Енді олардың еркінсіп, қалаған жерімді қалай болса да алам деген тілектерінің орындалуы екіталай. Бұл туралы бүгін Үкімет жанындағы діни мәселелер кеңесінің кезекті отырысында Алматы облысы әкімінің орынбасары Серік Мұқанов мәлімдеді. Қазақстанға тоқсаныншы жылдары келген кришнаиттер Қарайсай ауданынан 47 гектар жерді заңсыз басып алған. Діни топтың «күнәсі» заңмен дәлелденсе де, олар қоныстарынан қозғалар емес. Әзірге әкімшілік ешқандай құжатсыз салынған 66 үйдің 25-сін әзер босатты. Ал қалғандары қит етсе құзырлы органдарға шағымданады. Тіпті халықаралық ұйымдарға да арыз айтуды әдетке айналдырған.
Мүгүлсім Әмірова, Адам құқықтары жөніндегі Ұлттық орталық жетекшісінің міндетін атқарушы Бұл жерде ешкімнің құқығы тапталып отырған жоқ. Заң да, халықаралық нормалар мен талаптар да тап-тұйнақтай. Ешқандай заңсыздықты көріп отырғам жоқ. Жергілікті билік кришнаиттерге Талғардан 5, Іле ауданынан 3 жер телімдерін тегін берсе де олар оны менсінер емес. Сылтау - әкімшілік ұсынған жерлерде инфрақұрылым, жайылым жоқ, құнарсыз. Әкімшілік болса, біз ұсынған жердің бәрінде суы да, нуы да, жарығы да, жайылымы да бар дейді. Өзге діннің өкілдері осылайша өзеуресе, жоғарыдағы екі ауданда өзіміздің 33 мың қара көз бір қарыс жерге қол жеткізе алмай қамығып жүр. Серік Мұқанов, Алматы облысы әкімінің орынбасары Бұл кісілердің сонша асқақтап, ана жерденде, мына жеденде жер бергенді түсінбей, жоқ бізге осы отырған жерімізді бер дегені... Мен бүгін әдейі айттым, Олар отырған жерден ешқандай жер берілмейді. Ол жетім балаларға берілген жер. Енді осы берілген телімді пайдаланса пайдаланды. Әйтпесе, жер берілмейді. Шалқайғанға шалқай, ол Құдайдың ұлы емес. Алматылық атқа мінерлер енді дәл осы ұстанымнан айнымақ емес. Көнбесе, көңілдеріне келсе де заңсыз салынған үйлерді сот шешімімен күреп тастамақ. Ал бүгінгі кеңес болса, кришнаитерге қой дегенде қоймаған аршаға зар болар дегенді ескертіп, екі ай уақыт берді. Ардақ Досжан, ҚР Әділет министрлігі діни істер жөніндегі комитет төрағасы Әкімшілік көмек көрсетуге дайын. Тіпті көшем десең көлік береді. Айналаңды тазалайды. Бұдан артық не керек. Бір ғана Алматы облысында қазір түрлі ағымды дәріптейтін 564 діни ұйым бар. Ал олардың бірінің былығы осы болса, қалғандарының мына қоғамда қандай тірлік жатап жатқаны Жаратқанның өзіне ғана аян шығар... Ақпарат көзі: kazakstan.kz
Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.