02.08.08. ИЕГОВА КУӘГЕРЛЕРІНЕ АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ. - 2 Августа 2008 - Бала-Бүргемге қош келдіңіз
Сенбі, 11.Ақпан.2012, 22:13
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  ОРАМАЛ ТАРТҚАН – ЕРСI, АЛ КIНДIК АШҚАН ШЕ?
•  Азия парктен жік шықты, екі құлағы тік шықты
•  Сапар айы (Сафар айы)
•  Шіркеу қазақша сөйлей бастады. Бұл нені аңғартады?
•  Фиқһ әл-ғибадат
•  Желтоқсан – жанымның жарасы
•  ОБЛЫСТАҒЫ БАСТЫ МӘСЕЛЕ - ДІН МАМАНДАРЫНЫҢ ТАПШЫЛЫҒЫ
•  Құрбан айт намазы
сауалнама
Намаз оқуыңа не кедергі?
Жауап берілді: 806
 

Негізгі бет » 2008 » Тамыз » 2 » 02.08.08. ИЕГОВА КУӘГЕРЛЕРІНЕ АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ.


02.08.08. ИЕГОВА КУӘГЕРЛЕРІНЕ АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ.
18:49
Қызылордада "Йегово куәгерлері" сектасының мүшелеріне айыппұл салынды
Бірқатар уақыттардан бері Сырдың бойында да сайран салып, белсенділіктерін барған сайын арттырып келе жатқан "Йегово куәгерлері" сектасының мүшелері салық комитеті тарапынан тәртіпке шақырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бірлестік кіріс салығы туралы мәліметтерді ұсынбағаны үшін олардың ұйымына – 70 мың, егесі Ермек Тұрдалинге 46 720 теңге көлемінде айыппұл салынған. Қазіргі таңда облыста 21 діни бірлестік тіркеуде тұр. Соңғы уақыттары елімізде түрлі діни ағымдар көбейіп барады. Олардың атқарып жатқан қызметтерінен заңға қайшы әрекеттер табылса да, ешқайсысы жұмыстарын тоқтатудан бас тартпайтын көрінеді. Ал Евангелистік баптистер шіркеуі деген діни бірлестік не тіркелмейді, не заңға бағынбайды. Олардың айтуынша, мемлекеттің заңы жалған, бұларды тек құдай ғана тіркей алады. Өткен жылы үстерінен іс қозғалып, айыппұл салынды. Биыл тағы бой көтеріпті. Істері енді сотқа жолданған. Ал осы тектес сектанттардың арасынан да алаяқтар кездеседі. Өзге елден келген бір миссионер қала азаматшасының сеніміне кіріп, оны алдап, пәтеріне жалған құжаттар толтырып, ақыр аяғында 4 бөлмелі пәтерді шіркеудің атына аударып жіберген. Ол шіркеу әділет департаментіне тіркелген белгілі діни бірлестікке қарайды. Көрер көзге алдаған алаяқтың үстінен қазіргі таңда қаржы полициясы қылмыстық іс қозғады. Салық комитеті де діни бірлестіктердің заңсыздықтарын анықтады.
Ақпарат көзі: ҚазАқпарат

Категориясы: Еліміздің соңғы жаңалықтары | Көрілді: 1153 | Ендірген: Dinislam_Kz | Рейтингі: 0.0/0 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 0

Есімі*:
Email-ы:
WWW:
Сақтық коды *:


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2010 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде сілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


Создать сайт бесплатно
жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Тамыз 2008  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар: nakhan, bola80

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: bola80

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 3563
Осы ай ішінде: 22
Осы апта ішінде: 6
Кеше: 1
Бүгін: 1