[01.01.2009.] Пайғамбар с.а.с. мешітінде жөндеулер басталады.
19:46
Биылғы жылдың қаңтар айынан бастап Пайғамбар с.а.с. мешітінде жөндеулер басталады
2009
жылғы қаңтар айынан бастап Пайғамбар с.а.с. мешітінде жөндеулер
басталады деп хабарлады Медине қаласының әкімі Абдул Азиз әл-Хусейн.
Мешітті кеңейту проектісіне 4,7 млрд риал қаржы жұмсалады дейді қала
әкімі. 1986 жылғы Фахд патшаның мешітті кеңңейтуі нәтижесінде,
мешіттің ішіне 270 мың намазхан, сыртындағы ауласына 730 мың намазхан намаз оқи
алатын болды. Қазіргі реконструкцияда мешіт ауласында, күннің ыстығынан
және жаңбырдан қорған болатын 182 шатыр орнатылмақ. Ауланың солтүстік
бөлігін кеңейтуден соң қосымша 70 мың адамға намаз оқу орны болады. Файсал патша көшесінен мешітке кіру үшін үш жерасты жолдары жасалатын болады. Медине қаласы әкімінің тапсырмасы бойынша мешіттің төрт жағынан 58,6 гектар жер қосылады. Сонымен қатар қажылықа келген азаматтарға қиындық тумасы үшін жаңа жолдар мен қонақ үйлер тұрғызылатын болады. Пайғамбар с.а.с. мешіті алаңының ауданы 137 мың 400 кв метрге үлкейтіледі деп хабарлайды RussianHome сайты "әш-Шарқул Аусат" газетіне сілтеме бере отырып.
Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.