[15.10.2009.] Қарулы Күштерге тұрақты дін уағыздаушылары қажет пе? - 15 Октября 2009 - Бала-Бүргемге қош келдіңіз
Жексенбі, 12.Ақпан.2012, 17:47
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  ОРАМАЛ ТАРТҚАН – ЕРСI, АЛ КIНДIК АШҚАН ШЕ?
•  Азия парктен жік шықты, екі құлағы тік шықты
•  Сапар айы (Сафар айы)
•  Шіркеу қазақша сөйлей бастады. Бұл нені аңғартады?
•  Фиқһ әл-ғибадат
•  Желтоқсан – жанымның жарасы
•  ОБЛЫСТАҒЫ БАСТЫ МӘСЕЛЕ - ДІН МАМАНДАРЫНЫҢ ТАПШЫЛЫҒЫ
•  Құрбан айт намазы
сауалнама
Сіз қайсы мазхабты ұстанасыз?
Жауап берілді: 952
 

Негізгі бет » 2009 » Қазан » 15 » [15.10.2009.] Қарулы Күштерге тұрақты дін уағыздаушылары қажет пе?


[15.10.2009.] Қарулы Күштерге тұрақты дін уағыздаушылары қажет пе?
18:04
nullДін – имандылық пен ізгілікке тәрбиелеу құралы. Биылғы жылдан бастап оқушыларымыз мектепте «дінтану» арнаулы пәнін оқи бастады. Кейбір қоғам өкілдері дінді әскерде де насихаттау қажет деп есептейді. Алайда алдымыздан дінді әр салаға енгізе берудің қаншалықты маңызы бар, бұл қоғамның ішінде жік тудырмай ма деген көлденең сауал да шығады. Бұған ел басында жүрген ағаларымыз не дейді екен. Елiмiздiң Қарулы Күштеріне тұрақты дін уағыздаушылары қажет пе?

Амангелді МОМЫШЕВ, ҚР Парламент мәжілісінің депутаты: 
Иә
– Міндетті түрде керек деп ойлаймын. Неге? Дін адамды тек жақсылыққа тәрбиелейді. Аллаға шүкір, қазір жастарымыз жаппай имандылық жолына бет бұрып келеді. Тіпті мешіттерде мектеп оқушыларына дейін сәждеге бас қойып жатады. Оны көргенде жүрегіңе жылу, көңіліңе қуаныш ұялайды. Ал сол жеткіншектер мектеп қабырғасынан шыққаннан кейін әскерге барып, бұрынғы жолын естен шығарады. Бiздiң Қарулы Күштерге дін уағыздаушыларын тарту деген барлық әскерді сапқа тұрғызып намаз оқыту деген сөз емес. Мұны біз дұрыс түсінуіміз керек. Дін өкілдерін тарту арқылы біз әскерлерді имандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеп, оларды елін сүйетін азамат ретінде өсіріп шығарамыз. Яғни әскерде тек ер азамат тәртіп жағынан емес, тәрбие жағынан да мол үлгі алуы керек. Ал ондай азаматтар болашақта ұлтқа шынайы қызмет етеді деп сенемін. Мен сіздерге айтайын, мәселен Ресейдің қарулы күштерінде дін уағыздаушылары, олардың тілімен айтқанда поптар жұмыс істейді.
Олар күнделікті сарбаздарға дін туралы сабақ өткізiп отырады. Менің жаныма бататыны, православ дінін насихаттайтын сабаққа мұсылман балалары, қаракөздеріміз де қатысады. Бұл дұрыс емес. Мен бұл туралы талай рет ашық айтқанмын. Қазақ баласына басқа діннің жолдарын үйренудің қандай қажеттілігі бар. Әр адам қай жерде болсын өз баба дәстүрін, аталарынан келе жатқан дінін ұстануы керек. Барлық өркениетті елдерде осындай түсінік бар. Сондықтан бұл мәселенің басын ашып алатын уақыт жетті. Кейбіреулер егер еліміздің Қарулы Күштеріне тұрақты дін уағыздаушыларын тартсақ, басқа дін өкілдері өз құқын талап етіп шығады деп ойлауы мүмкін. Бұлай олай берсек біз өзгелердің емес, ең алдымен, өзіміздің мақсатымызға жете алмай қалуымыз кәдік. Қазақстан Қарулы Күштерінде әскери міндетін өтеп жатқан ұлдарымыздың дені – қазақтар. Олай болса, неге олардың қасына Ислам діні өкілдерін орналастырмасқа?! Бұл жерде айтып кететін тағы бір мәселе бар. Біз әскерлерге хақ дініміз туралы сабақ үйрету арқылы, басқа ағымдағы азаматтарды өз қатарымызға қосамыз. Бұдан біз ешқашан ұтылмаймыз деп ойлаймын. Мына түрік ұлты өмір бойы соғысып келе жатқан ел ғой. Солар жаугершілік кезінде жауынгерлерге кебін таратады екен. Яғни әскерлер өлгенде, оларды сол жерде кебінге орап көметін болған. Міне, Исламды құрметтейтін елдер дінді соғыс уақытында да насихаттап, оны қатаң ұстаған. Жалпы, Алла жолын жастарымыз ұмытпауы керек. «Дінді уағыздау арқылы әскерімізді насихат орталығына айналдырып алуымыз мүмкін» деген – бос сөз. Менің айтарым – осы.

Әміржан ҚОСАНОВ, саясаткер: 
Жоқ 
– Дәл бүгінгі күні әскерге дін уағыздаушылары аса қажет емес. Біз өзге елде осындай шара қабылданыпты, басқа жұрттар мынандай заң шығарыпты деп алашапқын бола бермеуіміз керек. Егер Ресей, не басқа халықтардың әскерінде тұрақты дін уағыздаушылары жұмыс істесе, ол қажеттіліктен туындаған шешім болуы мүмкін. Ал біздің қоғамда оның қаншалықты пайдасы бар? Құдайға шүкір, ел аман, жұрт тыныш, жастарымыз өсіп-өркендеп, ел абыройын асқақтатып, отанымызды қорғап жатыр. Әрине, ортамызда кейбір жағдайда заң бұзушылықтар болып тұрады. Оған бола «Самарқанды су алыпты» деп жаппай заң қабылдай бермеуіміз қажет. Тәртіпке бағынбайтындар, не болмаса заңға қайшы әрекеттер, адамның, шаруаның күйзелісі кез келген салада орын алады. Ондай олқылықтың орнын толтыру үшін министрліктерден бастап жергілікті жердегі қарапайым сала қызметкерлеріне дейін атсалысуы тиіс. Бұл кезек күттірмейтін мәселенің бірі. Сондай-ақ бұл мәселені шешкенде аса мұқият болған дұрыс.
Менің ойымша, Қазақстандағы діннің рөлін, керек десеңіз, діннің қоғамда алатын орнын, насихатталу деңгейін, оның жарқын тұстары мен көлеңкелі жақтарын зерттеп, бүге-шігесіне дейін анықтап алмай, дін уағыздаушыларына Қарулы Күштер қатарынан жұмыс орнын бермеу қажет. Біз үшін, жас мемлекетіміз үшін бұған әлі ертелеу. Неге? Себебі біз қазір діннің тек сыртқы формасына, сыртқы рәсімдік негіздеріне ғана мән беріп, соны ғана уағыздап жүрміз. Көріп, естіп жүрген шығарсыздар, арамызда күндіз мешітке барып намаз оқып, Аллаға жалбарынып, ал қас қарая қарақшылық әрекеттер жасап, арақ ішіп, кiсi өлтiрiп дін бұзып жүрген азаматтар бар. Демек, олар діннің қасиетін әлі түсінбеген. Екіншіден, біздің еліміз – зайырлы, құқықтық мемлекет. Біз өз заңдарымыз арқылы ішімізге қой терісін жамылып еніп жүрген жасырын, жалған діни ағымдарға қарсы тұруымыз керек. Бұл жолда хақ дініміздің насихатын арттыру басты жұмыстың бірі болмақ. Қазір қоғамда мұндай ұйым, ағымдарға әй дейтін әже, қой дейтін қожа табылмай отыр. Үшіншіден, егер дінімізді жақсартамыз десек, дінді насихаттау бағытын қайта қарағанымыз жөн. Біздің діни басқармамыз Үкіметтің бір бөліміне айналмауы тиіс. Міне, айтылған үш мәселені қарастырмай, біз әскерге тұрақты дін уағыздаушыларын тарта алмаймыз. Батыс мемлекеттерінде әскерде тұрақты дін өкілдері бар. Бірақ онда қоғамның дамуымен бірге дін де эволюциялық жолдардан өткен. Онда дін әлдеқашан қоғамды тәрбиелейтін құралға айналып үлгерген. Тағы айтайын, бізге ондай шешім қабылдау ертерек. Қабылдасақ та, қоғам болып ақылдасып қабылдағанымыз жөн.

Тұжырым
Айқан АҚАНОВ, Қазақ ұлттық медициналық университетінің ректоры:

– Мұндай шара қабылдау бізге аздап қиыншылық тудыратыны рас. Бұл үшін шығындар шығаруға, заңдарды қайта қарауға, өзгертуге тура келеді. Дегенмен егер халқымыздың сексен пайызының қазақ екенін ескерсек, Қарулы Күштеріне тұрақты дін уағыздаушыларын тартуға болады. Яғни әскерлерге, бір жағынан, дін туралы насихат жүргізген дұрыс. Діннің адамға тигізер ешқандай зияны жоқ, қайта оны білсе, жастарымыз тәрбиелі болып қалыптасады. Дайындаған Нұрмұхаммед Мамырбеков. http://www.alashainasy.kz/?p=19110

Категориясы: Өзекті мәселе.... | Көрілді: 1120 | Ендірген: Dinislam_Kz | Рейтингі: 0.0/0 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 0

Есімі*:
Email-ы:
WWW:
Сақтық коды *:


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2010 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде сілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


Создать сайт бесплатно
жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Қазан 2009  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар: bola80, erkintursynbek, Manas_mumin

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: Manas_mumin

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 3565
Осы ай ішінде: 22
Осы апта ішінде: 8
Кеше: 2
Бүгін: 1