10.09.08. ДІНИ СЕНІМ БОСТАНДЫҒЫ ЖӘНЕ ДІНИ БІРЛЕСТІКТЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ. - 10 Сентября 2008 - Бала-Бүргемге қош келдіңіз
Сенбі, 11.Ақпан.2012, 22:11
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  ОРАМАЛ ТАРТҚАН – ЕРСI, АЛ КIНДIК АШҚАН ШЕ?
•  Азия парктен жік шықты, екі құлағы тік шықты
•  Сапар айы (Сафар айы)
•  Шіркеу қазақша сөйлей бастады. Бұл нені аңғартады?
•  Фиқһ әл-ғибадат
•  Желтоқсан – жанымның жарасы
•  ОБЛЫСТАҒЫ БАСТЫ МӘСЕЛЕ - ДІН МАМАНДАРЫНЫҢ ТАПШЫЛЫҒЫ
•  Құрбан айт намазы
сауалнама
"АСЫЛ АРНА" телеарнасын қайдан көресіз?
Жауап берілді: 570
 

Негізгі бет » 2008 » Қыркүйек » 10 » 10.09.08. ДІНИ СЕНІМ БОСТАНДЫҒЫ ЖӘНЕ ДІНИ БІРЛЕСТІКТЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ.


10.09.08. ДІНИ СЕНІМ БОСТАНДЫҒЫ ЖӘНЕ ДІНИ БІРЛЕСТІКТЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ.
14:30
Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктерге қатысты заң жобасы талқыланды
Кеше Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының жұмыс тобының екінші сессиядағы алғашқы отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Аталған заң жобасына Мәжіліс депутаттары Берік Бекжанов, Тито Сыздықов, Владимир Нехорошев, Нұртай Сабильянов, Наталья Геллерт пен Сенат депутаттары Серік Ақылбай, Анатолий Башмаковтар бастамашы болған. Жұмыс тобына депутат Камал Бұрханов жетекшілік жасады.
 
Заң жобасын дайындау қоғамның демократиялық дамуының маңызды факторы болып табылатын мемлекет пен діни ұйымдардың өзара қарым-қатынасын реттеу мәселесін тәртіпке келтіру, діни ұйымдардың құқықтары мен міндеттерін заңды түрде бекіту қажеттілігінен туындап отырғаны белгілі.
Депутаттардың айтуынша, осы жолы ұсынылып отырған өзгерістер мен толықтырулар негізінен діни бірлестіктердің қызметін және құқықтық мәртебесін реттеуге бағытталған. Сондай-ақ мемлекеттің бақылау функцияларын және діни бірлестіктердің жауапкершілігін күшейтуді көздейді.
Заң жобасында діни бірлестіктерді мемлекеттік тіркеу рәсімдеріне байланысты ережелерді нақтылау, заңды тұлға белгілері жоқ шағын діни топтардың мәртебесін, яғни, ұғымын, олардың есептік тіркеу тәртібін, құқығын, діни бірлестіктерден айырмашылығын айқындау нормалары қарастырылған.
Заң жобасына байланысты еліміздің көптеген аймақтарында биылғы жылдың көктемінде кездесулер, дөңгелек үстелдер өткізілді. Онда халықтан көптеген жазбаша, ауызша ұсыныстар алынды. Заң жобасының концепциясы Мәжілістің өткен сессиядағы жалпы отырысында бірінші оқылымда мақұлданған болатын.
Бүгінгі отырыста жұмыс тобының мүшелері заң жобасын салыстырма кесте бойынша талқылады. Оның жұмысына дін және қоғамдық ұйымдардың өкілдері, Бас прокуратураның, Жоғарғы соттың, Әділет, Сыртқы істер министрліктерінің өкілдері қатысып, пікір алмасты.
ҚазАқпарат.
Категориясы: Өзекті мәселе.... | Көрілді: 1199 | Ендірген: Dinislam_Kz | Рейтингі: 0.0/0 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 0

Есімі*:
Email-ы:
WWW:
Сақтық коды *:


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2010 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде сілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


Создать сайт бесплатно
жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Қыркүйек 2008  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар: nakhan, bola80

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: bola80

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 3563
Осы ай ішінде: 22
Осы апта ішінде: 6
Кеше: 1
Бүгін: 1