[17.09.08.] АЛАКӨЛ АУДАНЫНДА (ТАЛДЫҚОРҒАН) ЖАҢА МЕШІТ АШЫЛДЫ.
01:46
Алакөл ауданында «Әмір қожа» мешіті ашылды
Қасиетті Рамазан айында Алматы облысы Алакөл ауданының Көктума ауылында «Әмір қожа» мешіті ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Аудан әкімі Бағдат Қарасаевтың хабарлауынша, мешіт ауыл тұрғындарының қаржысына салынып отыр және ол 200 орынға есептелген. Мешіттің жанында дәрет алуға арналған арнайы орын-жай да бар. алты айдың ішінде салынып біткен мешіттің аумағы абаттандырылған, ағаштар отырғызылған. Жаңадан ашылған мешіттегі алғашқы жұма-намазын Алматы облысының имамы Жұманәлі қажы өткізді. Бұл күні сондай-ақ, ас берілді. ҚазАқпарат. Сандуғаш Дүйсенова.
Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.