Мешіт сауда емес, құлшылық орны - 4 Января 2009 - Бала-Бүргемге қош келдіңіз
Жексенбі, 12.Ақпан.2012, 05:10
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  ОРАМАЛ ТАРТҚАН – ЕРСI, АЛ КIНДIК АШҚАН ШЕ?
•  Азия парктен жік шықты, екі құлағы тік шықты
•  Сапар айы (Сафар айы)
•  Шіркеу қазақша сөйлей бастады. Бұл нені аңғартады?
•  Фиқһ әл-ғибадат
•  Желтоқсан – жанымның жарасы
•  ОБЛЫСТАҒЫ БАСТЫ МӘСЕЛЕ - ДІН МАМАНДАРЫНЫҢ ТАПШЫЛЫҒЫ
•  Құрбан айт намазы
сауалнама
Қай облыстан боласыз?
Жауап берілді: 1778
 

Негізгі бет » 2009 » Қаңтар » 4 » Мешіт сауда емес, құлшылық орны


Мешіт сауда емес, құлшылық орны
20:27
nullМешіт сауда емес, құлшылық орны
ҚҰЛМҰХАММЕД ҚАЖЫ МАХАНБЕТ,
АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ МЕШІТІНІҢ БАС ИМАМЫ.
— Бүгіндері қалталы азаматтарымыз мешіт салдыруды өзіне зор мәртебе көреді. Мешіт салдыру — сауапты іс екендігі рас. Бірақ мәселе сол мешітке өз әкесінің, немесе атасының есімін беруінде болып тұр. Бұл Исламға қаншалықты сыйымды?
— Мешіт — Алланың үйі. Құлшылық орны. Мешіт салу — аса сауапты іс. Адамның жақсы ізгі істерінің сауабы осы өмірден өткеннен кейін тоқтайды. Ал, кімде-кім мешіт салдырған болса, онда оның өмірден өткенінен кейін де сауабы жалғаса береді. Бұл — жария садақаға жатады.
Соғыста шәһид болған, қиын-қыстау кезеңде қажыға барып, Исламды берік ұстанған құрметті азаматтарымыздың, аталарымыздың аты өшпесін деп оның есімі берілген мешіттер бар. Ал, бүгінгі күнде «мен өз қаржыма мешіт салдырдым, сондықтан мешітке өз әкемнің атын беремін» деп келушілер де аз ұшыраспайды. Бірақ мұны Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) қолдамайды, тіпті қарсы. Біз ондай кісілерге барлық жағдайды түсіндіріп, мешітке сол жергілікті жердің атауын ұсынамыз. Мәселен, Алматы қалалық Орталық мешіті дегендей... Біздің дін — атаққұмарлықты, мақтаншақтықты, риялықты сүймейді. Бірінші орынға атақты қойып, екінші орынға сауапты қою бізге жараспайды. Бұлай істеу дұрыс емес. Сондықтан бұл мәселені ҚМДБ-ның төралқа мәжілісі шешеді.
— Құдайға тәубе дейік, бүгінде дінімізге бет бұрып жатқан адамдар көп. Әрине, олар өздерін толғандырған мәселелерді мешіт имамдарынан барып сұрайды. Жамағатқа уағыз айтып, оларға дұрыс жолды көрсететін бүгінгі имамдардың білім деңгейі қандай? Діни басқармада олардың білімін жетілдіруде қандай жұмыстар атқарылуда?
— Мен өзім 2000 жылдың шілдесінен Дінбасының сенім артуымен Алматыда осы қызметтемін. Діни басқарма басшылығы елдегі барлық имамдарды аттестациядан өткізуді қолға алды. Кейбір ауданда 60 жастан асқан имамдар да бар. Аттестация сұрақтары аса қиын емес. Мәселен, намаздың шарттары, жұма намаздың оқылу тәртібі, жаназаны қалай шығару керек т.б. Олар Исламды қандай дәрежеде уағыздап жатыр? Әрине, білімі болса ғана жоғары деңгейде уағыздай алады. Сондықтан имамға көп жауапкершілік жүктелуі себепті білімді болуы талап етіледі. Бізде басқа салада қызмет істеп, кейін имам болған кісілер де кездеседі. Барлығының білім деңгейі қанағаттанарлық деу қиын. Осы жағдайды ескере келе, ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлінің бастамасымен Египет-Араб мемлекетімен келісім-шартқа отырып, 2001 жылы Нұр-Мүбарак Ислам мәдениеті университеті ашылды. Мысыр жағынан ректор, бізден проректор тағайындалды. Сондай-ақ Араб елінен білімі жоғары 20 шақты ұстаздар келді. Қазір университет жоғары дәрежелі имам-хатибтерді дайындауда. Одан жылына 30-ға тарта имам білім алып шығуда. 50-60 жастағы имамдардан кейде бізге: «Біздің орнымызға жас, білімді имамдарды тағайындасаңыздар» деген өтініштер келіп жатады. Оларды алмастыра қоятындай кадрлар тапшы. Осындай күрделі мәселені тиісінше шешу мақсатымен Бас мүфтидің бастамасымен имамдардың білімін жетілдіру институты ашылды. Онда имамдар 4 ай бойы білімін жетілдіруіне мүмкіндік алды Қазір әр облыстан екі-екі имамнан келіп оқып жатыр. Есептеп көрсек, 5 жылда онда бүкіл облыс, аудан, ауыл имамдары мен молдаларын бір реттен оқытып алудың сәті түспек.
— Имамдардың жағдайы қалай? Өздерінің материалдық қажеттіліктерін қайдан алады? Жалпы, олар қалай күн көреді?
—Ірі мешіттердің имамдарымыз жалақы алады. Мөлшерін діни басқарма бекітеді. Мөлшерін айтпай-ақ қояйын... қайыр-садақадан ғой. Тіпті мұндай да жалақы алмайтын имамдар мен молдалар көп. Мәселен, кейбір облыстарда 12 аудан бар. Солардан сіз сұрап көріңізші. Солардың сенесіз бе, тек екі-үшеуі ғана жалақы алады. Оларға Алла жалақысыз ризашылығы үшін кейде жұмыс істеп жүргендері үшін алғыс айтамыз. Тарихты қарасаңыз, діндарлар кедей өтпеген. Халықтың көмек-қолдауымен өмір сүрген. Сол қалыптасқан дәстүр әлі келе жатыр. Қалталы азаматтарымыз қол ұшын беріп, көмектесіп жатады. Оларға Алла разы болсын. Кейде мешіттердің қиналып, қысқы көмірлерін түсіріп алуға да шамалары жетпей қалатын кезі болады. Бізге бюджеттен қаржы бөлінбейді. Оны имамдармен араласып жүрген адамдар ғана түсінеді. Ал, сырттағы кейбір адамдар «имамдар тек ақша жиып алғанды біледі» деуі де мүмкін. Діннің де, мешіттің де, сол молданың да мұң-мұқтажы аз ба?!
— Сонда халықтан түскен садақа қайда жұмсалады?
— Мешіттің жылуы, жарығы бар емес пе? Ол қайдан төленеді? Бюджеттен бір тиын бөлінбесе, мешіт қаржыны қайдан алады? Өзіңіз білесіз, бізде коммуналдық төлемдер арзан емес. Мешітті газбен, жанармаймен, электр қуатымен қыздырсаңыз да қаржы көп кетеді. Міне, мұның бәрі халықтан түскен садақадан жұмсалады. Мешіттер саудамен айналысып, бір-бір дүкен ашып алған жоқ. Мешіт сауда орны емес, құлшылық орны.
— Елімізде өзге діни секталардың тайраңдап жүруі — жақсылықтың нышаны емес. Ондайлардың шырмауында жүрген қазақ жастарының саны 500 мыңнан асып кетті деген дерек көздері де бар. Жастардың өзге дінге ілесіп кетуіне не себеп? Әлде «Дін туралы» заңның әлсіздігі ме? Еліміздегі діни секталарды қалай ауыздықтай аламыз?
— Біз Қазақстанды көп дінді мемлекет деп айтып жүрміз. Бұл — мақтанатын жағдай емес. Біздің мемлекет халқының 70 пайызы мұсылман. 22 пайызы православтар. Баспасөз беттерінде бұл мәселе жиі көтеріліп жүр. Бұған себеп не дегенге келетін болсақ, біз зайырлы мемлекетпіз. Мектептерге барып сабақ бере алмаймыз. Өйткені, заңда «дін мемлекеттен бөлінген» деп көрсетілген. Бала-бақшаларда, мектептерде, жоғары оқу орындарында біз имандылық жайлы дәріс оқуымыз керек. Ештеңеден қорықпай, батыл қадамдарға бару — бүгінгі күннің талабы. Қазір әлемді нашақорлық, қылмыстық, маскүнемдік, жезөкшелік мәселесі алаңдатып отыр. Міне, бұлардың болмауына кепілдік беретін бір-ақ жол бар, ол — имандылық. Егер мектеп басшылары бұған келіссе, біз дайынбыз.
Жастардың өзге дінге кетуіне себеп көп. Оларды дұрыс жолға бастауда БАҚ-тың рөлі зор. Өкінішке орай, біздегі «Хабар», «Қазақстан» телеарналарынан Исламды насихаттауға арнайы эфир уақыты бөлінбеген. Діни басқармадан шығатын «Ислам және өркениет» газеті мен «Иман» журналы арқылы ғана өзге діннен жақсылық табам деп адасып жүрген адамдарға тура жол көрсетуге шамамыз келгенінше тырысып жатырмыз. Өзге діни секталардың жолын кесуге білек сыбана кіріссек заңға қайшы келеді. 2001 жылы Діни басқарма тарапынан 1992 жылы қабылданған «Діни сенім бостандығы» туралы заңға өзгерту енгізу керектігі жөніндегі ұсыныс Сенат, Мәжіліс депутаттары тарапынан қолдау тапқанымен, Конституциялық кеңес қолдамай кері қайратып тастады. Содан бері қозғаусыз жатыр...
Ал, баланың өзге дін қармағына ілінбеуі — көбінесе үйдегі ата-анаға байланысты. Оның тілі шықты дегеннен оған Құдайды таныту керек. Оның санасына «Алладан басқа Құдай жоқ, Мұхаммед Оның елшісі. Сенің дінің — Ислам, кітабың — Құран, әкең де, шешең де, ата-бабаларың да Ислам дінін ұстанған» деген сөздерді сіңіріп, үнемі айтып отырса ол сектаға кірмейді. Қайда барса да әлгі сөз оның жадында тұрары хақ. Бұған сол ата-аналар перзенттерін мешіттерге жетелеп келіп діни сауаттарын ашса, жұма намазына қатысып, уағыз тыңдаса, қане?!
Әңгімелескен Ағабек Қонарбайұлы.


Категориясы: Өзекті мәселе.... | Көрілді: 1579 | Ендірген: Dinislam_Kz | Рейтингі: 0.0/0 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 1
06.Қаңтар.2009
1. Мөлдір (YergaliMoldir)
Бала-бақшаларда, мектептерде, жоғары оқу орындарында біз имандылық жайлы дәріс оқуымыз керек. Ештеңеден қорықпай, батыл қадамдарға бару — бүгінгі күннің талабы. Қазір әлемді нашақорлық, қылмыстық, маскүнемдік, жезөкшелік мәселесі алаңдатып отыр. Міне, бұлардың болмауына кепілдік беретін бір-ақ жол бар, ол — имандылық.

Өте орынды айтылган сөз.
arb


[пікірдің сілтемесі]

Есімі*:
Email-ы:
WWW:
Сақтық коды *:


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2010 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде сілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


Создать сайт бесплатно
жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Қаңтар 2009  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар: bola80, erkintursynbek

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: erkintursynbek

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 3564
Осы ай ішінде: 23
Осы апта ішінде: 7
Кеше: 2
Бүгін: 0