[12.12.2010.] Ашура күні - 12 Декабря 2010 - Дінисламға қош келдіңіз
Дүйсенбі, 21.Мамыр.2012, 01:04
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  Намаз адамды жалықтыра ма?
•  Ұлықбек Алиакбарұлы: "Жаңа заманға сай жаңа медианы меңгерген имам керек"
•  ОРАМАЛ ТАРТҚАН – ЕРСI, АЛ КIНДIК АШҚАН ШЕ?
•  Азия парктен жік шықты, екі құлағы тік шықты
•  Сапар айы (Сафар айы)
•  Шіркеу қазақша сөйлей бастады. Бұл нені аңғартады?
•  Фиқһ әл-ғибадат
•  Желтоқсан – жанымның жарасы
сауалнама
"АСЫЛ АРНА" телеарнасын қайдан көресіз?
Жауап берілді: 684
 

Негізгі бет » 2010 » Желтоқсан » 12 » [12.12.2010.] Ашура күні


[12.12.2010.] Ашура күні
17:10
Мухаррам айы мен осы айдағы Ашура күні дінімізде қала берді діндер тарихында ерекше орынға ие. Ашура күні – Мухаррам айының оныншы күні. Бұл күн биыл желтоқсан айының 16-жұлдызына сәйкес келеді. Хадис кітаптарында бұл күннің Ашура деп аталуының сыры осы күні Аллаһ Тағала он пайғамбарға он түрлі сый бергендігінің нәтижесі екендігі айтылады. Олар: 
1.Мұса (а.с.) пайғамбардың мұғжизасы. Ол осы күні теңізді жарып шығып, Ферғаунды әскерімен қоса теңізге батырады.
2.Нух (а.с.) пайғамбар кемесін Жуди тауының үстіне осы күні тіреген.
3.Юнус (а.с.) пайғамбар балық ішінен осы күні құтылған.
4.Адам (а.с.) пайғамбардың тәубесі осы күні қабыл болған.
5.Юсуф (а.с.) пайғамбар бауырлары тастаған құдықтан осы күні шығарылған.
6.Иса (а.с.) пайғамбар осы күні дүниеге келген және осы күні көкке көтерілген.
7.Дәуіт (а.с.) пайғамбардың тәубесі осы күні қабыл болған.
8.Ибраһим (а.с.) пайғамбардың ұлы Исмаил (а.с.) пайғамбар осы күні дүниеге келген.
9.Якуб (а.с.) пайғамбар ұлы Юсуф (а.с.) үшін қайғырып соқыр болған көздері осы күні қайта көре бастаған.
10.Айюб (а.с.) пайғамбар науқасынан осы күні айыққан. (Сахих Муслим түсініктемесі 6: 140)
Осындай маңызды оқиғалар орын тепкен Ашура күні мұсылмандар арасында да Пайғамбарымыздың (с.а.у.) дәуірінен бері жалғасын тауып келеді. Мухаррам айы мен Ашура күні тіпті яһудилер мен христиандар тарапынан да қасиетті деп саналған күн болатын. Пайғамбарымыз (с.а.у.) Мәдинаға һижра жасаған уақытта сол жердегі яһудилердің ораза ұстағандарын көреді. Сосын оның себебін сұрағанда, олар: «Бүгін Аллаһтың Мұсаны дұшпандарынан құтқарып, Ферғаунды суға батырған күні. Мұса бұл күні шүкірлік ретінде ораза ұстаған», - деп жауап береді. Сонда Расулуллаһ (с.а.у.) : «Мұсаның сүннетін орындауға сіздерден гөрі біз лайықтымыз әрі құқылымыз» - деп, сол күні ораза тұтып, оны өзгелерге де ұстауды әмір етеді. (Ибн Мәжә, Сиям:31)
Ашура күні тек яһудилер мен христиандарда ғана емес, Нұх (а.с.) пайғамбардан бері қасиетті деп саналған. Тіпті Исламнан бұрын жаһилия дәуірінде, яғни арабтар арасында Ибраһим (а.с.) пайғамбардан бері қасиет тұтылып, ораза ұстаған көрінеді. Бұл жөнінде Айша р.а. анамыз былай дейді : «Ашура жәһилия дәуірінде Құрайш тайпасы арасында ораза ұстаған күн болатын. Пайғамбарымыз да осыған сәйкес әрекет ететін-ді. Мәдинаға һижра жасағаннан кейін де бұл оразаны жалғастырды және басқаларға да әмір етті. Рамазан оразасы парыз етілгеннен кейін ғана Ашура күнгі оразаны тастады. Бұдан кейін мұсылмандардың қалағаны ұстап, қаламағаны ораза ұстамады». (Бухари, Саум: 69) Басқа бір риуаятта : «...Қалаған кісі ұстасын, қаламаған ұстамаса да болады» - дегендігі айтылған. (Муслим, Сиям: 117) Осының нәтижесінде Ашура күнгі ораза сүннет ораза ретінде қалды.
Ашура күнгі оразаның артықшылығы Рамазан айындағы оразадан кейін тұрады. Бұған байланысты бір кісі Пайғамбарымыздан (с.а.у.) : «Рамазаннан кейін қай кезде ораза ұстауыма насихат етесіз» - деп сұрағанында, Пайғамбарымыз (с.а.у.) : «Мухаррам айында ораза ұста, өйткені ол Аллаһтың айы. Онда сондай бір күн бар, Аллаһ сол күні бір қауымның тәубасын қабыл еткен және сол күні басқа бір қауымға да кешірім етеді» - деген. (Тирмизи, Саум: 40) Тирмизи келтірген тағы бір хадисте Пайғамбарымыз (с.а.у.) : «Ашура күні ұсталған оразаның Аллаһ алдында сол күннен бұрынғы бір жылдың күнәларына кәфәрат болатындығына үлкен үміт артамын» - деген. Тағы бір хадисінде: «Рамазан айынан кейінгі ең абзал ораза – Аллаһтың айы болған Мухаррам айында ұсталған ораза» (Ибн Мажә, Сиям:43) - деп, бұл күні ұсталған оразаның артықшылығын білдірген. Сондықтан Пайғамбарымыздың (с.а.у.) сүннетіне сай Ашура оразасын ұстап, оның сауабына жетуді Аллаһ баршамызға нәсіп етсін.
Сондай-ақ Пайғамбарымыз (с.а.у.) Ашура оразасын ұстағанда яһудилерге ұқсамау үшін Ашурадан бір күн бұрын не бір күн кейін қоса ораза ұстауды насихат еткен. Бұл күні оразадан басқа да қайырлы, сауапты істерді істеген абзал болады. Әсіресе, мүмин кісі өзінің отбасы мүшелеріне осы Ашура күні көбірек сый-сыяпат жасауы қажет. Пайғамбарымыз (с.а.у.) хадисінде : «Кім Ашура күні жанұясы мен үй ішіне сый-сыяпат жасаса, Аллаһ Тағала жыл бойы оның рызығына берекет пен кеңшілік нәсіп етеді» - деген. Бұл күні жанұя мүшелерімен қатар туған-туыстарын, дос-жарандары мен жетімдерді және көрші-қолаңды да ұмытпаған жөн.
Сондықтан осы күннің қадір-қасиетін біліп, шамамыз келгенше жақсылық жасауға тырысайық. Осы күннің септігімен Аллаһ Тағала жыл бойы үй-ішіміздің береке ырысын арттырып, бір-бірімізге деген сүйіспеншілігімізді нығайтсын!
Мукарам Зунинқызы. "Рахмет Самалынан"
Категориясы: Уағыз-насихат бөлімі | Көрілді: 465 | Ендірген: Dinislam_Kz | Рейтингі: 0.0/0 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 0


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2012 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


Создать сайт бесплатно
жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Желтоқсан 2010  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар:

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: bbakhov

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 3619
Осы ай ішінде: 11
Осы апта ішінде: 3
Кеше: 2
Бүгін: 0