[11.09.08.] 11 ҚЫРКҮЙЕК ОҚИҒАСЫНА ОРАЙ ЖИЫН НЕГЕ ӨТПЕЙ ҚАЛДЫ.
00:05
9 қыркүйек күні сайтымызда: "АСТАНАДА "ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ ИСЛАМ ЖӘНЕ ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ МӘСЕЛЕЛЕРІ" ТАҚЫРЫБЫНДА ОТЫРЫС ӨТЕДІ" деген жаңалық жариялаған болатынбыз.
Дегенмен ол отырыс өтпеді деп хабарлайды Азаттық радиосы:
11 қыркүйек оқиғасына орай жиын неге өтпей қалды?
11.09.2008 Айжан ЖЕҢİСҚЫЗЫ 11 қыркүйек оқиғасының 7 жылдығына орай Мұсылмандар Одағы "21 ғасырдағы ислам және діни экстремизм" атты мәслихат өткізуі тиіс еді. Алайда жергілікті билік ең соңғы сәтте жиынға тоқтау қойған. 11 қыркүйек күні өтуі тиіс жиынға бір ай бойы мұқият дайындық жасалыпты. Оған ғалымдар, АҚШ, Үндістан, Иран және тағы басқа елшілік өкілдері, үкімет пен Парламент мүшелері шақырылған болатын. Алайда сәрсенбі күні кешке кенеттен Астана қалалық әкімшілігі жиын өткізуге Астандағы Ұлттық кітапхана ғимараты берілмейтіндігін хабарлапты. "Сөйтіп, ертесінде жиналған шетелдік қонақтарды кері қайтаруға мәжбүр болдық", - дейді Қазақстан мұсылмандар Одағының төрағасы Мұрат Телебеков Азаттық радиосына. - Мұның себебін біле алмадық. Әкімшілік оны түсіндіруден де, бізбен кездесуден де бас тартып отыр. Сондықтан бүгін біз Президент әкімшілігіне хат жазып жібердік. Қазір бұл мәселе тексеріліп жатқан тәрізді, - дейді ол Азаттыққа берген сұхбатында. Мұрат Телебековтің сөзіне қарағанда, бұл бас қосуда діни экстремизммен күрес жолдары кеңінен талдануы керек еді. Оған қоса 11 қыркүйек оқиғасының биыл Рамазан айына тұспа-тұс келуі ескеріліп, Қазақстан мұсылмандар Одағы АҚШ-тағы мұсылмандарға көңіл айту арнап, Қазақстандағы АҚШ елшілігі республикадағы Биылғы 11 қыркүйек оқиғасын еске алу Рамазан айына тұспа-тұс келіп отыр. мұсылмандарды Рамазан мейрамымен құттықтауы жоспарланыпты. Биылғы 11 қыркүйек оқиғасын еске алу Рамазан айына тұспа-тұс келіп отыр. "Бірақ Астана әкімшілігі жиынды өткізуге ғимаратты бермеу арқылы Қазақстанның абыройын түсіріп, Қазақстан Президенті саясатын қаралады", - деп есептейді Мұрат Телебеков. Астана қалалық әкімшілігінің ішкі саясат бөліміне хабарласқанымызбен, олардан түсініктеме алу мүмкін болмады. Жиында баяндама жасауы тиіс болғандардың арасында Парламент депутаты, Мәжілістің халықаралық істер және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Камал Бұрханов та бар. Ол Ұлттық кітапхана Астана қалалық әкімшілігіне қарамайтындығын тілге тиек ете отырып, жиынның аяқ астынан болмай қалуы түсініксіз дейді: - Білмедім. Ұлттық академиялық кітапхана Мәдениет министрлігіне қарайтын болуы керек. Егер жиын ұйымдастырушылар оны жалға алған болса, әкімшіліктің онда қандай шатағы бар?! Ал Қазақстан мұсылмандары Діни басқарамасының баспасөз-хатшысы Оңғар қажы Өмірбек Қазақстан мұсылмандар одағы үйытқы болған бас қосуға ғимарат берілмегенін құптайды. Өйткені, оның сөзіне қарағанда, Қазақстан мұсылмандар Одағы – мемлекеттік тіркеуден өтпеген заңсыз ұйым: - Оны Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов жақсы біледі. Егер бұл ұйым заңды түрде тіркелген, дұрыс жұмыс істейтін болса, оған кім кедергі жасамақ?! Олардың дінге еш қатысы жоқ! Бұл ұйым діни емес, оппозициялық саяси ұйымға ұқсайды. Оларға жиын өткізуге рұқсат бермегені дұрыс болған. Әйтпесе, олар мұсылмандықтың беделін түсірер еді. Қазақстан мұсылмандар Одағының ресми сайтында бұл бірлестіктің әлеуметтік, қайырымдылық және басқа да қоғамдық-пайдалы мақсаттарды көздейтін коммерциялық емес ұйым екендігі көрсетілген.
қызық үшін сайтын іздеп көрдім Қазақстан мұсылмандар Одағының. Мына сөздерінің өзі-ақ жеткілікті екен олардың ақидасын көру үшін:
Quote
Иоанн Павел II олицетворял собой новое поколение духовенства, сумевших вырвать религию из оков догматизма, косности и консерватизма. Смело вторгаясь в общественную и политическую жизнь, он указывал путь, по которому должна двигаться истинная религия. Феномен Папы заключается в том, что, не обладая могучей армией и финансовыми средствами, он олицетворял собой не только духовную власть над миллионами людей, но и огромное политическое влияние. Его аудиенции добивались крупнейшие политики всего мира, его благословения просили люди самых разных профессий и вероисповеданий. Воистину было над ним благословение Аллаха, ибо источал он свет, который притягивал миллионы людей. Иоанн Павел II не только призывал к смирению перед Богом, но всегда отважно противился злу во всех его проявлениях, причем не только в отношении своей паствы. Он вставал на защиту мусульман, когда имамы покорно молчали; он защищал христиан и протестантов, когда священнослужители призывали к смирению и конформизму. Он защищал даже тех, кто не верил в Бога и отрицал его. Воистину, это было вселенское милосердие, не знавшее границ. С его смертью человечество осиротело, и сегодня в эти скорбные дни люди обращаются в молитвах к Всевышнему с просьбой дать силы и надежду в минуты безутешного горя. От имени миллионов верующих Союз мусульман Казахстана выражает нашим братьям католикам глубокое соболезнование, и призывает во всех мечетях, церквях, храмах и синагогах прочитать поминальные молитвы, посвященные этому великому человеку.
және бұл жазғандарын "ФЕТВА СОЮЗА МУСУЛЬМАН КАЗАХСТАНА" деп қойған жалпы сайтын оқығаннан кейін билікті көздеген партия екені көрініп тұр.
Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.