[22.09.08.] Н. НАЗАРБАЕВ ПЕН Д. МЕДВЕДЕВ АҚТӨБЕДЕ САЛЫНҒАН ЖАҢА МЕШІТТЕ БОЛДЫ
23:54
Н. Назарбаев пен Д. Медведев Ақтөбеде салынған жаңа мешітте болды
Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Президенті Дмитрий Медведев Ақтөбеде салынған орталық мешітте болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Мешіт Ақтөбе қаласындағы Әбілқайыр хан даңғылы мен М. Мәметова көшесінің қиылысында орналасқан. Құрылыс аумағы 5367 шаршы метрді құрайды. Мешіт күмбезінің биіктігі – 38 метр. Ал 4 мұнараның биіктігі 63 метрді құрайды. Күмбездер алтынмен апталған. Жергілікті атқару органдары өкілдерінің айтуынша, мешіт құрылысына 1,7 млрд. теңге жұмсалған. Ғимараттың бірінші қабатында киіну және жуыну орындары, екінші қабатында неке қию, сондай-ақ 50 адамға арналған медресе, әкімшілік бөлмелері орналасқан. Ал үшінші қабатында 2500 адамға есептелген намазхана болмақ. АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат.
Суретте Ақтөбедегі жаңадан салынған зәулім мешіттің көрінісі.
(Қоламыздағы бар суретті жарияладық.
Егер сіздерде мешіттің алдынан, жанына түсірілген суреттері болса сайтымызға жіберіңіздер.)
Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.