Солтүстік Қазақстан облыстық ішкі саясат басқармасы жанындағы «Көз жету» қоғамдық бірлестігі мен «Қызылжар» орталық мешітте қалалық және аудандық мешіттер бас имамдарымен семинар-кеңес өткізуде. Семинар-кеңестің мақсаты имамдарға «Діни қызмет және бірлестіктер туралы» заңды діни экстремизмге, қоғамға жат ағымдарға қарсы күрес, ұлтаралық және дінаралық келісім мәселелері тереңірек түсіндіру, оларды компьютермен жұмыс істеуге үйрету. ... Жалғасын оқу »
Іссапармен Қызылжар (Петропавлға) келген едім. Мінберден үйренгендерімді молдаларға үйретіп жатырмын. Бүгінгі сабағымда аудан имамдары жаңа блог ашуды үйренді. Нәтижесінде Қызылжар, Аққайың, Мамлют және М.Жұмабаев аудан имамдарының Қазжур.Кз блогтұғырында жеке блогтары ашылды. Имам-молдаларымыз блогтарында күнделікті немесе апталық іс-шараларын, уағыз-насихаттарын жариялайтын болады. ... Жалғасын оқу »
[12.05.2012.] Шымкент қаласында орналасқан «Шымкент» медресінің 2012 жылғы бітіруші түлектерін қызметке бөлу іс шарасы өткізілді
12-мамыр. Шырайлы Шымкент қаласында орналасқан «Шымкент» медресінің 2012 жылғы бітіруші түлектерін қызметке бөлу іс шарасы өткізілді. Осы дәстүрлі іс шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти, шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі хазрет және Діни басқарманың бөлім жетекшілері Смаил Сейтбеков, Ербол Сағиұлы және Ақтөбе облысының өкіл имамы Әбдумүтәліп Дәуренбеков және ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы, «Шымкент» медресесінің директоры Бейбіт Мырзагелдиевтер арнайы қатысты.... Жалғасын оқу »
[04.05.2012.] "Жаужүрек мың балаға" барма, барғызба!!!
Кеше (03 мамыр 2012) «Жаужүрек мың бала» фильмінің премьерасы болды. Алғаш болып барғандардың көбі өкпелі. Киноның өзіне айтылып жатқан сын көп, бірақ ең бастысы қазақша кино көремін деп барып, орысшасын көріп алданып қалғандай сезімде көпшілік.
Кино.кз сайтындағы кестеге қарайтын болсақ Астанада тек қана Сарыарқа кинотеатрында күндізгі уақыттардың бірінде ғана қазақ тіліндегі нұсқасы көрсетіледі. Қалған уақыттарда және барлық кинотеатрларда тек орысша дыбыстамасы көрсетілуде. Иә, әрине кино алдымен коммерциялық жоба, түсірушілерге және көрсетушіге пайда әкелуі керек. Яғни, орысшасын көп адам көреді деген есеппен осылай істеген. Киноны түсірушілерді де, киноны көрсетуші кинотеатрларды да кінәлауға болмайды, түсінеміз оларды да. Бірақ, олар да қазақ ұлтына немқұрайдылықпен қарамаулары тиіс. Біз де қоғамбыз, біздің де таңдауларымыз бар. Неге олармен санасуымыз керек? Олар бізбен санассын.
... Жалғасын оқу »
Көпшіліктің намазға деген көзқарасы түзу. Дегенмен аракідік кездесіп қалатын«күнде бес мезгіл үзбей оқудан адам жалықпай ма?» деген сұрақ төңірегінде мазмұнды әңгіме өрбітсек.
Бір сәт ойланайықшы, өміріміз мәңгі ме? Келесі жылға сау жетіп, тіпті келесі күнді аман-есен атырарымызға кім кепіл? Пендешіліктен аса алмай аз ғана құмарлыққа алданып осы өмірде мәңгілік қалып қоятындай сезінеміз.... Жалғасын оқу »
Сiздердi 1 мамыр – Қазақстан халқының бiрлiгi күнi мерекесiмен құттықтаймыз!
Егемен елiмiз бүгiнде ырысты ынтымақ пен берекелi бiрлiктiң мерейлi мекенiне айналды. Тәуелсiз Қазақстанның ұлтаралық келiсiм мен пайымды парасаттылыққа негiзделген үйлесiмдi саясатын халықаралық қауымдастық жоғары бағалауда. Татулық пен бiрлiктiң бастауындай болған осы бiр айтулы мейрам бейбiтшiлiктiң бейнесiн орнықтыра түсетiндей әсер қалдырып келедi.
Бiрiншi мамыр көктемнiң көзайым мерекесi әз-Наурыздың жалғасы iспеттi. Тiршiлiк түрлене түлейтiн жайдарлы шақта мерейлi мерекелердiң бiрiнен соң бiрiнiң келуi үмiт пен сенiмнiң сабақтастығын бiлдiредi. Бүгiнде Елбасының салиқалы саясатының нәтижесiнде ел аумағында көпұлтты халық тату-тәттi өмiр сүруде. Отанымызда тiлi мен дiни сенiмi әртүрлi ұлттардың салт-дәстүрiн сақтауға толық жағдай жасалған. ... Жалғасын оқу »
[26.04.2012] Мен туралы Дядя Шал былай деген екен....
Мен туралы орыс тілді сайттар жазады деп ойламаған екенмін. Бірақ аты жөнімді орысша жазсам бірдеңелер шығып жатады. Айтайын дегенім Дінислам сайты жұмысын бір жылдан аса уақыт тоқтатып тұрды. Мүмкін бар күш жігерімді kattani.kz сайтына арнаған соң шығар. Содан ба әлде еріншектікпе әйтеуір Дінисламға уақыт жетпей қалатын. Бірақ жақында Дядя Шалдың мына ескі болсада жазбасын оқып қалдым.... Жалғасын оқу »
[26.04.2012.] Әлеуметтік желілердің пайдалы жақтары
Қазіргі уахабилік немесе сәләфилік ұстанымдағы жастардың қатары неліктен көбейіп барады? Олардың білім ошағы қайда, ілімді қайдан алады, ұстаздары кім? Қазақстандағы бүкіл мешіттер мен медреселер Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қол астында болып, елімізде ханафи мәзһабы негізінде уағыз жүргізілсе де, уахабилер қатарының азаймай жатуына түрткі не? Иә, мұның себебі бүгінгі ғаламды торлаған интернетте жатыр-ау… Міне, бұл мақаламдағы әңгіме осы ғаламтор ғаламаты, дін насихаты үшін оның пайдалы тұстары жайында болмақ.
Енді бұл тақырыпты қозғауыма не себеп болды десеңіз, күні кеше Атырау қаласына барып, «Нұр Отан» ХДП-ның «Жас Отан» жастар қанаты Атырау облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Жастар терроризмге қарсы» атты жастар форумына қатысқан болатынмын. ... Жалғасын оқу »
[26.04.2012.] Қаттани мешіті: «Ерлер сауат ашу курсы»
Құран оқып үйрену, намазда оқылатын қысқа сүрелерді және намаз оқып үйрену, намазға байланысты мәселелер т.б. Дәріс беруші ұстаз: Түркияның Қожаелі қаласының «Үш төбелер» мешітінің имамы Дәуіт Варлы.
Сабаққа келушілердің жастары шектелмеген. Сабақ аптасына 5 күн болады. Сенбі жексенбі демалыс.... Жалғасын оқу »
[26.04.2012.] Астана медресесі шәкірттері «Мұхтасар әл-уиқая» кітабының кезекті үш тарауы бойынша емтихан тапсырды
Астана медресесі шәкірттері «Мұхтасар әл-уиқая» кітабының кезекті үш тарауы бойынша емтихан тапсырды деп хабарлайды "Нұр Астана" мешітінің ресми сайты.
Медресенің 2-курс шәкірттері «Мұхтасар әл-уиқая» кітабының кезекті үш тарауы бойынша емтихан тапсырды. Олар: атақ, яғни құл азат ету; мукатәб, яғни құлды азат ету мақсатында келісімшарт негізінде оған қолхат беру; әйман (серт, ант) және оның үкімі мен шарттары.... Жалғасын оқу »