 | Ендірген: Dinislam_Kz | Рейтингі: 0.0/0 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 0


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2012 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


Создать сайт бесплатно
жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Қазан 2009  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар:

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: bbakhov

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 3619
Осы ай ішінде: 11
Осы апта ішінде: 3
Кеше: 2
Бүгін: 0