[16.10.2009.] Туркияда адам емес компьютер азан айтатын болды - 16 Октября 2009 - Дінисламға қош келдіңіз
Дүйсенбі, 21.Мамыр.2012, 01:17
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  Намаз адамды жалықтыра ма?
•  Ұлықбек Алиакбарұлы: "Жаңа заманға сай жаңа медианы меңгерген имам керек"
•  ОРАМАЛ ТАРТҚАН – ЕРСI, АЛ КIНДIК АШҚАН ШЕ?
•  Азия парктен жік шықты, екі құлағы тік шықты
•  Сапар айы (Сафар айы)
•  Шіркеу қазақша сөйлей бастады. Бұл нені аңғартады?
•  Фиқһ әл-ғибадат
•  Желтоқсан – жанымның жарасы
сауалнама
Қай облыстан боласыз?
Жауап берілді: 2165
 

Негізгі бет » 2009 » Қазан » 16 » [16.10.2009.] Туркияда адам емес компьютер азан айтатын болды


[16.10.2009.] Туркияда адам емес компьютер азан айтатын болды
08:23
Түркия мешіттері азан шақырудың бірыңғай компьютерленген жүйесіне көшіріліп жатыр. Бұл жөнінде кеше КТК телеарнасы хабарлаған болатын. Түркияда мешіттер мемлекет қарамғында. Бұл елдің мешіттерінде мемлекеттің тағайындаған азаншысы болмайды, әр мешітке мемлекет тарапынан тек қана имам бекітіледі. Имам сол үшін айлығын алады. Кей мешіттерде осы себепті азаншылар тапшы болатын. Бірақ, азаншылар жоқ деген сөз емес. Ақысыз, яғни мемлекеттің жалақысы үшін емес, Аллаһ разылығы үшін азан айтқысы келетін үміткерлер жетерлік. Намаз уақыты кіргенде қаланың әр шетінен азан даусы бірінен соңы бірі шығып жатады. Бұдан былай ол азаншылардың міндеттерін компьютерлер атқаратын болып отыр. Дегенмен бұл жаңадан басталған шараға қарсы болғандар бар. Жақтаушылар да аза емес көрінеді. Бірыңғай тәртіптің енгізілуіне бірнеше себеп бар екен: елдегі барлық мешіттерде бір уақытта азан шақырылады және бір адамның ғана дауысы қойылады. Азанды бұзып шақыру немесе қателесу, дауыстың қарлығуы дегендер болмайды. Бұл - компьютер арқылы азан шақыру бастамасын көтерген топтың пікірі. Суретте: Туркия, Стамбул, Сұлтан Ахмет мешіті. ДінИслам ақпарат.
Категориясы: Әлем жаңалықтары | Көрілді: 1310 | Ендірген: Dinislam_Kz | Рейтингі: 1.0/1 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 2
16.Қазан.2009
2. MUSULMANIN (Муслим)
"Азанды бұзып шақыру немесе қателесу, дауыстың қарлығуы дегендер болмайды. Бұл - компьютер арқылы азан шақыру бастамасын көтерген топтың пікірі."

Имамды «компьютерлендірсек» те жақсы болады дей ме екен? Имам ешқандай қателеспейтін болады, саһу сәждені де ұмытамыз.

Жамағатты «компьютерлендірсек» тіпті жақсы болар, а?


[пікірдің сілтемесі]
16.Қазан.2009
1. MUSULMANIN (Муслим)
Бүгінше азаншыларымызды «компьютерлендіріп», азанды аудио жазбамен айтқызамыз.
Ертең имамдарымызды «компьютерлендіріп», михрабқа үлкен монитор қойып, намазды бейне жазбамен жүргіздіреміз.
Арғы күні жамағатымызды «компьютерлендіріп», мешітіміздің артқы жарына одан да үлкен монитор қойып, имамға бейне жазбамен ұйдырамыз.

Сөйтіп мұсылман үмметі ойдай құлшылықтан «босайтын» болады.


[пікірдің сілтемесі]


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2012 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


Создать сайт бесплатно
жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Қазан 2009  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар:

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: bbakhov

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 3619
Осы ай ішінде: 11
Осы апта ішінде: 3
Кеше: 2
Бүгін: 0