[24.09.08.] РУМЫНДЫҚ МҰСЫЛМАНДАР РАМАЗАН АЙЫН ТОЙЛАП ЖАТЫР.
Румындық мұсылмандар Рамазан айын тойлап жатыр.
Қасиетті Рамазан айын Румыниядағы мұсылман жамағат аса құрметпен атап өтіп жатыр. Кешкі ауызашар кезінде көпшілікке арналып дастархандар жайылуда. Будапештте орналасқан мейрамханалардың бірінде ауыз бекіткен тұрғындар үшін кешкі ас әзірлеу дәстүрге айналған. Ғимараттың екінші қабатында мешіті де бар. Румыниядағы мұсылмандар одағы жетекшісінің айтуынша аталған шаралар елдің ірі қалаларында ұйымдастырылып жатыр. Бұл игі істерді қолға алып жатқан... Жалғасын оқу »
Бүгін Оралда жаңа медресенің салтанатты ашылу рәсімі болды. Оған облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов пен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Рамазан айында «Қазақстан» телеарнасы діни-танымдық біршама жақсы дүниелер көрсетіп жатыр. Әр күн сайын Мұхаммеджан Тазабеков пен дін арасында жүрген имам, ғалымдармен берілетін кездесу сұхбаттар да біраз жұртқа ғибратты дүние болды. Кейде еліміздегі телеарналардың дінге көңіл бөлгеніне қуанып қаласың!
Оған да «Аллаға шүкір» дейсің. «Қазақстан» телеарнасының Қасиетті Қадір түніне де көрерменге жасап жатқан тартуы елді қуантады! Аллаһ разы болсын дегіміз келеді. Осындай дүниелердің бірін осы телеарна жұма күні сағат 17.25-те және сенбі күні саға... Жалғасын оқу »
Биылдыққа Сауд Арабиясына 3 млн адам умра визасын алыпты
Биылғы маусымда 3 млн 375 мың адам Сауд Арабияға умра (кіші қажылық) визасын алды деп хабарлайды, Сауд Арабия газеті "әл-Мәдина", Сауд Арабияның Орталық Қажылық комитетінің мәліметтеріне сүйене отырып.
[24.09.08.] ОЛИМПИАДА ЧЕМПИОНДАРЫНА МҰСЫЛМАН НАГРАДАЛАРЫ ТАБЫС ЕТІЛДІ
Олимпиада чемпиондарына мұсылман наградалары табыс етілді
Сейсенбі күні Ресейдің Мұсылмандар қоғамы Бейжің Олимпиадасының жүлдегерлеріне жоғары награда -«Әл-Фахр» Құрмет орденін табыс етті, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі Мәскеуден.
Ресей Федерациясы Ислам мәдени орталығының ұсынысы бойынша Ресей мүфтилері кеңесінің шешімімен: Ресей олимпиадалық комитетінің президенті Ле... Жалғасын оқу »
[24.09.08.] КӘСІПКЕР ЖОСАЛЫДАҒЫ МЕШІТТІҢ ЖЫЛУ ЖҮЙЕСІН ЖАҢАЛАП БЕРДІ
Кәсіпкер Жосалыдағы мешіттің жылу жүйесін жаңалап берді
Қызылордадағы "Инж-Құрылыс-Қызылорда" кәсіпорнының директоры Үсен Балатаев Жосалы кентіндегі Марал баба атындағы мешіт үйінің жылу жүйесін жөндеуді қолға алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Аудандық құрылыс бөлімінің маманы Жолайхан Қалмұрзаевтың айтуынша, бұрынғы құбырлар әбден тозған. Құрылыс компаниясы мешіттегі үлкен пешке екі сорғы қойып, дербес жылытылатын жаңа құрылғыларды орнатпақшы. Рамазан айында сауап іс жасаған кәсіпкер азаматқа жергілікті жұртшылық ри... Жалғасын оқу »
[24.09.08.] МӘЖІЛІС ДІНИ СЕНІМ БОСТАНДЫҒЫ МЕН ДІНИ БІРЛЕСТІКТЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ЗАҢ ЖОБАСЫН ЕКІНШІ ОҚЫЛЫМДА МАҚҰЛДАДЫ
Мәжіліс діни сенім бостандығы мен діни бірлестіктерге қатысты заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады
Бүгін, қыркүйектің 24-інде өткен ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады. Енді бұл заң жобасы Парламент Сенатына жолданады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Естеріңізге сала кетейік, заң жобасына енгізіліп отырған өзгерістер қолданыстағы заңға конф... Жалғасын оқу »
Қадір түнінде Аллаһ Тағаланың мейірімі бүкіл әлемге таралып: “Менен тілеп дұға ететін жан бар ма екен? Мен оның дұғасын қабыл етейін. Менен сұрайтын жан бар ма екен? Сұрағанын берейін. Менен қажетін сұраса, қажетін берейін. Менен жарылқау тілейтін жан бар ма екен? Оны жарылқайын”, – дейді. Бұл жағдай күн шыққанша жалғасады”, – делінген риуайаттарда. Діни... Жалғасын оқу »