ЖҰМА МУБАРАК БОЛСЫН БАУЫРЛАР (Жұма күнінің артықшылығы) - 1 Августа 2008 - Бала-Бүргемге қош келдіңіз
Сенбі, 11.Ақпан.2012, 21:32
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  ОРАМАЛ ТАРТҚАН – ЕРСI, АЛ КIНДIК АШҚАН ШЕ?
•  Азия парктен жік шықты, екі құлағы тік шықты
•  Сапар айы (Сафар айы)
•  Шіркеу қазақша сөйлей бастады. Бұл нені аңғартады?
•  Фиқһ әл-ғибадат
•  Желтоқсан – жанымның жарасы
•  ОБЛЫСТАҒЫ БАСТЫ МӘСЕЛЕ - ДІН МАМАНДАРЫНЫҢ ТАПШЫЛЫҒЫ
•  Құрбан айт намазы
сауалнама
Сіз қайсы мазхабты ұстанасыз?
Жауап берілді: 952
 

Негізгі бет » 2008 » Тамыз » 1 » ЖҰМА МУБАРАК БОЛСЫН БАУЫРЛАР (Жұма күнінің артықшылығы)


ЖҰМА МУБАРАК БОЛСЫН БАУЫРЛАР (Жұма күнінің артықшылығы)
03:33
Жұма күнінің артықшылығы
 
"إِنَّ يَوْمَ الْجُمْعَةِ سَيِّدُ الأَيَّامِ، وَ أَعْظَمُهَا عِنْدَ اللهِ، وَ هُوَ أَعْظَمُ عِنْدَ اللهِ مِنْ يَوْمِ الأَضْحَى وَ يَوْمِ الْفِطْرِ، فِيهِ خَمْسُ خِلاَلٍ، خَلَقَ اللهُ فِيهِ آدَمَ، وَ أَهْبَطَ اللهُ فِيهِ آدَمَ إِلَى الأَرْضِ، وَ فِيهِ تَوَفَّى اللهُ آدَمَ، وَ فِيهِ سَاعَةٌ لاَ يَسْأَلُ اللهَ فِيهَا الْعَبْدُ شَيْئًا إِلاَّ أَعْطَاهُ إِيَّاهُ، مَا لَمْ يَسْأَلْ حَرَامًا، وَ فِيهِ تَقُومُ السَّاعَةُ، وَ مَا مِنْ مَلَكٍ مُقَرَّبٍ وَ لاَ سَمَاءٍ وَ لاَ أَرْضٍ وَ لاَ رِيَاحٍ وَ لاَ جِبَالٍ وَ لاَ بَحْرٍ إِلاَّ وَ هُوَ يُشْفقُ مِنْ يَوْمِ الْجُمْعَةِ، أَنْ تَقُومَ فِيهِ السَّاعَةُ"
 
“Жұма күнi - күндердiң төресi және Аллаһ Тағаланың қасында ең ұлығы. Жұма күнi - Аллаһ Тағала үшiн Ораза айты мен Құрбан айтынан да ұлығырақ. Жұманың бес қасиетi бар:
Жұма күнi Аллаһ Тағала Адамды ғ.с. жаратты;
Осы күнi Адам ғ.с. жерге түстi;
Осы күнi Адам ғ.с. қайтыс болды;
Жұма күнi бiр сағат бар, ол сағатта пенде Аллаһ Тағаладан харамнан басқа не тiлесе, соны бередi;
Қиямет жұма күнi болады. Сондықтан, перiштелер, аспан, жер, жел, тау, теңiздер барлығы да жұма күнiнен қорқады.”
Хадистi Әбу Лүбабадан (р.л.ғ.) Имам Ахмад және Имам Ибн Мажәһ риуаят еттi.
"خَيْرُ يَوْمٍ طَلَعَتْ عَلَيْهِ الشَّمْسُ يَوْمُ الْجُمْعَةِ: فِيهِ خُلِقَ آدَمُ، وَفِيهِ أُدْخِلَ الْجَنَّةَ، وَفِيهِ أُخْرِجَ مِنْهَا" 
“Күн шыққан күндердiң ең жақсысы - жұма күнi. Жұма күнi Адам ғ.с. жаратылды. Жұма күнi жәннатқа кiргiзiлiп, жұма күнi жәннаттан шығарылды.”
Хадистi Әбу һурайрадан (р.л.ғ.) Имам Муслим риуаят еттi.

"خَيْرُ يَوْمٍ طَلَعَتْ فِيهِ الشَّمْسُ يَوْمُ الْجُمُعَةِ، فِيهِ خُلِقَ آدَمُ وَفِيهِ أُهْبِطَ وَفِيهِ تِيبَ عَلَيْهِ وَفِيهِ قُبِضَ وَفِيهِ تَقُومُ السَّاعَةُ .. وَفِيهِ سَاعَةٌ لاَ يُصَادِفُهَا مُؤْمِنٌ وَهُوَ فِي الصَّلاَةِ يَسْأَلُ اللهَ فِيهَا شَيْئاً إِلاَّ أَعْطَاهُ إِيّاَهُ"

“Күн шыққан күндердiң ең жақсысы - жұма күнi. Жұма күнi Адам ғ.с. жаратылды. Жұма күнi Адам ғ.с. жәннаттан шығарылып, жұма күнi Оның ғ.с. тәубесi қабыл болды.. Жұма күнi бiр сағат бар. Мүмин пенде намазда тұрып Аллаһ Тағаладан не тiлесе де, сұрағаны берiледi.” Хадистi Әбу һурайрадан (р.л.ғ.) Имам Насаи риуаят еттi.

"قَالَ لِي عَبْدُ الله بْنُ عُمَرَ: "أَسَمِعْتَ أَبَاكَ يُحَدِّثُ عَنْ رَسُولِ اللهِ صلى الله عليه وسلم فِي شَأْنِ الْجُمُعَةَ ـ يَعْنِي السَّاعَةَ؟ قَالَ قُلْتُ: نَعَمْ سَمِعْتُهُ يَقُولُ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللهِ صلى الله عليه وسلم يَقُولُ: هِيَ مَا بَيْنَ أَنْ يَجْلِسَ الإِمَامُ إِلَى أَنْ تُقْضَى الصَّلاَةُ"

“Абдуллаһ ибн Омар (р.л.ғ.) менен: “Сен әкеңнiң Расулуллаһтың (с.ғ.с.) осы сағат жайында айтқан сөзiн айтқанын естiдiң бе?”, – деп сұрады. Мен: “Иә, естiдiм. Әкем: “Расулуллаһ (с.ғ.с.): “Ол сағат - имам мiнбәрға уағыз айту үшiн отырғаннан жұма намазы оқылып бiткенге дейiнгi аралықтағы уақыт”, – деп айтты”, – дедi.” Хадистi Әбу Бурдадан (р.л.ғ.) Имам Муслим және Имам Әбу Дауд риуаят еттi.

"عَنْ أَوْسِ بْنِ أَوَسٍ عَنِ النّبِــيّ صلى الله عليه وسلم قَالَ: إِنَّ مِنْ أَفْضَلِ أَيَّامِكُمْ يَوْمَ الْجُمُعَةِ فِيهِ خُلِقَ آدَمُ عَلَيْهِ السَّلاَمُ وَفِيهِ قُبِضَ وَفِيهِ النَّفْخَةُ وَفِيهِ الصَّعْقَةُ فَأَكْثِرُوا عَلَيَّ مِنَ الصَّلاَةِ، فَإِنَّ صَلاَتَكُمْ مَعْرُوضَةٌ عَلَيَّ" قَالُوا: يَا رَسُولَ اللهِ وَكَيْفَ تُعْرَضُ صَلاَتُنَا عَلَيْكَ وَقَدْ أَرَمْتَ؟ قَالَ: "إِنَّ اللهَ عَزَّ وَجَلَّ قَدْ حَرَّمَ عَلَى الأَرْضِ أَنْ تَأْكُلَ أَجْسَادَ الأَنْبِــيَاءِ عَلَيْهِمُ السَّلاَمُ"

“Нәби (с.ғ.с.): “Сендер үшiн ең абзал күн – жұма. Жұма күнi Адам ғ.с. жаратылып, жұма күнi жан тапсырды. Жұма күнi Қиямет күнi басталуының белгiсi болған сұр үрiлiп, қатты дауыс шығады. Ендеше сол күнi Маған салауатты көп айтыңдар. Себебi, сендердiң салауаттарың Маған жетедi”, – деп айтқан уақытта адамдар: “Я, Расулуллаһ (с.ғ.с.)! Сiз топыраққа айналсаңыз, бiздiң салауаттарымыз Сiзге (с.ғ.с.) қалай жетедi?”, – деп сұрады. Расулуллаһ (с.ғ.с.): “Аллаһ Тағала Пайғамбарлардың денелерiн шiрiмейтiн еткен” - деп жауап бердi.” Хадистi Аус ибн Аустан (р.л.ғ.) Имам Әбу Дауд риуаят еттi.


Категориясы: Уағыз-насихат бөлімі | Көрілді: 1361 | Ендірген: Dinislam_Kz | Рейтингі: 5.0/1 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 0

Есімі*:
Email-ы:
WWW:
Сақтық коды *:


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2010 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде сілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


Создать сайт бесплатно
жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Тамыз 2008  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар: nakhan, bola80

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: bola80

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 3563
Осы ай ішінде: 22
Осы апта ішінде: 6
Кеше: 1
Бүгін: 1