[16.10.2009.] Қажылыққа бару үшін вакцина алу керек пе?
19:56
Биыл қажылыққа баратындарға тұмауға қарсы вакцина егіледі деп естіп едім. Осы рас па?Еркебұлан ТАЙМАСОВ, Оңтүстік Қазақстан облысы Бұл сұраққа Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз хатшысы Оңғар қажы Өмірбек жауап береді: — Иә, Сауд Арабиясы елшілігі ҚР Сыртқы істер министрлігіне қажылыққа баратын азаматтардан тұмауға қарсы егілгендігі туралы анықтама талап етілетінін айтып, хат жіберген. Вакцина әзір болған жағдайда, қажылық сапарға шығуға ниет еткен азаматтар виза алудан екі апта бұрын тұмауға қарсы егілулері керек. H1N1 вирусына қатысты пандемия қаупі төніп отырған жағдайда, бұл, әрине, түсінікті де болар. Биыл қажылық сапары қараша айында басталады. Қазақстан үшін қажылыққа төрт мың адамға квота беріліп отыр. "Алаш айнасы".
Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.