[20.05.2011.] Арыстанбаб кесенесінің жанынан 17 гектар жерді қамтыған туристік кешендегі жаңа мешіт бүгін пайдалануға беріледі
Бүгін Арыстан баб кесенесінің жанындағы жаңа мешіттің салтанатті түрде ашылу күні. Алып мешіттің саф алтындай күмбезі күн шыққаннан жарқырап, зияратшылардың назарын еріксіз өзіне тартады. Мешіттің осы жерде салынуының өз мәні бар. Жаңа мешіттің жалпы сыйымдылығы 800 намазханға арналған. Мешіт жанында мешітке зиярат етушілерге арналған 54 бөлмелі қонақ үй орналасқан.Сондай-ақ, мешіт жанында дүкен, асхана, зияратшыларға арналған кір жуатын бөлме және мал соятын қасапхана салынған. Сонымем қатар, мешітке келушілердің автокөлектеріне арнап жеңіл авто тұрақ пен автобустарға арналған арнайы автотұрақ салынға... Жалғасын оқу »
Сізді ұлттық дәстүрде, қайырымдылық мақсатта ұйымдастырылған мұсылмандық жәрмеңкемізге шақырамыз. Жәрмеңке сөрелерінде отандық тұрмыстық заттар, ыдыс-аяқ, төсек жиынтықтары, сүлгілер, кілемдер, ер және әйел, балалар киімдері, ойыншықтар, ұлттық сувенирлер Түркиядан келген тауарлар ұсынылады. Асхана жұмыс істейді.сонымен қатар халал тағамдар, полуфабрикаттар, жылқы-сиыр еті, көкеніс, варенье, қазы, шұжық, қымыз ұсынылады. Түскен қаржы медреселердің пайдасына арналады.
Ұйымдастырушы: "Қамар" қайырымдылық мекемесі. ... Жалғасын оқу »
[13.05.2011.] ОРАМАЛ ТАРТҚАН – ЕРСI, АЛ КIНДIК АШҚАН ШЕ?
Адамнан жасыра алмағаныңды, Алладан жасыра алмайсың: қазақ – өте аңқау, ғұмыры басқалардың алдау-арбауына баладай сенiп, барынан айрылумен келе жатқан ұлт. Оған не орыс, не шүршiт келiп: "Сендер керемет қонақжай халықсыңдар", – деп мақтаса болды, дастарқанындағы ең дәмдiсiн де баласының аузынан жырып соларға бередi. Қазекем Ресейден азаттық алдық деп шәпкесiн аспанға лақтырып жүрген соңғы 20 жылда да бұл аңқаулығынан арылудың орнына бұрынғыдан да аңқауланып, танауы делдие түстi.
Қазақтар қазiр "бiздi әлем таниды", "бiздi әлем мойындайды" деген мақтан сөздi ұран қып алды. Бұрын қазақты әлемге Абай, Мұхтар танытты деп мақтанатынбыз. Қазiр шетелге барып ән салып келген шалағай әншiнi де, итальянша, ағылшынша өлең айтып, скрипка тартып келген қаршадай қыз бен кекiлi жалбыраған ұл да қазақты әлемге танытып келген болып шықты. Оның бәрiн қойшы, бiз ендi Еуропа мемлекеттерi ислам дiнiне қандай шабуыл жасаса да соларды қолдауға, қолдамасақ, "үндемей үйдей пәледен құтылуды" ойлайтын болған сияқтымыз. Қарап отырсаңыз, елiмiзде тыйым салынған дiни ағымдардың бәрi ислам дiнiнiң ағымдары. ... Жалғасын оқу »
[12.05.2011.] Сот саентологтарға қатысты үкім шығарды
Қарағандыда заңсыз жұмыс істеп, сотқа тартылған шіркеу басшылары айыппұл төлейтін болды. 2009-шы жылы таратылған қоғамдық-діни бірлестік, бүгінге дейін Қарағандының қақ ортасында заңсыз әрекетін жалғастырып келген. Діни бірлестіктің басшысы Вадим Витушкин тіркелмеген бірлестікті қаржыландырып қызметін жүргізгені үшін айыпталса, кәсіпкер Зарина Амирова заңсыз шіркеуді ғимаратпен қамтамасыз еткені үшін сотқа тартылған. Енді сот шешімі бойынша Вадим Витушкин 100 айлық, Зарина Амирова 50 айлық есептік көресткіш мөлшерінде айыппұл төлеуі тиіс. astanatv.kz
[10.05.2011.] Бүгін Шымкент қаласында облыстық деңгейде өткізілген Құран жарысы өтті
Бүгін Шымкент қаласында, облыстық, орталық «Абдул Хамид Қаттани» мешітінің ұйытқы болуымен Ұлы Отан соғысының 66 жылдық жеңісіне орайластырылған облыстық деңгейде Құран Кәрім оқудан бес номинациясы бойынша жасөспірімдер арасында жарыс өткізілді.
Осы сауапты да тағлымы мол іс шараның өтуіне ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы Мырзагелдиев Бейбіт қажы Әліпбекұлы төрағалық жасап, сайысқа қатысушы шәкірттерге және жамағатқа Құран Кәрімді өз ережесіне сай тәжуидпен оқи білудің сауабы жөнінде мағыналы уағыз айтып, шәкірттерге сәттілік тіледі.... Жалғасын оқу »
Әуелі бүкіл әлемді жаратқан Аллаға сансыз
мадақтар болсын, ең соңғы пайғамбар Мұхаммедке с.а.с. Алланың сәлемі мен
салауаты болсын.
Интернет деген жалпы не іздесең табылатын
сепетке (корзина) айналып бара жатқан секілді. Бұлай деу себебім интернеттен
жақсы, жаман, өмірімізге пайдалы не қатерліде ақпараттарға толып жатыр. Осы
жерден тек пайдасы жөнінде айт кетсем деп едім. Интернеттен өз үлесіміз болсын
деп ҚМДБ, ОҚО бойынша өкілдігі, орталық Қаттани мешіті жанынан Қаттани сайтын (www.kattani.kz)
ашқан болатынбыз. Қазіргі күні мешітке келуге
уақыты болмаған жандар, мысалға мемлекеттік қызметкерлер, мұғалімдер т.б.
интернет арқылы өздерін мазалаған сұрақтарын қойып жауаптарын алып жатыр. Қазіргі күні сайтымыздың «Сұрақ-жауап»
беті жұмыс істеп келеді. Сұрақ-жауап бетінің ашылғанына 3 ай енді ғана
болғанымен, сұрақ қоюшылардың саны артып келеді.Сондай
сұрақтардың бірін сіздерге ұсынғалы отыр едім. Сайтымызға Рустам есімді жігіт
мынадай сұрақ қойған екен. Сұрақты мәтіні:
Рустам (7 Мамыр, 2011 | 22:48)
Ассаламу алейкум уа рахматуллахи уа
баракатух!!! Менің 1-ші сұрағым құран 30 парадан тұрады. Маған әр парада қанша
сүреден және қай сүреден тұратыны жайында ақпарат керек еді. 2-шісі кейбір
деректерде Құранда 6666 аят бар дейді. Ал басқа бір деректерде 6616 аят
делінеді, яғни қайсысы дұрыс екендігі жайлы жауап беріңізші. Жауаптарыңызды
күтемін.
Осы сұрақтан соң біршама араб, түрік қала
берді орыс және ана тіліміздегі әдебиеттерді ақтаруға тура келді. Енді
кітаптарды ақтара келе төмендегі жауаптарды құрыстырып едім.... Жалғасын оқу »
[22.04.2011] Кентау қаласында «Діни экстремизмнің алдын-алу мәселелері» атты семинар жиналыс өтті
Кентау қаласында «Діни экстремизмнің алдын-алу мәселелері» атты семинар жиналыс өтті. Жиналысқа Облыстық Діни істер департаментінің жетекші маманы Нұрбаев Досымжан, ОҚО ішкі саясат басқармасы діни бірлестіктермен жұмыс жөніндегі бөлімнің бас маманы Ахметов Бауыржан, Облыстық «Абдул Хамид Қаттани» мешітінің найб имамы Естеміров Мұхаметжан, «Нұр Мұра» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Абдулла Бахадүр, Қалалық ішкі саясат бөлімінің бастығы Бақберген Қанат және ауыл әкімдері мен орта арнаулы оқу орындарының басшылары, мектеп директорылары, дінтану пәні мұғалімдері, діни ұйым басшылары қатысты.
Күн тәртібінде мына мәселелер қаралды:... Жалғасын оқу »
[21.04.2011.] ҚҰРМЕТТІ КИІМ ДИЗАЙНЕРЛЕРІ МЕН МОДЕЛЬЕРЛЕР!
Соңғы жылдарда мұсылман қыз-келіншектердің шариғат талабына сай киінуі елімізде көп талқыланатын өзекті тақырыпқа айналды. Негізінде, қасиетті Құранның «Нұр» сүресінде шариғатқа сай киінудің парыздығы мен талаптары анық айтылған. Ата-бабаларымыз мәдениетіміз бен ғұрпымызға, ұлттық салт-санамызға сай сан түрлі әсем, әрі келісті ұлттық төл киім үлгілерін (сәукеле, орамал, кимешек, т.б.) жасап шығару арқылы сол талаптарды толық орындап келген. Алайда заман мен талғамның өзгеруіне байланысты қазір бұл санаттағы киімдер тек сахнада ғана киіледі. Ал шариғат бойынша киінгісі келген қыз-келіншектер шетелде тігілген киімдерді алып киюге мәжбүр.