РАМАЗАН - САУАБЫ ЖАРАТҚАННЫҢ ҚҰЗЫРЫНДА ӨЛШЕНЕТІН, РАХЫМ МЕН МЕЙІРІМГЕ ТОЛЫ ҚАСИЕТТІ АЙ...
Рамазан – сауабы Жаратқанның құзырында ғана өлшенетін,
рахым мен мейірімге толы қасиетті ай – Қалижан қажы
АСТАНА. Қыркүйектің 1-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін, қыркүйектің 1-і - бүкіл мұсылман жұртшылығы үшін қасиетті, ислам дінінің мүбәрәк айы Рамазан келіп, мұсылмандықтың басты шарттарының бірі - ораза тұту басталды. Рамазан /Рамадан/ - мұсылмандардың ай есебі бойынша тоғызыншы ай. ... Жалғасын оқу »
“Кiм Рамазан оразасын ұстап, кейiн Шәуәл айынан алты күндi қосып жiберсе, ол бiр жыл бойы ораза ұстағандай болады.” Хадистi Әбу АйЮбтан (р.л.ғ.) Имам Муслим риуаят еттi.
“Кiм Рамазан оразасын ұстап, кейiн Шәуәл айынан алты күндi қосып жiберсе, ол бiр жыл бойы ораза ұстағандай болады.” Хадистi Әбу АйЮбтан (р.л.ғ.) Имам Муслим риуаят еттi.
Аллаһ Тағала айтады: «Рамазан айы сондай бір ай, ол айда адам баласына тура жол және (ақ пен қараны) айыратын дәлел түрінде Құран түсірілді…» (Бақара, 185) Пайғамбарымыз (сас), оның сахабалары және оларға ілесушілер Рамадан айындағы түндерді Құран оқып, оның мағынасына үңілумен өткізуге тырысқан. Сондықтан біздер де осы Қ... Жалғасын оқу »
31.08.08. Кеше Пайғамбарымыз Мухаммадтың с.а.с. отаны қасиетті Рамазан айының 1-ші қыркүйек күні басталатындығын хабарлады. (IslamNews). Құрметті мұсылман қауым, сіздерді "Имам" сайтының әкімшілігі Рамазан айының кіріп келуімен құттықтайды.
БҮГІН ЖҰМА АҒАЙЫН!!! Жұма намазына барып жүрмiз бе?
Жұма намазына барып жүрмiз бе?
Әрбiр мұсылман жұма күнiнiң фазилетi мен ерекшелiгiн бiлiп, сезiнгенi дұрыс. Жұма күнi – күндердiң абзалы әрi мұсылмандардың мейрамы болып есептелiнедi. Сонымен қатар, бұл күнi жұма намазы оқылады. Егер мұсылман бұл күндi және жұма намазды қадiрлеп, әдептерiн ұстанса, Аллаһ оның сауабын арттырып, күнәларын кешiредi. Бұл күнде бiр сәт бар.
Қазіргі диетологтар
ауыз бекітуді ұзақ немесе қысқа мерзімге тағам мен сусыннан (немесе тек
қана тамақтан) толық немесе жартылай бас тарту деп түсіндіреді. Мұндай
ашығу ұғымының мұсылманның ауыз бекітуінен жер мен көктей айырмашылығы
болса да, екеуінің орны ерікті әлде еріксіз түрде алмасып кеткен. ... Жалғасын оқу »