 |
Жарамазанның жаңа түрі
Зерттеушілерден естуімізше, жарамазан қазақ даласына мұсылмандықпен бірге келген. Бұл тұрмыс-салт жыры айлардың сұлтаны – Рамазан айында ислам дінін насихаттап, шарттарын уағыздау үшін туған көрінеді. Әдетте, жарапазанды жастар мен балалар үй-үйдің есігін қағып, ауызашар сәтте айтады. Мұндағы мақсат – періштелер жер бетіне түсіп, барлық ізгі тілек қабыл болар тұста ізгілікке ниет қосып, ақ бата алу. (Айқын.Кз)
Өзімнің білетін жарамазандарымды айтайын сіздерге: Ассалаумағалейкум дәуіт қалам Күн шығыс, күн батыстан келген адам |
Бір келген он екі айда оразаңыз, Оразаң қабыл болсын байекежан. Айтамын жарамазан есігіңе Қошқардай қосыл берсін бесігіңе Қошқардай қосыл берсе бесігіңе Кім келіп, кім кетпейді есігіңе? Айтамын жарамазан жар басыңа Диқандар қауын артар арбасына. т.б. Алып шық, алып шық, Сары табаққа салып шық Сары табаққа симаса Нар түйеге артып шық, - деген секілді жарамазан шумақтарын жас, бала күнімізде айтар едік. Дегенмен бүгін айқынның біршама беттерін ақтара отырып "Жарапазанның жаңа түрі" деген мақаланы көріп қалдым, онда мынадай шумақтар бар екен: Айтамын жарапазан соткаңызға, Сөзіме құлақ салшы тоқтаңыз да. Ақ тауық, қара тауық қырман шашар, Осы үйде жомарт жан бар теңге шашар. Алып шық, алып шық, Сары табаққа салып шық. Сары табаққа сыймаса, 500 теңге менің соткама салып шық. Жомарттық қылып 500 теңге бере қалсаңыз, былайша батасына қарық боласыз: – Мінгенім астымызға сары атанды, Әр үйде бұлай тұрсақ таң атады. Әкеліп 500 бірлік ықыласпен, Қол жайып, Құдай үшін ал батамды... Қала берді мынадай да бата келеді екен: – Батам-батам батпасын, Батам жерге жатпасын. Оразаң қабыл болып, Құдай сені сараңдықтан сақтасын! – деген бата береді. Ендігі кезекте 500 теңге беру-бермеу сіздің құзырыңызда.
|