ЖАҢА ҒАСЫРДА ЖАҢА ЖАРАМАЗАН немесе ЖАРАМАЗАННЫҢ ЖАҢА ТҮРІ.
Жарамазанның жаңа түрі
Зерттеушілерден естуімізше, жарамазан қазақ даласына мұсылмандықпен бірге келген. Бұл тұрмыс-салт жыры айлардың сұлтаны – Рамазан айында ислам дінін насихаттап, шарттарын уағыздау үшін туған көрінеді. Әдетте, жарапазанды жастар мен балалар үй-үйдің есігін қағып, ауызашар сәтте айтады. Мұндағы мақсат – періштелер жер бетіне түсіп, барлық ізгі тілек қабыл болар тұста ізгілікке ниет қосып, ақ бата алу. ... Жалғасын оқу »
[19.09.08.] УКРАИНАДА ЖАҢАДАН "МҰСЫЛМАНДАР ДІНИ БАСҚАРМАСЫ" АШЫЛДЫ.
Украинада жаңа "Умма" мұсылмандар діни басқармасы ашылды.
Украинада жаңадан тағыда мұсылмандар діни басқармасы ашылып, ол "Умма" деген атқа ие болды. Аталмыш діни басқарма "Ар-Раид" қоғамының негізінде құрылды. "Умманың" куәлігі 11 қыркүйек күні берілді. Орталығы Киевте орналасқан әрі елдің ... Жалғасын оқу »
[19.09.08.] ИРАН РЕСМИЛЕРІ КИІМ ҮЛГІЛЕРІН ҚАДАҒАЛАУДА.
Иран ресмилері киім үлгілерін қадағалауда
Иранның Мәдениет және Ислам ережелері министрлігі сән үлгілерін көрсету мен әйелдер киімі үлгілеріне қатысты жаңа заң жариялады. Сән үлгілерін көрсету барысында келушілердің назарын өздеріне өте қатты аудармау, баттастырып боянбау сәнді көрсетушілерге айрықша тапсырылған болатын.
Бұл жөнінде Иран Ислам республикасының Мәдениет және Ислам ережелері министрлігі түзген ... Жалғасын оқу »
[19.09.08.] ИРАНДА АУҚЫМДЫ ӘСКЕРИ ЖАТТЫҒУЛАР ӨТТІ.
Иран Ислам елінде ауқымды әскери жаттығулар өтті.
Иранның қарулы күштері кең ауқымды әскери жаттығулар өткізді. Олар елдің әуе және зымыранға қарсы қорғаныс күштерінің қатысуымен ұйымдастырылды. Ресми өкілдердің мәлімдеуінше, сынақтардың мақсаты- ел қорғанысының деңгейін тексеріп, жаңа қаруларды тәжірибеден өткізу. Жаттығулар 3 кезеңнен тұрып, Иранның 15 провинциясын қамтыды. Оның барысы жергілікті телеарналардан трансляция арқылы көрсетілді. Зенитті-зымыранды құрылғылар мен әскери ұшақтар көздеген нысанл... Жалғасын оқу »
[19.09.08.] МҰХАММЕД ДЕГЕН ЕСІМ БРЮССЕЛЬ НӘРЕСТЕЛЕРІНІҢ ЕҢ КӨП КЕЗДЕСЕТІН ЕСІМІ.
Мұхаммад деген есім Брюссель нәрестелерінің ең көп кездесетін есімі
Ресми статистика бойынша, 2007 жылы Белгия астанасы Брюссельдегі жаңадан туған балалардың есімдері арасында Мұхаммад есімі бірінші орынға ие болды. Мехр ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Белгия статистика бөлімі 2007 жылы Брюссельде туған балалардың 235-не ата-аналары Мұхаммад деген есімді таңдады. Кейбір исламдық емес мемлекеттердегі исламға қарсы әрекеттерге қарамастан, Италия, Дания, Британия, Тунис, Нигерия және басқа да мемлекеттерд... Жалғасын оқу »
Қасиетті рамазан айында ораза ұстаған жамағат кешкісін көршілерімен кезектесіп ауызашар өткізеді. Оңтүстік Қазақстан облысындағы 14 ұлттың өкілі тұратын Қарасу ауылында барлығы бір үйдің баласындай дастархан басына жиналады. Жәмилә апа күн ұясына батпай-ақ ас мәзірін қамдап, ауызашарға дайындалып жатыр. Дастарханда әртүрлі тағамдар қойылған. Өзі түрік қызы болғанымен отағасы қазақ, сондықтан қазақи дәстүрге сай бауырсақ, ет әрине міндетті түрде қонақтарға тарту етіледі. Ал, ауызашарға жиналған қауым, мейлің ол дәулетті болсын, мейлің ж... Жалғасын оқу »
Қыркүйектің 18-і күні «Балқаштүстіметалл» өндірістік бірлестігі шикізат базаларының бірі орналасқан Саяқ жұмысшылар кентінде мешіт ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Оның құрылысын «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС қаржыландырған. «Қазақмыс» корпорациясы Саяқ кентінде биылғы жылы әлеуметтік жағдайды жақсарту үшін біршама істер атқарды. Жақында мұнда әкімшілік-тұрмыстық кешен жабдықталған Саяқ-4 учаскесі іске қосылды», - деді «Балқаштүстіметалл» өндірістік бірлестігінің баспасөз хатшысы Л.Смағұлова. ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат.