"Аллаһ алдындағы дін тек Ислам ғана ..." (Әли Имран,19)
Бұл сөздер адам баласының дүние мен ақірет бақыты үшін жалғыз жолдың тек қана Ислам екендігінің де баяны.
Бұл шындық басқа бір көркем аятта өте анық түрде былай баяндалады:
«Кімде – кім Исламнан басқа бір дін іздесе әсте одан (осындай бір дін) қабыл етілмейді де, ол ақиретте зиянға ұшыраушылардан болады." (Әли Имран,85)
ИСЛАМ
1) Ислам ең дұрыс иман діні. Сенім негіздері үнемі ұлы әрі мықты негізге тірелген. Адамның абыройы мен қасиетіне зиян келтіретін Аллаһқа серік қосу сияқты сенім бұзықтықтарынан мүлде алыс.
2) Ислам – соңғы дін. Ислам дінінен басқа дін келмейді, үкімдері қиямет күніне дейін жалғасады. Ислам дінін адамдарға жеткізіп, баяндаған Хазіреті Мұхаммед (алейһиссәләм) соңғы пайғамбар. Одан басқа пайғамбар келмейді.
3) Ислам адамның рухын тойдыратын ғибадат діні. Құлдар орындауға жауапты болған ғибадаттар түрлі бітім және сырлармен денені де рухты да жақсылықтарға жеткізетіні соншплық, көңіңлдер сол ғибадаттардың бітпес ләззаттарымен жәннат өмірін сүреді.
4) Ислам – дүниежүзілік дін. Алдыңғы пайғамбарлар жеткізіп, баяндаған діндер тек қана белгілі бір ұлтқа, халыққа келсе, Ислам діні бүкіл дүние жүзіндегі халықтарға жіберілген.
5) Ислам рахмет, мейірім діні. Адамзат баласы бірталай күнә және ғапылдық шұңқырларында сасқалақтап жүргенде істегендеріне қарап оларды зиянға ұшыратып, жоюдан гөрі рахым және кешірім жасап, бақытқа кенелтуге тырысады.