[15.10.2009.] Алматыдағы жоғарғы оқу орнының басшылығы ұстаздың намаз оқуына шектеу қоюда - 15 Октября 2009 - Дінисламға қош келдіңіз
Дүйсенбі, 21.Мамыр.2012, 01:12
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  Намаз адамды жалықтыра ма?
•  Ұлықбек Алиакбарұлы: "Жаңа заманға сай жаңа медианы меңгерген имам керек"
•  ОРАМАЛ ТАРТҚАН – ЕРСI, АЛ КIНДIК АШҚАН ШЕ?
•  Азия парктен жік шықты, екі құлағы тік шықты
•  Сапар айы (Сафар айы)
•  Шіркеу қазақша сөйлей бастады. Бұл нені аңғартады?
•  Фиқһ әл-ғибадат
•  Желтоқсан – жанымның жарасы
сауалнама
Намаз оқуыңа не кедергі?
Жауап берілді: 977
 

Негізгі бет » 2009 » Қазан » 15 » [15.10.2009.] Алматыдағы жоғарғы оқу орнының басшылығы ұстаздың намаз оқуына шектеу қоюда


[15.10.2009.] Алматыдағы жоғарғы оқу орнының басшылығы ұстаздың намаз оқуына шектеу қоюда
18:00
nullНамаз оқуға тыйым салды. Алматыдағы бір жоғары оқу орнының басшылығы оқытушының намаз оқуына шектеу қоюда. Ұстаз Жандос Зиявдинов құдайға сабақта емес, үзіліс кезінде құлшылық етем дейді. Оқу ордасының басшылығы, сондай-ақ, оқытушыны студенттерді дінге үгіттейді деп айыптап, қарсылық білдіруде. 
Жандос Зиявдинов бір аптадан бері колледж мұғалімі санатында жоқ. Ол өз еркімен жұмыстан кету туралы арыз жазған. Қазір бұрынғы оқытушы әділеттілік іздеп, құзырлы органдардың табалдырығын тоздырып жүр. 
Жандос Зиявдинов, Алматы технологиялық университетіне қарасты технология-экономикалық колледжінің мұғалімі: 
-Мен 5-10 минут үзіліс уақытында оқып үлгеріп, сабағыма қайта кіре алам. Ал менің үзіліс уақытында намаз оқуыма шектеу қою ол кісілердің менің құқығымды, діни-наным сеніміме аяқ басушылық деп түсінемін. 
Оқу орнының басшылығы болса, мұсылмандық парызын өтеп жүрген азаматты ұжым әрі студенттер арасында іріткі салып жүр деп айыптайды. 
Гүлшат Увақасова, Алматы технологиялық университетіне қарасты технология-экономикалық колледжінің директоры: 
-Біздің колледждің мұғалімі Зиявдинов Жандос Жұманұлы сабақ кезінде оқушыларға намаз оқуға бас иіткізген. Оған оқушылардан түскен мәлімет бар. Және біздің диспетчердің жазған сабақ уақытында, сабақ өткізбей, намаз оқытқызғанын растайтын куәгерлер бар. 
Жандос Зиявдинов, Алматы технологиялық университетіне қарасты технология-экономикалық колледжінің мұғалімі: 
- Мен студенттерге “оқыңдар, оқымасаңдар не болады” деп айтқан жоқпын. Сосын әріптестерім сектант депті. Менің ешқандай сектант емес екенімді діни басқарманың кісілері де дәлелдеп бере алады. 
Негізі колледж ішінде намазға жығылған 89 студент бар екен. Оларға, әсіресе қыздарға хиджап киюге де тыйым салынбаған. Бірақ университет қабырғасында намаз оқуға шектеу қойылыпты. Сондықтан студентер құдайға мінәжат ету үшін жатақханаларына немесе мешітке барады. 
Ұлан Болатбаев, Алматы технология-экономикалық колледжінің студенті: 
- Кейде жолда тұрып, кешігіп қаласың, әрине намазхана болса бәрімізге жақсы болар еді. 
Қалтай Батхалдин, Алматы технологиялық университетінің тәрбие ісі жөніндегі проректоры: 
-Намаз оқимын десең, айналып кетейін ешқандай әңгіме жоқ. Рұқсат, оқы, бірақ сабақ уақытында емес, оқу ордасында емес, жатақханада оқимын десең оқы, оған ешкімнің қарсылығы жоқ. 

Жандос Зиявдиновтың әріптестері- “оның жанжал шығаруының басқа да себептері бар” ,-дейді. 
Сәрсебай Орманов, Алматы технологиялық университетіне қарасты технология-экономикалық колледжі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары: 
-Қазір бұл кісінің бұл мәселені көтеріп тұрған себебі: мына оқу жылынан бері бүгінге дейін бірде-бір әдістемелік құжаттарын, сабаққа қажетті құжаттарын көрсетпегендігінен. 

Технология-экономикалық колледжінің мұғалімі Жандос бүгінде Алматы қаласының прокурорының атына арыз жазды. Ол оқу орнының арасындағы түсініспеушіліктерді шешу үшін арнайы сот қорғаушысын жалдаған. Бұл мәселенің шешімі прокуратураның тексеруінен кейін белгілі болады. http://kaz.ktk.kz/art/?id=3822

Категориясы: Еліміздің соңғы жаңалықтары | Көрілді: 931 | Ендірген: Dinislam_Kz | Рейтингі: 0.0/0 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 0


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2012 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


Создать сайт бесплатно
жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Қазан 2009  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар:

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: bbakhov

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 3619
Осы ай ішінде: 11
Осы апта ішінде: 3
Кеше: 2
Бүгін: 0