1. Күйеуінің айтқанын орындау. Аллаһ Тағала Құранда былай дейді: «Еркек - әйелдерге билік жүргізеді. Неге десең, Аллаһ оларды бір-бірінен артық етіп жаратқан және ерлер әйелдер үшін мал-мүліктерін сарп етеді. Жақсы әйел еріне бой ұсынады, ерлері жоқ кезде бір Аллаһты пана тұтып, өздерінің абыройын сақтайды...». «Ниса» сүресі, 34 аят. Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деген: «Егер еркек өзінің әйелін, бір қажеті үшін шақырса, әйелі пештің жанында тұрса да ерінің шақыруына келуі керек». Ат-Тирмизи Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деген: «Кез келген әйел, күйеуі риза болып өлген болса, ол жәннәтқа кіреді». ат-Тирмизи 2. Әйел - от басы ұйытқысы. Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деген: «Сендердің әр-қайсыларың бақташысыңдар және сендердің әр-қайсыларың баққандарыңа жауап бересіңдер: әмірші бақташы саналады, еркек өзінің жанұясының бақташысы, әйел да күйеуінің үйі мен балаларының бақташысы саналады. Сонымен әр - қайсысың бақташысыңдар және әр-қайсысың баққандарыңа жауапкерсіңдер». Аль-Бухари, Муслим. Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деген: «Расында, сендердің әйелдеріңде хақыларың бар және әйелдеріңнің сендерде хақылары бар. Сендер олардан, жақтырмаған адамдарыңды төсектеріңе отырғызбауларын талап етулеріңе және сендердің көргілерің келмеген адамдарды (үйлеріңе) кіргізбеулерін талап етулеріңе хақыларың бар. Ал әйелдерің сендерден өздеріне жақсы тамақ пен жақсы киім талап етулеріне хақылары бар. Ат-Тирмизи
Жақсы әйел - жаман еркекті хан қылады, Жаман әйел - жақсы еркектің басын даң қылады. Халық даналығы http://muslimkokshe.ucoz.com
Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.