Қазақстанда ірі стратегиялық инвестор пайда болды. Бұл жөнінде бүгін Eastland Capital Group Ltd. директорлар Кеңесінің хатшысы Санжар Рахметжанов мәлімдеді,-деп хабарлайды ҚАЗИНФОРМ корреспонденті.
С.Рахметжановтың айтуынша Eastland Capital Group Ltd. инвесторларының көзі Таяу Шығыс, Оңтүстік-Шығыс Азия және Европа елдерінің жеке қорлары.
Жақында ғана Eastland Capital Group Ltd. ірі ислами қор BMB Group Ltd.-мен бірлесе отырып, Қазақстанда регионалды BMB Caspian Ltd. қорын штаб квартирасымен бірге ашқан болатын. Ақпарат көзі: www.inform.kz
Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.