ИБАЛЫ ҚЫЗ, АСЫЛ ЖАР, АЯУЛЫ АНА... - 2 Августа 2008 - Бала-Бүргемге қош келдіңіз
Сенбі, 11.Ақпан.2012, 21:35
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  ОРАМАЛ ТАРТҚАН – ЕРСI, АЛ КIНДIК АШҚАН ШЕ?
•  Азия парктен жік шықты, екі құлағы тік шықты
•  Сапар айы (Сафар айы)
•  Шіркеу қазақша сөйлей бастады. Бұл нені аңғартады?
•  Фиқһ әл-ғибадат
•  Желтоқсан – жанымның жарасы
•  ОБЛЫСТАҒЫ БАСТЫ МӘСЕЛЕ - ДІН МАМАНДАРЫНЫҢ ТАПШЫЛЫҒЫ
•  Құрбан айт намазы
сауалнама
Имамдар жұмыстарын қаншалықты жақсы атқарады?
Жауап берілді: 714
 

Негізгі бет » 2008 » Тамыз » 2 » ИБАЛЫ ҚЫЗ, АСЫЛ ЖАР, АЯУЛЫ АНА...


ИБАЛЫ ҚЫЗ, АСЫЛ ЖАР, АЯУЛЫ АНА...
23:36
Ибалы қыз, асыл жар, аяулы ана...
 
Ұлттық рух пен ар – ождан, кісілік қасиеттің барлығы тал бесіктен басталады. Бесіктің Киесі болса, иесі АНА дер едік. Бүгінгі таңда әлемдік өркениетке бағыт алдық. Осыған орай демократиялық қоғамда тұрмыс-тіршілігіміздің бұрынғы күйі басқа арнаға ауысты. Дәлірек айтқанда, еркін ақпарат алмасу үрдісі қалыптасып, ұлттық тәрбие мектебіміз де жаңа заманауи сипатқа ие болды. Батыстық мәдениеттің кейбір үлгілері өркен жайған жаһандану ғасырында қазақ қыздарының бет-бейнесі де өзгерді. 
Бүгінгі кез қазақ қызына қарап «үкілі кәмшат, бүрмелі көйлек» деп теңеу айтатын уақыт емес. Десек те ертеңгі күні бір шаңырақтың ұйытқысы болар қаракөздеріміздің бүгінгі жүріс-тұрысына, киім кию мәдениеті мен жалпы әдеп мәселелеріне қатысты көптеген сыни пікірлер бар. «Не нәрсе ұятты болса, сол асыл» деген екен Ғабиден Мұстафин.
... Қыз баланы жат- жұрттық боп жаралған соң бес күндік қонағым деп құрметтеген халықпыз. Қызға қырық үйден тыйу, қала берді күңнен тыйу деген халық даналығы бүкіл ұрпақ тәрбиесіне қатысты айтылғанымен бүгінгі түсінік басқа. Себебі қазіргі қазақ қыздарының көбісі салт-дәстүрді ескіліктің жұрнағы деп түсінеді. Қалай болған күнде де қазіргі нарықтық қоғамда ару қыздарымыздың аналық парызды сезінуі үшін отбасында ананың ақыл кеңесі маңызды. Әйтсе де, нарық заманы деген желеумен көп балалы ана болуға бойжеткендердің көзқарасының өзгергенін мойындауымыз керек. Өйткені, отбасында баланың көп болуына көзқарастың түрлі қайшылықта өрбуіне қоғам дамуы қозғау салатыны сөзсіз. Алайда сананы тұрмысқа тәуелді қылмай, керісінше, тіршілігіміздің тынысын биік өремен, терең түйсікпен қабылдауымыз маңызды. Негізінде әйел заты жаратылысында көп балалы болуға қабілетті. Пайғамбарымыз Мұхаммед саллаллаһу алейһи уассаллам «Көбейіңдер, өсіп-өніңдер. Келешекте үмбетімнің көптігімен мақтанатын боламын!» деп өсиет қалдырыпты.
 (Іңкәрсезім.)
Категориясы: Уағыз-насихат бөлімі | Көрілді: 2539 | Ендірген: Dinislam_Kz | Рейтингі: 5.0/5 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 2
02.Тамыз.2008
2. Сайт Имамы (Dinislam_Kz)
Әйел деген - дәл өзіңдей адам,
Әйел деген - кеше сені мәпелеген анаң.
Әйел деген - намысың мен арың,
Әйел деген - қойныңдағы сүйдім деген жарың.

Бесігінде жатқанда бөпелеген,
Тәй-тәй басса, мәз болып жетелеген.
Әйел деген - қызың ғой еркелеген,
Әйел деген - қызың ғой әке деген.

Әйел деген - қарындас «аға» деген
Бір өзіңді қорғаныш, пана көрген.
Әйел деген - әпкең ғой алдыңдағы
Сен қуансаң, қуанар алтын жаны
Дарын Мубаров


[пікірдің сілтемесі]
02.Тамыз.2008
1. Сайт Имамы (Dinislam_Kz)
Маша Аллаһ, қарындастарымызға алтын сырға екен. Аллаһ разы болсын.

[пікірдің сілтемесі]

Есімі*:
Email-ы:
WWW:
Сақтық коды *:


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2010 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде сілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


Создать сайт бесплатно
жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Тамыз 2008  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар: nakhan, bola80

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: bola80

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 3563
Осы ай ішінде: 22
Осы апта ішінде: 6
Кеше: 1
Бүгін: 1