[12.10.2009.] Мысырдың Әл-Азхар университетінде қыздардың бетін жабуға тыйым салды
06:21
Мысырлық рухани Әл-Азхар университетінде оқитын қыздардың бетін жабуға тыйым салды. "Пресс ТВ"-дің мәлімдеуінше, Каирдің Әл-Азхар университетінде қыздардың бет пердесін пайдалануға тыйым салыну мысырлық рухани Мұхаммад Сайид Тантауи (суретт): "Исламда бетті жабу және бет перде пайдалану заңы жоқ,"- деп айтқанынан кейін жарияланды. Ол: "Мысырлық мұсылман қыздардың арасында дінді дұрыс түсіну және сенімділікті арттыру мақсатымен бұл шешім қабылданды,"- деп қуаттады. Кейбір мысырлық ғалымдардың сенімінше, бетті жабу Исламнан бұрынғы кезеңдегі кейбір араб халықтары арасында таралған әдеп-ғұрыптардың бірі, ал Исламда бетті жабатын заң қарастырылмаған.
Мысыр Еуропаланып бара ма, қалай? Тантауидың мұнысына жол болсын! Бетті бүркеу шариғатқа қайшы іс емес қой. "Әйел адам - әурет" деген хадис бар. Кейбір дін ғұламалары әйелдің беті былай тұрсын дауысын да әуретке жатқызады. Дінін сақтап қалғысы келгендер бұған жол бермеуі тиіс!
Бұл өте дұрыс шешім. қазіргі кезеңде иманның күштілігінен деп беттерін мүлдем жауып алатын қарындастарымыз көп болмасада кедеседі. Иманның күштілігі ол дінді сол қалпында ұстауда. Қасиетті құранның "Бұркеншектерін бүркенсін" деген аят түскенде бұл аятқа тәфсір жасаған тәфсіршілердің абзалы Пайғамбарымыз с.ғ.с. өзіне ишара қылып "беті" деп жүзіне дөңгелетіп көрсетсе. "Қолы" деп білезіктің тұсына, "аяғы" деп тобықтың төменгі бөлігін көрсеткен. Ислам тарихшыларының өзі: "сахабалардың бибілері хиджапты бәрі бір адамша жүздеріне дөңгелетіп тартатын" деген сөздерді де хиджаптың үкімін нақтылай түседі. Иманым күшті екен деп дінде жоқ бидғатты шығаруға болмайды!!! Егер бұл бидғат болмаса хиджапты мүлдем қымтанып киуге қандай дәлел бар? Мұхаммад Сайид Тантауиге
Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.