Діни ұйымдарды тіркеу тәртібі мен олардың қалай қаржыландыруы қоғам қадағалауында болады.
Өткен сессияда депутаттар «Діни наным сенім туралы» заңға осындай өзгерістер енгізген. Алайда кейбір халықаралық ұйым өкілдері жаңа өзгерістерге өздерінше баға беріп, бүйректен сирақ шығаруға ұмтылуда. Қазақстанда «Діни наным-сенім туралы» заң алғаш 1992-ші жылы қабылданды. Содан бері өзгермеген құжаттың арқасында елімізге қанша ағымның «ақылгөйлері» келгені тек бір Аллаға аян. Алайда, оларды қайта тіркеп, қандай харекетпен күнкөріп жатқынын заман талабына сай заңмен қадағалауды ұйғарған депутаттарға өзге ұйым өкілдерінің өзеуреп қарсы шығуында бір гәп бар. Сол түсініксіз.
Евгений Жовтис, Адам құқығын қорғау жөніндегі халықаралық Бюроның Қазақстандағы өкілі Діни бірлестіктерді тіркеу деген халықаралық тәжірибеде мүлдем жоқ. Өйткені ол міндет емес. Бұл сөзімді кімге, қай жерде болса да дәлелдеп бере аламын.
Алдан Смайыл, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Егер біз жаңағы халықаралық ұйымдардың әсіресе, ОБСЕ-нің талаптарына мойынсұнып, біз жаңағы діни бірлестіктерді тіркемейтін болсақ онда не болады? Мысалы мен Сізге бір мысал айтайын: ҰОС-нан кейін демократияға тым беріліп кеткен Жапония дінге де ерік беріп сол аз ғана уақытың ішінде осы елді 736-дан астам жаңадан діни сенім пайда болған. Оның ішінде тіпті электр тоғына табынтындарда бар. Ресми ақпарат қазір қазақ елінде 46 діни конфиссия мен 4 мыңдай бірлестіктің жұмыс істейтінін айтады. Халқы 16 миллионға жетер-жетпес қазақ үшін осыншама ағымның қаншалықты қажет екені аз айтылып, кем жазылған жоқ. Бірақ, басты айналдырып, басынып жүрген бәтуәсіздердің енді «құқығымыз тапталып жатыр»,-деп басқаға жар салуын қалай түсінуге болады.
Нинель Фокина, Хельсинки- комитетінің қазақстандық өкілі Егер елдегі этникалық топтар көпшілік пайызға ие болып, олар дамып, ал аз топтың құқығы тапталып жатса, ондай елді демократиялық ел деп айтуға болмайды.
Бекболат Тілеухан, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты В своё время чеченцы пришли, русские приехали, поляки пришли сюда, а кто-нибудь испытывал ущемление со стороны казахов? Нет. Никогда такого случая не было. Теперь вы говорите керемет бір қиыншылық көрсетіп жатқан секілді. Тұрғындарының 72 пайызын мұсылман құрайтын қазақ зайырлы мемлекет. Бірақ бұл жат пиғылдылар білгенін істесін деген сөз емес. Осыдан кейін депутаттар бүгінгі отырысты ұйымдастырған ұйым өкілдерінің әрекетіне құр байбалам деген баға берді.
Розақұл Халмурадов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мына халықаралық ұйымдардың өкілдері байбалам салып, бізді қысып жатыр, мына иман, ождан еркіндігін жоқ қылмақша, келешекте Қазақстанда дін жоғалып кетуі мүмкін деген мәселер айтып жатыр. Бұның бәрі әншейін байбалам. Ал енді дін керек болмайтын болса, Қазақстан бүкіл әлем дінбасыларының съезін өткізер ме еді. Екі съезд өткіздік, енді үшіншісіне дайындалып жатырмыз. Еуропада христиандарға баса көңіл бөлінетіндігі сонша оларға салықтан түрлі жеңілдіктер жасалады. Францияда елдегі басты үш діннің басшыларын мемлекет тағайндайды. Соны ойлағанда Қазақстандағы халықаралық ұйым өкілдерінің харекеті қарныңды ашырып қана қоймай қаныңды тасытып жіберетіні жаман... Қазақстан РТРК.
|