Америка Конгресінде қажылық амалын өтеген мұсылман пайда болды.
Америкалық конгрессмен Кейт Эллисон осы жылғы (яғни, кеше күні ғана болған 2008 жылы) қажылық маусымында Қасиетті Мекке қаласына барып, Исламның бес шарттарының бірі болған қажылықты өтеп келді деп хабарлайды "Өзбекстан Ислами ақпарат каналы". «Star Tribune» газетінің жазуына қарағанда Кейт Эллисон Конгресске сайланған бірінші мұсылман екен. Естеріңізге сала кетейік, Эллисон 2007 жылы АҚШ тарихында тұңғыш рет Құранмен ант еткен болатын. Миннесоттық Кейт Эллисон Құранды ұстап ант ете отырып АҚШ тарихына "Құранмен ант еткен тұңғыш мұсылман конгрессмен" ретінде енді. Ол 1764 жылы Лондонда басылған, АҚШ-тың үшінші президенті Томас Джефферсон оқыған Құранмен ант еткен .
Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.