[15.09.08.] БИЫЛ ҚАЗАҚСТАННАН ҚАЖЫЛЫҚҚА 5000 АДАМ БАРМАҚ.
Биыл Қазақстаннан қажылыққа 5000 адам бармақ
Бүгін журналистермен өткен жүздесуде Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының (ҚМДБ) өкілдері, атап айтқанда: Бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлі, оның орынбасары Мұхаммед-Хусейн Алсабек және ҚМДБ аппарат жетекшісі Балтабай Мекежанов биылғы жылы қажылыққа барудың мерзі... Жалғасын оқу »
[15.09.08.] АУЫЛЫНА МЕШІТ САЛЫП, БАЛАЛАРҒА ДЕМЕУШІ БОЛДЫ.
Ауылына мешіт салып, балаларға демеуші болды
БҚО-ның Сырым ауданы Жосалы ауылдық округінде жаңа мешіт ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы БҚО бойынша өкіл имамы Смайыл Сейітбек ауыл халқын осынау қуанышпен, қасиетті Рамазан айымен құттықтап, игі тілегін білдірді. Мешіт үйін қазір Астана қаласында тұратын кәсіпкер, Қоңыр ауылының түлегі Рауан Үсенов салып берді. Ол сонымен бірге өзі білім алған мектептің озат оқушыларын әр тоқсан сайын қаржылай марапаттап келеді. Биыл сондай-ақ бір топ үздік шәкірт Р.Үсеновтің қолдауымен әсем Астанада болып, елорданы аралап қайтты. ҚазАқпарат. Ғайсағали Ералы.
[13.09.08.] АЛЫС АУЫЛДА МЕШІТ САЛЫНДЫ (Атырау облысы).
Алыс ауылда мешіт салынды – Атырау облысы
Атырау облысының ең қашық өңірі - Қызылқоға ауданындағы Сағыз ауылында жаңа мешіт бой көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Жаңа мешіт осыдан 7 жыл бұрын жанып кеткен мешіттің орнына салынып отыр. Діни нысанның құрылысына Сағызда туып-өскен алматылық кәсіпкерлердің бірі үлкен көмек көрсетіп отыр. Бұл нысан 7,5 мыңдай тұрғыны бар Сағыз селолық округіндегі әзірге жалғыз мешіт. ҚазАқпарат. /Андрей Соколов.
Пайғамбарымыздың с.а.с. Муқауқасқа жазған хаты көрмеге қойылды.
Хазреті Мұхаммед Пайғамбардың (с.а.с) Мысыр қауымының басшысы Муқауқасқа жолдаған Исламға шақыру хаты, Түрік елінде, Стамбулдағы Топқапы мұражайында, көрмеге тамашалауға қойылды. Мұражайда болған ... Жалғасын оқу »
[11.09.08.] 11 ҚЫРКҮЙЕК ОҚИҒАСЫНА ОРАЙ ЖИЫН НЕГЕ ӨТПЕЙ ҚАЛДЫ.
9 қыркүйек күні сайтымызда: "АСТАНАДА "ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ ИСЛАМ ЖӘНЕ ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ МӘСЕЛЕЛЕРІ" ТАҚЫРЫБЫНДА ОТЫРЫС ӨТЕДІ" деген жаңалық жариялаған болатынбыз.
Дегенмен ол отырыс өтпеді деп хабарлайды Азаттық радиосы:
[11.09.08.] ТЕГЕРАНДА ҚҰРАН КӘРІМ КӨРМЕСІ БОЛЫП ЖАТЫР
Құран кәрімнің 107 тілге аудармалары көрсетіліп жатыр
Теһрандағы 16 халықаралық Құран кәрім көрмесінде Құран кәрімнің 107 тілге аудармалары тамашалауға қойлып отыр. Халықаралық Хабар арнасының мәліметіне қарағанда, 107 аударма арасынан Құранның Испан, Жапон, Түркі және Әзірбайжан тілдеріндегі тәржімалары тұңғыш рет ұсынылып отыр. 16- халықаралық Құран көрмесі қыркүйектің бірінен 27-іне дейін Теһранда қызмет атқарады.
[11.09.08.] ЕРТЕҢ РЕСЕЙДІҢ 1-ші КАНАЛЫНДА. Премьера! Фильм-сенсация "9/11. Расследование с нуля"
11 қыркүйектегі лаңкестік шабуылға - 7 жыл
Бүгін 2001 жылдың 11-қыркүйегінде Нью-Йорк қаласында болған лаңкестік шабуылға жеті жыл. Осыған байланысты Бүкіләлемдік сауда орталығының қос мұнара жарылысында қаза болған адамдардың туған-туыстары, құтқарушылар, полиция қызметкерлері, өрт сөндірушілер мен қалалық қызметтер өкілдері жиналады. Еске алу ... Жалғасын оқу »
[11.09.08.] РАМАЗАН АЙЫНДА ОРАЛ, БҚО-да ЖАҢА МЕШІТ АШЫЛДЫ
Рамазан айында ауылда мешіт ашылды
БҚО-ның Тасқала ауданы Мерей ауылында қасиетті рамазан айында мешіт ашылды,деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бір мезгілде 70 адам намаз оқи алатын ғибадатхананың салынуына осы ауылдың түлегі Махамбет Қайырғалиев, “Луч” ЖШС басшысы Дүйсекеш Мүсенов сүбелі үлестерін қосты.
[11.09.08.] ҮЛКЕН ҚАЖЫЛЫҚҚА ЕЛІМІЗДЕ 5000 КВОТА БӨЛІНІП ОТЫР.
Үлкен қажылыққа елімізде 5000 квота бөлініп отыр
Биыл үлкен қажылыққа Қазақстанда 5 мың квота бөлінді. Бұл туралы кеше Алматыда үлкен қажылыққа дайындық мәселесін сөз етуге арналған баспасөз жиынында еліміздің бас мүфтиі Әбсаттар қажы Дербісәлі айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Былтырғы жылы қасиетті Меккеге 4100 адам ... Жалғасын оқу »