02.08.08. "НҰР ЖОЛЫ" БЕЙБІТШІЛК ЖӘНЕ КЕЛІСІМ ШЕРУІ
22:21
«Нұр жолы» бейбітшілік және келісім шеруі
Қазақстандағы ұлтаралық пен дінаралық келісімді насихаттауды көздеген бір топ азамат «Нұр жолы» Бейбітшілік және келісім шеруін өткізбекші.
2009 жылы Астанадан басталатын шеру 9 мемлекеттің шекарасын кесіп өтіп Біріккен Араб Әмірлігі, қасиетті Меккеге тоқтайды. Жиһанкездер 9300 шақырымды бағындырмақшы, оның 4700 шақырымын жаяу жүріп өтеді. Бар әлемді дінаралық дүрдараздықтан алшақ болуға, бейбітшілікке, келісімге шақыруды ниет еткен шеруге кез-келген адам қатыса алады. Ұйымдастырушылар шерудің қорытындысы ретінде қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде кітап шығаруды көздеп отыр.
Берік Садықов, ОҚО «Қазақстан жастары конгресі» бірлестігінің төрағасы: - Бейбітшілік және келісімнен басқа ешқандай діннің ұрандарысыз, көрдіңіз бе, ешқандай діннің ұрандарын алдымызға алып жүрмейміз және саяси ешқандай бағыт ұстанбаймыз. Біздің мақсатамыз тек бейбітшілік және келісім.
Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.