[12.10.2009.] Жаңа мешіттің іргетасы қаланды - 12 Октября 2009 - Дінисламға қош келдіңіз
Дүйсенбі, 21.Мамыр.2012, 01:02
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  Намаз адамды жалықтыра ма?
•  Ұлықбек Алиакбарұлы: "Жаңа заманға сай жаңа медианы меңгерген имам керек"
•  ОРАМАЛ ТАРТҚАН – ЕРСI, АЛ КIНДIК АШҚАН ШЕ?
•  Азия парктен жік шықты, екі құлағы тік шықты
•  Сапар айы (Сафар айы)
•  Шіркеу қазақша сөйлей бастады. Бұл нені аңғартады?
•  Фиқһ әл-ғибадат
•  Желтоқсан – жанымның жарасы
сауалнама
Имамдар жұмыстарын қаншалықты жақсы атқарады?
Жауап берілді: 799
 

Негізгі бет » 2009 » Қазан » 12 » [12.10.2009.] Жаңа мешіттің іргетасы қаланды


[12.10.2009.] Жаңа мешіттің іргетасы қаланды
08:41
Өскемендіктер енді Ертіс өзенінің сол жағалауында 1500 адамға арналған мешіт құрылысын қолға алмақ. Кеше облыс әкімі Б.Сапарбаевтың қатысуымен осы құрылыстың алғашқы іргетасы қаланды.
Мешіт құрылысының ашылу салтанатында сөз алған облыс басшысы Б.Сапарбаев облыс орталығы Өскеменде төрт мешіт бар екенін, бірақ бүгінде ислам дінінің қарқынды дамып, қанат жаюына байланысты бұлардың аздық етіп отырғанын тілге тиек ете келе, ел ағаларының үлкен мешіт салу туралы ұсынысын қала басшылығының қабыл алып, 3,5 гектар жер бөлгенін айтты. Бердібек Мәшбекұлының айтуынша, қасиетті Ертіс өзенінің жағасында бой көтеретін бұл мешіттің көлемі 36х48 болып, 1500 орынға арналып салынады. Мешітте ерлерге, әйелдерге арналған залдар мен 60 бала оқитын медресе, 500 кісілік қатымхана болады деп жоспарлануда.
– Мешіттің төрт мұнарасының биіктігі пайғамбардың жасына сәйкес 63 метр болса, ал күмбезінің биіктігі 40 метр болмақ. Неге 40 десеңіздер, мұнда да мән бар. Өздеріңіз білесіздер, Пайғамбарымызға Алла тағала пайғамбарлықты қырық жасында берген, – деді облыс әкімі Б.Сапарбаев.
Мешіттің бас мердігері «Стройэффект» ЖШС болып табылады. Жердегі құдай үйі халықтан жиналған қаржыға бой көтермек. Қазірдің өзінде «мешіт құрылысына» деп ақша аударып жатқан азаматтар жетерлік екен. Мысалы, қаладағы «Земстрой» ЖШС 9 млн теңге аударып отырса, Бұқтырма цемент зауыты құрылыс жұмысына қажетті цементтің барлығын тегін бермек көрінеді. «Титан» ЖШС директоры Н.Кузмин де аянып қалмайтынын, қол ұшын созатынын жеткізді. Сондай-ақ азғана зейнетақысынан ақша аударып жатқан қарт адамдардың қатары да көп. Мысалы, Өскемендегі «Жібек маталар комбинаты» ықшамауданының ақсақалдары жиналып мешіт құрылысына 37 мың теңге аударыпты.
– Неше жылдан бері жүрегімізде мұз болып қатқан ауыр сезімді оңтүстіктің жылы лебімен ерітіп, бойымызға имандылық дәнін егіп жүрген Бердібек пен Ислам бауырларымызға мың да бір рақмет айтқым келеді, – деді осы жиында ақсақалдар атынан сөз алған зейнеткер Шәріпхан Тоқтағұлов.
Мешіт құрлысы келесі ораза айына дейін бітеді деп жоспарлануда.Мейрамтай ИМАНҒАЛИ, Өскемен. Ақпарат көзі..

Категориясы: Еліміздің соңғы жаңалықтары | Көрілді: 752 | Ендірген: Dinislam_Kz | Рейтингі: 0.0/0 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 0


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2012 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


Создать сайт бесплатно
жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Қазан 2009  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар:

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: bbakhov

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 3619
Осы ай ішінде: 11
Осы апта ішінде: 3
Кеше: 2
Бүгін: 0