[16.10.2009.] Қоғамды ұйымдастырудың жаңа рухани жүйесі қажет - Халықаралық конференция - 16 Октября 2009 - Бала-Бүргемге қош келдіңіз
Жексенбі, 12.Ақпан.2012, 18:01
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  ОРАМАЛ ТАРТҚАН – ЕРСI, АЛ КIНДIК АШҚАН ШЕ?
•  Азия парктен жік шықты, екі құлағы тік шықты
•  Сапар айы (Сафар айы)
•  Шіркеу қазақша сөйлей бастады. Бұл нені аңғартады?
•  Фиқһ әл-ғибадат
•  Желтоқсан – жанымның жарасы
•  ОБЛЫСТАҒЫ БАСТЫ МӘСЕЛЕ - ДІН МАМАНДАРЫНЫҢ ТАПШЫЛЫҒЫ
•  Құрбан айт намазы
сауалнама
Имамдар жұмыстарын қаншалықты жақсы атқарады?
Жауап берілді: 716
 

Негізгі бет » 2009 » Қазан » 16 » [16.10.2009.] Қоғамды ұйымдастырудың жаңа рухани жүйесі қажет - Халықаралық конференция


[16.10.2009.] Қоғамды ұйымдастырудың жаңа рухани жүйесі қажет - Халықаралық конференция
17:30
Бүгін Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында «Мол адамгершілік пен руханилық - дағдарыстан кейінгі әлемді қайта құрудың тиімді тетіктері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өз жұмысын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оған Қырғызстан, Ресей және Қазақстанның барлық өңірлерінен жалпы 60-тан астам дінтанушы, ҚР Парламентінің корпусы, қоғам қайраткерлері, ғалымдар қатысуда.
Негізгі мақсат - Қазақстан және Халықаралық қоғамдастықтың рухани-теориялық бағыттағы тәжірибелерін саралауға бағытталады.
Жиында сөз алған ҚР Парламенті Сенатының депутаты Төлеген Мұхамеджанов дағдарыстан кейінгі әлемнің рухани, мәдени қалыбын құру қажеттігі Астанадағы діндер съезінде көтерілгендігін атай келе, бұл мәселе жаһандық тақырыпқа айналып отырғандығын, бүгін басталған Астанадағы конференцияның негізгі әңгіме өзегі де осы болатынын айтып өтті.
«Жаһандық дағдарыс күннен күнге өз ықпалын үдетіп бара жатқаны ешкімге жасырын емес. Ал даму бағытын өзгертуге ниеті жоқ тұтынушылық өркениет болса, ол өзінің құлдырау шегіне жеткені айдан анық. Ең алдымен, өзінің материалдық жағдайын жалпы мүдделік игілікпен үлеспейтін мемлекеттер қалайда құрдымға кетпек», деген ол
«Әлемдік қауымдастықты ұйымдастырудың бұдан да тиімді тетіктері қажет, білім беру және тәрбие саласында адамның рухани құндылықтарына басымдық берілген жаңа жүйе керек», деп атап көрсетті.
Конференцияда ресейлік ғалым, философия ғылымдарының докторы Юрий Бокань бұл идеяға қолдау көрсетіп, «жаңа мыңжылдықта жаңа гуманитарлық әлемдік тәртіп қажеттігін» қоштады.
«Ол үшін осынау қиындығы мол дәуірде жаһандану үрдістерін, қалыптасып келе жатқан ашық, ақпараттық және инновациялық қоғамның ерекшеліктерін, білім өркениетінің түзілуін ескеруге тура келеді», дей келе Ю. Бокань, осы идеяны өмірге келтірудің, жаңа тәртіптің негізін қалауға қажетті механизмдерді ұсынды.
Жиын соңында ортақ ұсыныстар қабылданып, мемлекет пен қоғамның постдағдарыстық дамуының моделін жасақтау жоспарланған. 
АСТАНА. ҚазАқпарат. 
Категориясы: Өзекті мәселе.... | Көрілді: 804 | Ендірген: Dinislam_Kz | Рейтингі: 0.0/0 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 0

Есімі*:
Email-ы:
WWW:
Сақтық коды *:


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2010 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде сілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


Создать сайт бесплатно
жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Қазан 2009  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар: bola80, erkintursynbek, Manas_mumin

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: Manas_mumin

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 3565
Осы ай ішінде: 22
Осы апта ішінде: 8
Кеше: 2
Бүгін: 1