[11.12.2010.] Ислам конференциясы ұйымы Бас хатшысының орынбасары А.Бухари «Нұр Астана» мешітінде болды - 11 Декабря 2010 - Дінисламға қош келдіңіз
Дүйсенбі, 21.Мамыр.2012, 00:58
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  Намаз адамды жалықтыра ма?
•  Ұлықбек Алиакбарұлы: "Жаңа заманға сай жаңа медианы меңгерген имам керек"
•  ОРАМАЛ ТАРТҚАН – ЕРСI, АЛ КIНДIК АШҚАН ШЕ?
•  Азия парктен жік шықты, екі құлағы тік шықты
•  Сапар айы (Сафар айы)
•  Шіркеу қазақша сөйлей бастады. Бұл нені аңғартады?
•  Фиқһ әл-ғибадат
•  Желтоқсан – жанымның жарасы
сауалнама
Намаз оқуыңа не кедергі?
Жауап берілді: 977
 

Негізгі бет » 2010 » Желтоқсан » 11 » [11.12.2010.] Ислам конференциясы ұйымы Бас хатшысының орынбасары А.Бухари «Нұр Астана» мешітінде болды


[11.12.2010.] Ислам конференциясы ұйымы Бас хатшысының орынбасары А.Бухари «Нұр Астана» мешітінде болды
17:40
Кеше, қасиетті жұма күні Ислам конференциясы ұйымы Бас хатшысының орынбасары Абдул Моиз Бухари «Нұр Астана» орталық мешітінде болып, елордалық жамағатпен бірге жұма намазын оқыды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында мешітің наиб-имамы Төлеби Оспан айтты. Қазақстанның Ислам конференциясы ұйымына төрағалығы қарсаңында өткізіліп отырған алғашқы халықаралық форумға қатысуға арнайы келген мәртебелі мейманға мешіттің наиб-имамдары Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының қызметі мен еліміздегі діни конфессиялардың бейбіт өмірі туралы баяндап берді. Өз кезегінде А.Бухари: «Қазақстан Ислам конференциясы ұйымының белді мүшесі. Қазақстанның мұсылман әлемімен байланысының тарихы тереңде жатыр. Сондықтан ислам өркениетіндегі мәселелермен жақсы таныс. Сол себепті де ИКҰ-ға төрағалығы барысында біраз мәселелені шешуге атсалысады деген сенімдеміз» деп атап өтті. Т.Оспанның айтуынша, кешегі қасиетті жұмада Астананың бас мешітіне сондай-ақ, Әзербайжанның Қазақстандағы Елшісі Закир Гашимов арнайы бас сұғып, Әзербайжан мемлекетінің бұрынғы Президенті марқұм Гейдар Әлиевтің рухына құран бағыштау өтінішін білдірген. Мәртебелі мейманның өтініші орындалып, 12 желтоқсан күні бақилық болған Г.Әлиевтің рухына Астана мұсылмандары Алланың рақымы мен мейірімін, екі ел арасындағы қарым-қатынастың одан әрі нығаюын және ондағы мұсылмандарға барша жақсылықты тіледі. Елші З.Гашимов осы күні 4 қой сойып, садақа жасады, келуші жамағатқа арнап дастархан жайды. ҚазАқпарат.
Категориясы: Қазақстан және ИКҰ (ОИК) | Көрілді: 410 | Ендірген: Dinislam_Kz | Рейтингі: 0.0/0 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 0


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2012 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


Создать сайт бесплатно
жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Желтоқсан 2010  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар:

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: bbakhov

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 3619
Осы ай ішінде: 11
Осы апта ішінде: 3
Кеше: 2
Бүгін: 0