[13.11.2010.] Құрбан айт қарсаңында мешіт маңына жасыл желек отырғызылды
03:41
Мұсылманның ең үлкен мерекесі – Құрбан айт қарсаңында Ақтөбедегі «Нұр ғасыр» мешіті маңына жас көшеттер отырғызылды. Шараға өңірдегі түрлі ұлт пен ұлыс, өзге діннің де өкілдері атсалысқан. Қысы-жазы түсін жоғалтпайтын шырша саны қасиетті Құрандағы сүре санымен сәйкес – 114. «Бір тал кессең, он тал ек» деген бар. Бұл үрдіс төл дініміз Исламнан бастау алады. Пайғамбарымыз Мұхаммед с.ғ.с ағаш егудің маңызын ерекше атап өткен. Ор бойының шыршасын әкеліп шаһарды көгалдандыруға қаржылай қолдау көрсеткен – жергілікті кәсіпкерлер. Қала халқы, үлкен-кіші – бәрі шығып, мешіт маңын саябаққа айналдыруға үлес қосты.
Бауыржан Есмахан, Ақтөбе облысының бас имамы: Мешіт жанында осындай адамзатқа, халыққа, табиғатқа пайдасы тиетін ағашты сәби, балалармен бірге отырғызудың өзі ерекше. Болашақта олардың есінде қалады. Осындай елге пайдалы іспен айналысудың әрдайым қажет нәрсе екенін, сауап іс екенін есінде сақтайды. Тәрбиелік маңызы бар деп ойлаймын. http://kaztrk.kz/news/society/newsdetial.php?ELEMENT_ID=45270
Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.