Қасиетті Рамазан айы басталардан бірер күн бұрын Талдыбұлақ ауылынан биік мұнаралы ақ мешіт үйі ашылып, мұсылмандар қауымына қуаныш сыйлады. Белбұлақ селолық округіне қарасты Ақбұлақ, Бірлік, Талдыбұлақ ауылдарында бұрын-соңды мешіт үйі салынбағандығын ескерген осы ауылдың топырағында түлеп-ұшқан атқам... Жалғасын оқу »
[15.09.08.] ҚАСИЕТТІ ҚАЖЫЛЫҚ САПАРЫНА ДАЙЫНДЫҚ ШАРАЛАРЫ БАСТАЛДЫ.
Қасиетті қажылық сапарына дайындық шаралары басталды
Елімізде желтоқсанның сегізі күні басталатын қасиетті қажылыққа дайындық шаралары басталды. Қазақстанның діни басқармасы, сапарға қажетті құжаттардың тек бірінші қарашаға дейін қабылданатынын ескертеді. Маусым айында Сауд Арабиясының қажылық істер жөніндегі министрлігінің шақыруымен Мекке мен Мәдинада болған Қазақстанның діни басқармасының өкілдері биылғы қажылыққа байланысты екі жақты келісімге қол қойып келді. Құжатқа сәйкес, үстіміздегі жылы мұсылман баласының бесін... Жалғасын оқу »
Соңғы бес жыл ішінде 10 мың испандық Исламды қабылдады.
ACPress христиан жаңалықтар агенттігің ақпаратына жүгінсек, Испания (Испания VIIІ ғасырда Ислам халифатының құрамында болған) Андалусияда 3500 адам, ал Каталонияда 3000 адам Исламды қабылдап мұсылман болған. Islam.com.uа.
[15.09.08.] БИЫЛ ҚАЗАҚСТАННАН ҚАЖЫЛЫҚҚА 5000 АДАМ БАРМАҚ.
Биыл Қазақстаннан қажылыққа 5000 адам бармақ
Бүгін журналистермен өткен жүздесуде Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының (ҚМДБ) өкілдері, атап айтқанда: Бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлі, оның орынбасары Мұхаммед-Хусейн Алсабек және ҚМДБ аппарат жетекшісі Балтабай Мекежанов биылғы жылы қажылыққа барудың мерзі... Жалғасын оқу »
[15.09.08.] АУЫЛЫНА МЕШІТ САЛЫП, БАЛАЛАРҒА ДЕМЕУШІ БОЛДЫ.
Ауылына мешіт салып, балаларға демеуші болды
БҚО-ның Сырым ауданы Жосалы ауылдық округінде жаңа мешіт ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы БҚО бойынша өкіл имамы Смайыл Сейітбек ауыл халқын осынау қуанышпен, қасиетті Рамазан айымен құттықтап, игі тілегін білдірді. Мешіт үйін қазір Астана қаласында тұратын кәсіпкер, Қоңыр ауылының түлегі Рауан Үсенов салып берді. Ол сонымен бірге өзі білім алған мектептің озат оқушыларын әр тоқсан сайын қаржылай марапаттап келеді. Биыл сондай-ақ бір топ үздік шәкірт Р.Үсеновтің қолдауымен әсем Астанада болып, елорданы аралап қайтты. ҚазАқпарат. Ғайсағали Ералы.