[15.10.2009.] Ақмола облысында конфессияаралық қарым-қатынасты нығайту жайы қарастырылды
17:56
Ақмола облыстық орыс драма театрында рухани бірлік күніне орайластырыла отырып, өңірде конфессияаралық қарым-қатынасты нығайту жайы қарастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Салиқалы басқосуға облыстық және қалалық мәслихаттардың депутаттары, құқық қорғау органдары, облыстық басқармалар мен ведомстволар басшылары, мемлекеттік емес ұйымдар, саяси партиялар, жастар бірлестіктері мен қоғамдық ұйымдар, діни бірлестіктер өкілдері қатысып, қарастырылған мәселелер төңірегінде пікір алмасты. Бүгінде өңірде 200-ден астам діни бірлестіктер мен ұйымдар тіркелген. Ішкі саясат басқармасының ұйытқы болуымен іске асырылған іс-шара аясында мемлекет тұрақтылығының негізгі көзі конфессияаралық келісім, социологиялық сараптамаға орай өңірде діни көзқарастың қалыптасуы, қазіргі кезеңдегі діни экстремизм мен лаңкестіктің қауіптілігі, бірлік пен келісімнің қалыптасуында ислам дінінің рөлі, жалпы білім беретін мектептерде дін сабағының оқытылуы жан-жақты айтылды. Конфессияралық қарым-қатынасты одан әрі дамыту мен соған байланысты ұйымдасқан іс-қимыл танытуға бағытталған жұмыс жоспары айқындалды. КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат.
Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.