07.09.08. МҰСЫЛМАНДАР ҚАСИЕТТІ ГЕОРГИЙ КРЕСІНЕН БАС ТАРТАДЫ. - 7 Сентября 2008 - Бала-Бүргемге қош келдіңіз
Сенбі, 11.Ақпан.2012, 22:26
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  ОРАМАЛ ТАРТҚАН – ЕРСI, АЛ КIНДIК АШҚАН ШЕ?
•  Азия парктен жік шықты, екі құлағы тік шықты
•  Сапар айы (Сафар айы)
•  Шіркеу қазақша сөйлей бастады. Бұл нені аңғартады?
•  Фиқһ әл-ғибадат
•  Желтоқсан – жанымның жарасы
•  ОБЛЫСТАҒЫ БАСТЫ МӘСЕЛЕ - ДІН МАМАНДАРЫНЫҢ ТАПШЫЛЫҒЫ
•  Құрбан айт намазы
сауалнама
Қанша уақыт намаз оқисыз?
Жауап берілді: 608
 

Негізгі бет » 2008 » Қыркүйек » 7 » 07.09.08. МҰСЫЛМАНДАР ҚАСИЕТТІ ГЕОРГИЙ КРЕСІНЕН БАС ТАРТАДЫ.


07.09.08. МҰСЫЛМАНДАР ҚАСИЕТТІ ГЕОРГИЙ КРЕСІНЕН БАС ТАРТАДЫ.
03:05
Мұсылмандар Қасиетті Георгий кресінен БАС ТАРТАДЫ
Санкт-Петербург мешіті
Ресей мұсылмандары М.Медведевтен өздеріне жеке әскери марапат тағайындауды өтінеді. Осылайша мемлекеттік атақ беру жүйесін реформалауды ұсынған – Петербургтің ірі діни ұйымы «әл-Фатх», өйтпеген жағдайда мұсылман-солдаттардың Қасиетті Георгий кресінен бас тартуына тура келетінін айтады.
«Грузияны бейбітшілікке шақыру операциясына діні ислам ресейлік солдаттар да қатысты. Әрине, олар Отанына адал және шынайы қызмет етті, сондықтан оларға кез келген марапаттың түрі лайық. Бірақ Қасиетті Георгий орденін немесе Георгий кресін оларға тарту ету – діни ар-ожданын аяқ асты етеді», – дейді «әл-Фатх» ұйымы төрағасының орынбасары Жамаладдин Махмұтов ресейлік бір баспасөзге берген сұхбатында.
«Әл-Фатх» ұйымының пікірінше, Қасиетті Георгий кресі – христиандардың символы. «Жақында телеарнадан президент Медведевтің Оңтүстік Осетиядағы оқиғадан кейін әскери госпитальда жатқан солдаттарды сол орденмен марапаттап жатқанын көрсетті. Осыдан кейін бізге қоңырау шалып, мемлекеттің мұсылмандарға креспен құрмет көрсетуіне наразы екенін айтқандар болды», – дейді аталған ұйым төрағасының орынбасары.
Мемлекеттік наградалар ережесіне енгізілген соңғы өзгерту бойынша Георгий ордені мен Георгий кресі «басқа мемлекеттердің территориясында халықаралық бейбітшілік пен тұрақтылықты қолдау және қалпына келтірудегі» әскери ерлігі үшін берілетін болып шешілді, әрі ол Ресейдің ең жоғары әскери наградасы болып табылады.
Осы мәлімдемеден кейін біз қазақтардың ішінде аталған құрмет-атақпен марапатталғандар бар ма деп іздестіріп көрген едік. Алайда оны біз екі ғасыр бұрынғы тарихтан таба алдық. Мәселен, Қазыбай Черныш пен Әкім Болатов деген аталарымыз орыстың әскерімен бірге Наполеонға қарсы жорыққа шыққан екен. Әкім Болатов 1807 жылы Гейльсберг түбінде француздармен арадағы қарулы қақтығыста көзге түсіп, Қасиетті Георгий орденімен марапатталады. Ал Қазыбай атамыздың өңіріне де 1813 жылы Ресей территориясынан наполеондық әскерлерді тырқырата қуған әскери ерлігі үшін Қасиетті Георгий ордені тағылады. Міне, бұл кісілердің қазір ұрпағы бар ма, бізге белгісіз. Алайда ертең мұсылмандарға арналған осы орденнің орнын басатын басқа бір дүние ойластырылып жатса, Қазақстан тарапы қандай әрекет етуі керек? Бұл сауалдың жауабы, біздіңше, уақыттың еншісінде.
Ақпарат көзі: http://www.aikyn.kz Кәмшат САТИЕВА.
Категориясы: Өзекті мәселе.... | Көрілді: 1265 | Ендірген: Dinislam_Kz | Рейтингі: 0.0/0 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 1
07.Қыркүйек.2008
1. Сайт Имамы (Dinislam_Kz)

[пікірдің сілтемесі]

Есімі*:
Email-ы:
WWW:
Сақтық коды *:


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2010 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде сілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


Создать сайт бесплатно
жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Қыркүйек 2008  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар: nakhan, bola80

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: bola80

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 3563
Осы ай ішінде: 22
Осы апта ішінде: 6
Кеше: 1
Бүгін: 1