[16.09.08.] ДІНИ СЕНІМ БОСТАНДЫҒЫ ЖӘНЕ ДІНИ БІРЛЕСТІКТЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ ЕКІНШІ ОҚЫЛЫМҒА ДАЙЫН. - 16 Сентября 2008 - Дінисламға қош келдіңіз
Сейсенбі, 22.Мамыр.2012, 21:13
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  Намаз адамды жалықтыра ма?
•  Ұлықбек Алиакбарұлы: "Жаңа заманға сай жаңа медианы меңгерген имам керек"
•  ОРАМАЛ ТАРТҚАН – ЕРСI, АЛ КIНДIК АШҚАН ШЕ?
•  Азия парктен жік шықты, екі құлағы тік шықты
•  Сапар айы (Сафар айы)
•  Шіркеу қазақша сөйлей бастады. Бұл нені аңғартады?
•  Фиқһ әл-ғибадат
•  Желтоқсан – жанымның жарасы
сауалнама
Сіз қайсы мазхабты ұстанасыз?
Жауап берілді: 1184
 

Негізгі бет » 2008 » Қыркүйек » 16 » [16.09.08.] ДІНИ СЕНІМ БОСТАНДЫҒЫ ЖӘНЕ ДІНИ БІРЛЕСТІКТЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ ЕКІНШІ ОҚЫЛЫМҒА ДАЙЫН.


[16.09.08.] ДІНИ СЕНІМ БОСТАНДЫҒЫ ЖӘНЕ ДІНИ БІРЛЕСТІКТЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ ЕКІНШІ ОҚЫЛЫМҒА ДАЙЫН.
17:29
Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктерге қатысты заң жобасы екінші оқылымға дайын
Бүгін Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кезекті отырысы болып өтті. Онда бірқатар заң жобалары қаралды. Атап айтқанда, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екінші оқылымға әзірлеу барысында туындаған мәселелер талқыға салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Парламент депутаттары бастамашы болған осы заң жобасы мемлекет пен діни ұйымдардың өзара қарым-қатынасын реттеу мәселесін тәртіпке келтіру, діни ұйымдардың құқықтары мен міндеттерін заңды түрде бекіту қажеттілігінен туындағаны белгілі.
Ұсынылған толықтырулар негізінен діни бірлестіктердің қызметін және құқықтық мәртебесін реттеуге бағытталған. Сондай-ақ мемлекеттің бақылау функцияларын және діни бірлестіктердің жауапкершілігін күшейтуді көздейді.
Жұмыс тобында қаралып болған осы заң жобасы бүгін аталған комитеттің отырысында Салыстырма кесте бойынша талқыланды. Салыстырма кестеге 65 түзету енгізілген. Жұмыс тобындағы көтерілген мәселелер жөнінде депутат Серік Темірболатов түсінік берді. Кейбір даулы баптар бойынша депутаттар Аманкелді Момышев, Уәлихан Қалижанов, Ермұханбет Омаровтар пікір білдірді. «Бұл заң жобасын енді алдағы аптадағы Мәжілістің жалпы отырысында екінші оқылымда талқылауға шығарамыз», - деп қорытынды жасады Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Н.Рүстемов.
Келесі кезекте комитет мүшелері Әзірбайжан Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы, Түркіменстан және Өзбекстан Республикасы арасындағы Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығын (ОАӨАҮО) құру туралы келісімді бекітуді көздейтін заң жобасын қарады. Бұл құжаттың маңыздылығы туралы ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Қалмұханбет Қасымов баяндама жасады.
Комитеттің отырысында бірқатар халықаралық құжаттарды ратификациялау және Салық туралы, үш жылдық Бюджет кодекстерінің жобалары мен «Әлеуметтік қызметтер туралы» заң жобалары бойынша депутаттардың ұсыныстары қаралды.
ҚазАқпарат. Айдын Бәймен.
Категориясы: Еліміздің соңғы жаңалықтары | Көрілді: 1280 | Ендірген: Dinislam_Kz | Рейтингі: 0.0/0 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 0


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2012 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


Создать сайт бесплатно
жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Қыркүйек 2008  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар: erbolatik_7, zh_th

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: xatab

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 3620
Осы ай ішінде: 12
Осы апта ішінде: 4
Кеше: 1
Бүгін: 0