Мұсылмандардың қасиетті қалалары Мекке мен Медине алтын теңгелерде бейнеленген. 
ААҚ «АИКБ «Татфондбанк»-тің хабарлауынша Қазақстандық алтын теңгелер "Әлемнің атақты мешіттері" атты сериямен саудаға түсті. Алтын теңгелердің негізгі бетінде мешіттердің кіреберісі секілді арка бейнеленген. Одан төмен «500 TENGE» деп жазылған. Санның оң жағында металдың тазалығын білдіретін белгі жазылған (Au 999). Алтын теңгенің салмағы 3,11 грамм. Теңгенің реверс жағында мұсылмандардың қасиетті қалалары Мекке мен Медине орналасқан. Мекке - Сауд Арабияның негізгі қалаларынан. Хижаз ауданының әкімшілік және сауда орталығы. Мұсылмандардың құбыласы, қажылық жасайтын орталығы. Мухаммад с.а.с. пайғамбардың туған жері. Медине - Хижаздың батысында орналасқан қала. Исламдағы Меккеден кейінгі екінші қасеитті қала. Исламдағы тұңғы мешіт Қуба осында орналасқан. Алтың теңгелер сувенирлі қорабтарда шығарылған және Қазақстан Республикасы Халық Банкінің сапа сертификатымен қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде белгіленген. chelny-week.ru
|