«ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТІ» 1991 ЖЫЛЫ ПАЙДА БОЛЫПТЫ...
Қазақстан Исламдық мемлекеттік болмаса да халқының басым бөлігі осы жетекші дінді ұстанады. Осыны отырыста арқау еткен депутаттар ислам дініне неге артықшылық бермеске деп отыр. Басқа мемлекеттерді айтпағанның өзінде Ресейде дәстүрлі діндерге басымдылық беріп отыр. Басқа діни бірлестіктер мен секталарды мойындамайды. Ал бізде керісінше өзге діни бірлестіктер Ислам дінінің дәстүрлі дін екендігін мойындамақ түгілі күллі ұлттың тарихын мойындамайтын секілді.
Олай дейтініміз отырыста қатысып отырған діни бірлестік өкілдерінің бірі болуы керек Ислам және Проваслав дінінің артықшылығы туралы пікір алмасу болып жатқанда жорта айтты ма кім білсін (расында түсінігі солай болар Б.Н) қазақ халқы тоқсаныншы жылдардың басында ғана пайда болды деп қарап отыр. Бұған не деуге болады. Дәл осындай жаңсақ әрі ерсілеу пікірі әрине депуттаттардың нарзылығын тудырды. «Бұл Александр мырзаның айтып отырғаны яғни қазақ мемлекеті 1991 жылдарының басында пайда болды деген сөзі халықтың намысына тиетін сөз. Қазақ мемлекеті «Түркеш қағанатынан» басталады. Тоқсаныншы жылдары аспаннан түскен мемлекет дегені қай сасқаны. Барып тұрған бассыздық. Қай бетімен қазақ топырағын басып, нанын жеп жүр» деп Бекболат Тілеухан қарсы шықты. Расында еркінсітіп, төбемізге көтерген өзге ұлттардың қарымтасы осындай болып жататыны ашы да болса шындық.
Ендігі уақытта елімізде Ислам және проваслав дініне басымдылық берілетін болады. Кезінде әр-түрлі деңгейдегі соққыға ұшыраған «Діни наным-сенім туралы Заң жобасы» толықтырылып жаңарған түрі Парламентте алғашқы оқылымында-ақ қабылданған болатын. Дегенмен, аталмыш құжаттың олқы тұстары көп секілді. Бұған жекелеген адамдардан және әр-түрлі қоғамдық ұйымдардан келіп түсіп жатқан шағымдар дәлел бола алады. Осы себеп болып құжатты жасаған жұмыс тобы қайта бір сүзгіге салып көрді.
Әбден пісіп-жетілді делінген құжаттың солқылдақ екенін дәлелдейтін сыни материалдар Заң жобасы мақұлданған күннен бастап-ақ, баспасөз құралдарында қаптап кеткенін білеміз. Зиялы қауымнан бастап қарапайым халыққа дейін өз пікірлерін білдіріп үн қосқанды.
Ислам діні елімізде келімсек секталар мен түрлі діни бірлестіктердің деңгейінен аса алмай келеді. Осылай деп дабыл қаққан халық қалаулылары Ислам және проваслав дініне артықшылық беру керек деген тұжырым жасады. Дегенмен бұл әлі нақты шешім емес. Сонымен құжатқа Ресейдегі дәстүр ізімен « өзге діндерді құрметтей отырып» деген сөйлем енгізілді. (Ресейде жүзден астап ұлт өкілдері тұратын болса да прослав дінінің басымдылығы жоғары). Өзгеден сабақ алуда алдына жан салмайтын шенеуніктер осы мәселеге келгенде өзге бірлестіктерге аса жомарттық танытаны тым түсініксіз Бас-аяғын түгендеп реттеген соң Заң жобасын Парламенттің екінші оқылымына жіберді. Екінші оқылымда мақұлданса Сенаттың талқылауы күтіп тұр.
Бүркіт НҰРАСЫЛ. АСТАНА
|