ТОҚАЛДАР ТОПЫРЛАТЫП БАЛА ТАППАСАДА... - 30 Августа 2008 - Бала-Бүргемге қош келдіңіз
Сенбі, 11.Ақпан.2012, 22:14
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  ОРАМАЛ ТАРТҚАН – ЕРСI, АЛ КIНДIК АШҚАН ШЕ?
•  Азия парктен жік шықты, екі құлағы тік шықты
•  Сапар айы (Сафар айы)
•  Шіркеу қазақша сөйлей бастады. Бұл нені аңғартады?
•  Фиқһ әл-ғибадат
•  Желтоқсан – жанымның жарасы
•  ОБЛЫСТАҒЫ БАСТЫ МӘСЕЛЕ - ДІН МАМАНДАРЫНЫҢ ТАПШЫЛЫҒЫ
•  Құрбан айт намазы
сауалнама
"АСЫЛ АРНА" телеарнасын қайдан көресіз?
Жауап берілді: 570
 

Негізгі бет » 2008 » Тамыз » 30 » ТОҚАЛДАР ТОПЫРЛАТЫП БАЛА ТАППАСАДА...


ТОҚАЛДАР ТОПЫРЛАТЫП БАЛА ТАППАСАДА...
06:44

Тоқалдар топырлатып бала таппаса да... 

  Қазақ қоғамында көп әйел алушылық және оны заңдастыру мәселесі парламент депутаттары тарапынан дүркін-дүркін сөз болып келе жатқаны мәлім. 
Жақында Иран парламентінің заңдылық және әділет істері жөніндегі комитеті "Отбасы туралы" заңға бәйбішенің келісімін сұрамай-ақ, екінші әйел алуға мұрсат ететін бапты мақұлдады, тек онда назар аударатын бір жайт- егер дәулетіңіз тасып жатса делінеді, демек, бір емес бірнеше отбасын асырай алсаңыз, деген ой жатыр оның астарында. 
Иранда көп әйел алушылық бұған дейін де болған, бірақ ол Шариғат заңы бойынша бірінші әйелдің келісімімен жүзеге асып келген. Иран мәжілісі комитетінің депутаттары ендігі жерде бұл келісім қажет емес деп есептейді. 
Қазақ қоғамында да көп әйел алушылық және оны заңдастыру мәселесі парламент депутаттары тарапынан дүркін-дүркін сөз болып келе жатқаны мәлім. 

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Қазақстанның көршісі - Қырғызстан парламентінің депутаттары көп әйел алушылықты талқылай келіп, дауысқа салған кезде бір ғана дауыс жетпей, өтпей қалғаны бар. Бертінде бұл мәселені Қырғызстанның Әділет министрі де бірнеше мәрте көтерген болатын.
Жақында қазақстандық газеттердің бірінен "Тоқалдар топырлатып бала табады деп кім айтты?" деген мақаланы көріп қалған едік. 
Көп әйел алу көшпелі дәуірдегі қазақ арасында ертеден қалыптасқан дәстүр екендігі белгілі. Бірнеше әйелінен тараған көп балалы отбасын адами жарасымды қарым-қатынастармен, ынтымақпен ұстаған ерлер қазақта аз болмаған. 
Советтік дәуірді бастан кешірген азаматтардың ұрпақтары - бүгінгі 21 ғасыр жастарының құлағына көп әйел алушылық туралы әңгіме анайы, жат естілері анық. 
Бірақ... Осы бірақтың аржағында бүгінгі күннің шындығы бүркемеленіп жатқандай. 
Бүгінгі қоғамда жасырын жағдайдағы екі емес тіпті одан да көп әйелі бар ер азаматты табу үшін көп қинала қоймайсыз. Олардың айырмашылығы- жаһанға жар салып жарияламайды, өз есебі өзінде.
Есесіне некесіз туған сәбилер, тірі жетімдер, болмаса ер-азаматынан көмек қолдау болмай, қиналған сәтте бауыр еті баласын жетімханаға тапсыратын көкек аналар көбейген. 
Олай болса, тоқал топырлатып бала таппаса да, бір-екі баламен шектеліп қалған бәйбішенің балаларына іні-қарындас боларлық бірер сәбиді дүниеге әкелсе, бір жағы демография өсімі түзеліп, екінші жағынан некесіз туған тірі жетімдер азаяр ма еді....
Сағат БАТЫРХАН. Азаттық радиосы.

Категориясы: Өзекті мәселе.... | Көрілді: 1486 | Ендірген: Dinislam_Kz | Рейтингі: 0.0/0 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 1
30.Тамыз.2008
1. Сайт Имамы (Dinislam_Kz)

[пікірдің сілтемесі]

Есімі*:
Email-ы:
WWW:
Сақтық коды *:


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2010 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде сілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


Создать сайт бесплатно
жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Тамыз 2008  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар: nakhan, bola80

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: bola80

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 3563
Осы ай ішінде: 22
Осы апта ішінде: 6
Кеше: 1
Бүгін: 1