ШАРИҒАТТЫ АТТАП, ТАРИҚАТТА ТАЙРАҢДАҒАН ЗІКІРДІ БҰРМАЛАУШЫ «ИСМАТУЛЛАШЫЛАР» - 4 Января 2009 - Бала-Бүргемге қош келдіңіз
Жексенбі, 12.Ақпан.2012, 04:59
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  ОРАМАЛ ТАРТҚАН – ЕРСI, АЛ КIНДIК АШҚАН ШЕ?
•  Азия парктен жік шықты, екі құлағы тік шықты
•  Сапар айы (Сафар айы)
•  Шіркеу қазақша сөйлей бастады. Бұл нені аңғартады?
•  Фиқһ әл-ғибадат
•  Желтоқсан – жанымның жарасы
•  ОБЛЫСТАҒЫ БАСТЫ МӘСЕЛЕ - ДІН МАМАНДАРЫНЫҢ ТАПШЫЛЫҒЫ
•  Құрбан айт намазы
сауалнама
Сіз қайсы мазхабты ұстанасыз?
Жауап берілді: 952
 

Негізгі бет » 2009 » Қаңтар » 4 » ШАРИҒАТТЫ АТТАП, ТАРИҚАТТА ТАЙРАҢДАҒАН ЗІКІРДІ БҰРМАЛАУШЫ «ИСМАТУЛЛАШЫЛАР»


ШАРИҒАТТЫ АТТАП, ТАРИҚАТТА ТАЙРАҢДАҒАН ЗІКІРДІ БҰРМАЛАУШЫ «ИСМАТУЛЛАШЫЛАР»
20:51
Қараша айының алғашқы жартысында (яни, осы проблема шыққан жылдары) әлденеше кеш «31 телеарна» соңғы кездерi елiмiздiң әр аймағынан қылаң бере бастаған «алқа зiкiршiлердiң» Алматы қаласы, «Мамыр» ықшамауданында орналасқан Шәкәрiм атындағы медресесiнде көптен берi орын алып келе жатқан заңға да, адамгершiлiкке де жат тағылық iс-әрекеттерi жайында жұртты елең еткiзер хабарлар бердi. Соның нәтижесiнде Алматы қалалық Iшкi iстер департаментi тергеу жұмыстарын бастап, қылмыстық iс қозғады.
Расында осы «алқа зiкiршiлерi» кiм?
Елiмiзде қазақ халқының көрнектi ойшыл ақындары мен тақуа дiндарларын бетперде қылып, дiнiмiздегi зiкiр ғибадатын бұрмалайтын «исматуллашылар» тобы «Сенiм. Бiлiм. Өмiр» қоғамдық бiрлестiгi атынан iс-әрекет етуде.
Басшысы сондағы «сопылардың» пiрi Пәкiстаннан келген Исматулла Мақсұм деген азамат. Оны шәкiрттерi «әулие» дәрежесiне дейiн көтерген, тiптi «Мәдiнiң қолбасшысы» деп те атайды. 
Оның дiни көзқарастары мен ұстанымдарын нақты жүзеге асыруға Нарымбай «тақсыр» Разбекұлы бастап, «Қазақстан» ұлттық телеарнасының бiр топ серкелерi қоштап, белсене ат салысуда.
Олардың ұстанымдары мен көзқарастары Қазақстан мұсылмандары дiни басқармасы тiкелей басшылыққа алатын әһлус-сунна ақидасы мен Ханафи мәзһабына үйлеспейдi. Жалпы «исматуллашылардың» қатесi мен адасушылығы неде? Оған дiни басқарманың жан-жақты сараптаған талдауынан айқын көз жеткiзуге болады.
1. Бұл топтың сөзi мен iс-әрекетiне қарағанда «зiкiр» терминiн тар аяда түсiнетiнi байқалады.
Олар зiкiр дегенде: «Лә иләһә иллаллаһты» айтып, бас шайқап, «һу-һу»-деуден әрiге бармайды.
Алайда, зiкiр - бұл аса ұлық әрi аясы кең ғибадат. Мұсылманның имандылығы мен тақуалығы оның әрбiр iс-қимылынан да айқын сезiлсе, нұр үстiне нұр. 
Өйткенi, зiкiрге ғибадат, намаз, құрбандық шалу, дұға, Құран оқу, шүкiр, тәубе, насихат және тағы басқалары да жатады. Мұның мағыналарын Алла Тағаланың: «Менi еске алу үшiн намазды толық орында» («Таһа» сүресi, 14-аят), «Алла сендерге бiр зiкiр түсiрдi», «Бұл Құран бүкiл әлем үшiн бiр насихат» деп айтылған аяттарынан кездестiруге болады. 
Тақуа сопылардың бiрi Бәһәуддин Нақш-бандидың (р.а.): «Жүрегiң Алланың зiкiрiнде, ал, қолың жұмыста (тiршiлiкте) болсын» деген қағидасы зiкiрдiң ұғымын кеңiрек аша түседi.
2. Бұл топ зiкiрдi мұсылманшылықтың негiзгi шарты деп бiледi. 
Кiм-кiмге де белгiлi Исламда бес парыз (шарт) бар. Ибн Омардан (р.а.) жеткен риуаятта Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) мұсылман үмметiне:
«Ислам бес парызға негiзделген: Алла Тағаладан басқа Тәңiр жоқ, Мұхаммед (с.ғ.с.) оның елшiсi деп куәлiк беру; намаз оқу; зекет беру; қажылыққа бару; Рамазан айында ораза ұстау» деп бұйырған (Бұхари мен Муслим). 
Мұнда «зiкiр - Исламның негiзгi шарты» деген сөз де, ұғым да жоқ. Пайғамбар (с.ғ.с.) мен оның сахабаларынан және қасиеттi Құран мен хадистерден, Ислам ғұламаларының кiтаптарынан оқып, естiмеген «шариғаттың» Исматулла «тақсырдан» тарауына қандай баға берудi көзi ашық, көкiрегi сара мұсылмандар еншiсiне қалдыралық.
3. Жиналып тек зiкiр салып, намазды елемеу ауыр күнә. Зiкiр ғибадаты мустахаб (iстесе дұрыс, iстемесе күнә саналмайтын амал). Намаз Исламның бес дiңгегiнiң екiншiсi саналады.
Алла Тағаланың: «Әрине, намаз мүмiндерге белгiлi уақытта парыз етiлдi» («Ниса» сүресi, 103-аят) және «...намазды орында. Күдiксiз намаз арсыздықтан, жамандықтан тыяды» («Әнкәбут» сүресi, 45-аят) деген аяттары намаздың парыздығына дәлел.
Анастан (р.а.) риуаят етiлген хадисте: «Исра (Меккеден Бәйт әл-Мақдиске сапар шеккен) түнi Пайғамбарға (с.ғ.с.) әуелi елу мезгiл намаз парыз етiлдi. Одан соң қысқартылып, бес уақыт болды. Кейiн: «Ей, Мұхаммед! Менiң үкiмiм өзгертiлмейдi. Расында, саған осы бесеуiнде елудiң (сауабы) бар», - деген дауыс келдi (Бухари және Муслим).
Жәбир ибн Абдулла (р.а.) Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) мынау бiр хадистi риуаят еткен: «Кiсiнi ширк пен күпiрлiктен бөлетiн нәрсе - намаз» (Муслим жеткiздi).
Омар ибн Хаттаб (р.а.) риуаят еттi: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Парыз екенiн бiле тұра намаз оқымаған пенденiң iстеген барлық жақсылығын Алла жоққа шығарады. Тәубесiне келмейiнше ондай пендеге Алланың қамқорлығы нәсiп болмайды» (Бухари жеткiзген). Бұл хадистерден намазды елемеушiлiк қандай ауыр қасiреттерге алып баратыны көрiнiп тұрған жоқ па? Алла сақтасын!
4. Зiкiр кезiнде айқайлап, трансқа жеткенше бастарын бұлғақтатып, селкiлдеп билейдi. Ара-тұра бiрi еңкiлдеп, бiрi өкiрiп жылайды. Тiптi кейбiрiнiң аузынан ақ көбiк-жыны ағып, есiнен танып, талып қалады. 
Мұндай iс-әрекеттi тасаввуф (сопылық) «шатахат» деп атайды. Дiн ғұламалары тұрмақ кейбiр сопылардың өздерi (Гиләни мен Рифаъи) шатахатты өткiр сынға алған. Мұның бәрi әдепсiздiкке әрi шектен шығушылыққа жатады. Ислам мұндай iс-әрекеттi құптамайды.
Дұға ету, зiкiр салу немесе басқа да ғибадатты атқаруда Алла Тағала пенделерiне былай деп кеңес бередi: «Аса төменшiлiкпен бойсұнып, Тәңiрге iштерiңнен дұға оқыңдар. Шектен тыс кеткендердi Құдай жөн көрмейдi» («Аграф» сүресi, 55-аят).
Абдулла ибн Аббас (р.а.) Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): «Шектен шығудан сақ болыңдар! Сендерден бұрынғы қауымдардың түбiне шектен шығушылық жеткен болатын», - деп айтқанын естiген (Тирмизи жеткiзген).
5. Қазақтың кемеңгер ақындары Абай мен Шәкәрiмдi бетке ұстап, өз мүдделерiне пайдаланғысы келедi. 
Олардың өлеңдерiн дәлел-құжаттай көредi. Ислам дiнiнiң негiзi Құран Кәрiм мен хадис шәрiп. Ал, дана Абай болса: «Әуелi аят, хадис сөздiң басы» және «Пенделiктiң кәмәләтi әулиелiк бiрлән болатұғын болса, күллi адам тәркi дүние болып, «һу» деп тариқатқа кiрсе, дүние ойран болса керек. 
Бұлай болғанда малды кiм бағады, дұшпанды кiм тоқтатады, киiмдi кiм тоқиды, астықты кiм егедi... Екiншi, бұл жолдағылар қор болып, дүниеде жоқ болып кету қаупi бар.
Кәпiрлерге жем болып кетуде...» деуi арқылы «исматуллашылар» сияқты «сопылардың» көзқарастарын мүлдем мансұқ етедi.
6. Ұлы мужтаһид факиһтердiң шариғат бiлiмiн оқып, үйрену орнына, оны аттап өтiп, бiрден әулиелердiң тариқат жолын қуып кетушiлердiң тақуа ақын Ахмет Яссауи заманында да болғанына оның мына хикметi куә:
Тариқатқа шариғатсыз кiргендердiң 
Шайтан келiп, имандарын алар екен. («Диуани хикмет», 79)
«Исматуллашылар» шариғатты бiлуге ықылас танытпай, аттап өтiп, тариқаттың ең төрiнен көрiнгiсi келедi (Сопылықтың негiзгi баспалдақтары: шариғат - тариқат - мағрифат - ақиқат).
Шын сопылар уахи мен шариғатқа амал етедi. Өйткенi, Алла Тағала баршаны (әулиелердi де) пайғамбарларға бойсұнуға әмiр еттi. 
Алла Тағала: «Пайғамбар атаулыны Алланың нұсқауымен бойсұнылуы үшiн ғана жiбердiк» («Ниса» сүресi, 64-аят), - дейдi. Тағы бiр аятта: «(Ей, Мұхаммед!) Оларға: «Егер Алланы сүйсеңдер, онда маған iлесiңдер. Алла сендердi жақсы көрiп, күнәларыңды жарылқайды. Өйткенi, Алла аса жарылқаушы, ерекше мейiрiмдi» де» («Әли Имран» сүресi, 31-аят), - делiнген.
Хужжатул Ислам Әбу Хамид әл-Ғаззали (р.а.) «Мизәнул амал» кiтабында: «Бiл! Алла Тағаланың жолында жүретiн шынайы сопылар аз. Бiрақ сопылықты дағуа ететiндер көп. Сопылықтың екi белгiсi бар: бiрi, шариғат аясынан шықпау; екiншiсi, жүрегi ұдайы Алланың зiкiрiнде болу», - деп нақты анықтама берген.
«Дәиратул маъариф» кiтабында шайх Саһл әт-Тистириден (р.а.): «Бiз алты нәрсеге сүйенемiз: Алланың кiтабын берiк ұстану, Расулуллаһтың (с.ғ.с.) сүннетiне амал ету, халалдан iшiп-жеу, бiреуге зиян келтiрмеу, күнәлардан аулақ болу және мойнындағы ақыларын өтеу» деп, риуаят етiледi.
Әбу Язид әл-Бистәми (р.а.): «Керемет қасиет берiлiп, рухани өскен адам Алланың әмiр-нәһийiн ұстамайынша, шариғатты орындамайынша, оған алданып қалмаңдар»,- дедi.
Жүнәйд әл-Бәғдәди (р.а.): «Расулуллаһтың (с.ғ.с.) iзiмен жүрмеген адам үшiн барша жолдар жабық. Кiм Құранды жаттамаса, хадистi оқымаса, ондай адамға сенуге болмайды. Өйткенi, бiздiң бұл iсiмiз кiтап (Құран) және суннәмен байланысты», - деген екен.
7. «Исматуллашылар» дiндi қазақиландыруға тырысады. 
Бұл өзiн пайғамбармын деп жариялап, жаңа дiн шығарумен тең. Бұл ауыр күнә. Мұхаммедтен (с.ғ.с.) кейiн пайғамбар да, жаңа дiн де келмейдi. Бұған Алла Тағаланың: «Бiрақ Мұхаммед (с.ғ.с.) Алланың елшiсi және пайғамбарлардың соңы» («Ахзаб» сүресi, 40-аят) және «Бүгiн Мен сендердiң дiндерiңдi жетiлдiрдiм, әрi игiлiгiмдi де аяқтадым. Сендердiң тұтынуларыңа Ислам дiнiн таңдадым» («Мәидә» сүресi, 3-аят) деген аяттары дәлел.
8. Шәкiрттерi пiрi - Исматулла «тақсырды» «қасиеттi әке» санап, құлдық ұрып, қолын сүйедi-мiс. 
Бұл да үлкен күнә саналар ширк (Аллаға серiк қосу). Қасиеттiлiк, ұлықтық бүкiл әлемдi жаратқан Аллаға ғана тән.
Алла Тағала өзiне серiк қосқанды кешiрмейтiнiн, одан басқа күнәларды қаласа кешiретiнi жөнiнде: 
«Алланың кешiрмейтiн күнәсi - өзiне басқа бiрдеңенi теңдестiрiп, (әлденелердi) Тәңiр тұту. Одан басқа күнәларды егер рахымы түссе кешiредi. Демек, кiмде-кiм Аллаға әлдененi теңестiредi екен - ол зор күнәһар» («Ниса» сүресi, 48-аят), - дейдi.Пайғамбар (с.ғ.с.) да: «Мен де сендер сияқты бiр адаммын»,- деп қайта-қайта айтуды ұмытпаған.
9. «Исматулла» тақсырды муридтерi әулие көредi-мiс. 
Нарымбай: «Ол - бос жолдыбай адам емес, әулие адам, оған иманымыз кәмiл»,- дейдi. Халық бiлетiн әулиелер Алланың шариғатын бұлжытпай орындап қандай да күнәлардан сақтанатын халықшыл, ойшыл адамдар едi. Сонда Нарымбай пiрiн әулиелiкке көтерiп халықтың дiни сауатсыздығын пайдаланбақ па?
«Әл-Бурһан әл-Муайяд» кiтабында шайх Рифаъи (р.а.): «Сендер: «Харис риуаят еттi, Әбу Язид дедi, Халлаж айтты» дегендi қашан қоясыңдар? Сендер: «Шафи айтты, Малик айтты, Ахмад дедi, Нұғман дедi», - деп айтыңдар. 
Алдымен анық дiни қарым-қатынастарды түзеңдер, содан соң қалған артықша сөздермен ләззаттанасыңдар. Әуелi шариғат негiзiн бiлiм және амалмен қалап алыңдар. Одан соң анық болмаған бiлiм үкiмдерi мен оның амалымен айналысасыңдар. 
Бiр сағат бiлiм үйрену жетпiс жылдық (қосымша) ғибадаттан артық. Алла Тағала сауатсыз адамды уәли етпейдi. Кiмдi уәли етсе, Алла оған бiлiм бередi. Уәли ешуақытта фиқһ бiлiмiнде ақсамайды. Ол намаз оқуды, ораза ұстауды, зекет берудi және қажылық ғибадатын өтеудi жақсы бiледi», - деп түсiндiредi.
Қазақ тiлiндегi әулие «уәли» сөзiнiң көпшесi болып, «достар» мағынасын бередi. Алла Тағала өзiнiң әулие-достары туралы: «Анығында менiң ием - маған кiтап берген Алла. Ол жақсыларды (iзгi пенделерiн) дос тұтады» («Әграф» сүресi, 196-аят) және «Бiлiндер! 
Расында Алланың достарына қауiп-қатер жоқ, әрi олар қайғырмайды. Сондай иман келтiрiп, тақуа болғандар. Оларға дүние тiршiлiгiнде де, ақиретте де қуаныш бар. Алланың сөздерiнде өзгерiс жоқ. Мiне, iрi қол жетушiлiк осы» («Жүнiс» сүресi, 62-64-аят), - деп хабар бередi.
Ибн Хажар (р.а.) әулие туралы мынадай анықтама берген: «Уәли Алла Тағаланы таниды, ұдайы оған бойсұнып, шын ықыласпен ғибадат етедi». 
10. «Исматуллашылар» жеке жұмыс iстейдi, өз бiлгенiнше, қалағанынша уағыз айтады, жеке медресесi де бар. 
Онда қандай бағдарлама бойынша оқытылады? Белгiсiз. 54 шәкiртi Алматы қалалық iшкi iстер басқармасының тергеу изоляторына түсiп, ұстаздарынан көрген қорлықтары туралы мұңдарын шағуда. Олардың бiрқатарын апталап емес, айлар бойы шынжырлап қараңғы жертөледе (?) ұстаған, ұрып, соққан. Мұндай қорлыққа шыдамағандары өздерiне қол салған. 
Бұл жайлы «31 телеарнаның» (7-10 қараша) бұрын-сонды құлақ естiмеген хабарын сан миллиондаған көрермен көрiп, жағасын ұстады. Ел мұсылмандары бiр ғана мәзһабты ұстанғандықтан, дiни басқарма пәтуасын басшылыққа алады. 
Ал, бұлар оған бойсұнбайды. Қазақстан мұсылмандары дiни басқармасы мемлекетте дiни iстердi басқаруға мұрындық болар бiрден-бiр құзырлы мекеме. 
Өйткенi, дiни басқарманың әрбiр дiни iстерi шариғат пен бiлiмге негiзделген. Әркiм жеке дiни бiрлестiк ашып, өз бiлгенiнше жұмыс жүргiзе берсе, соңы не болары белгiлi. Мемлекетте бiр үкiмет болғаны сияқты, мұсылмандар үшiн де бiр дiни басқарма болуы шарт. Оған мойынсұнбау сауатсыздық әрi адасушылық.
Алла Тағала «Ниса» сүресiнiң 59-аятында: «Ей, иман келтiргендер! Аллаға, пайғамбарға және өз араларыңдағы ұлықтарыңа бойсұныңдар», - деген.
Имам Муслимнен риуаят етiлген хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Әрине, Алла сендерден үш нәрсенi ұнатады, олар: Аллаға ғана ғибадат ету, оған басқаны серiк қоспау; түп-түгел Алланың жiбiне жабысып, бөлiнбеу; Сендерге басшы болғандарға мойынсұну», - деген.
11. Мәдидiң шығатыны рас. 
Умму Сәләмадан (р.а.) риуаят етiледi: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Бiр халифа қайтыс болғанда тартыс басталады. Бiр кiсi Мадинадан Меккеге қашып шығады. Сонда оның қасына Мекке тұрғындары келiп, тiлегiне қарсы, оны шығарып, рукн мен мақам ортасында оған байат (серт) етедi. Оған қарсы Шамнан (қазiргi Сирия) әскер жiберiледi. 
Мекке мен Мадина ортасындағы далада оларды жер жұтады. Соны көрiп, Шамның әулиелерi мен Ирактың құрметтiлерi келiп, рукн мен мақам ортасында оған байат етедi. Содан соң нағашылары Бани Калбтан болған құрайыштық бiр кiсi шығады. Ол (Мәһди) оларға қарсы әскер жiбередi. 
Әскер олардың тас-талқанын шығарады. Мiне, сол - Калбтың әскерi. Калбтың олжасынан түскен мал-мүлiктi ол (Мәһди) бөледi. Адамдар Пайғамбардың (с.ғ.с.) сүннетiне амал етедi. Жер бетiнде Ислам орнығады. Ол жетi жылға созылады. Кейiн ол қайтыс болады да мұсылмандар оның жаназасын оқиды»,- дедi» (Әбу Дәудтен жеттi).
Әбу Саидтен (р.а.) риуаят етiлдi: «Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) сұрадық. Ол: «Менiң үмметiмде Мәһди бар. Ол шығып, бес, алты немесе жетi жасайды», - дедi. Бiз: «Ол не?» - дедiк. Ол: «Жылдар». Оған бiр адам келiп: «- Ей, Мәһди! Маған бер! Маған бер!» - дейдi. Ол оның күшi жеткенiнше (көтергенiнше) киiмiне (қалтасына) салып бередi», - дедi» (Тирмизи жеткiздi).
Абдулла бин Мәсъудтың риуаятында Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Әлемнiң бiр күндiк өмiрi қалса да Алла ол күндi ұзартып, әһли бәйтiмнен бiр адамды жiбередi. Бұл кiсiнiң есiмi менiң есiмiме ұқсас. Ол адам жер бетiндегi зұлымдықты жойып, әдiлеттiлiк орнатады» (Тирмизи, Әбу Дәуд).
Аллаға шүкiр, бiз иман мен исламға емiн-еркiн амал етiлетiн әдiлеттi де құқықты мемлекетте өмiр сүрудемiз. Исматулла «тақсыр» айтқандай, «Мәһди шықты, ол Пәкiстанда», - деуiне келейiк. Жоғарыда айтылған хадисте Мәһди Мекке-Мадинадан шығады деп тұр. 
Сонда Мәһди туралы көрiпкелдiлiк Исматулла «тақсырдың» жеке өз пiкiрi ме? Ендеше, оның бұлай деуi арқылы көздеген мақсаты не?
Алла баршамызды тура жолға бастасын деп, имам Мәликтiң (р.а.): «Кiм сопы болып, фақиһ болмаса, күпiрлiк жасағаны. Кiм фақиһ болып, сопы болмаса пасық болғаны. Кiм екеуiн бiрiктiрсе, Хаққа жетедi», - деген сөзiн еске алып, түсiнудi әрi амал етудi Алла Тағала мұсылмандарға нәсiп етсiн деймiз. 
Ахмад Мұхаммад ибн Әжиба әл-Хасанидың (р.а.) «Иқазул һимәм фи шархил хикәм» атты кiтабында: 
«Фиқһсыз тасаввуф болмайды. Өйткенi, Алла Тағаланың заһири (сыртқы) үкiмдерi тек фикһ арқылы бiлiнедi. Сондай-ақ, тасаввуфсыз фиқһ та болмайды. Өйткенi, ниетсiз әрi ықылассыз амал болмайды. Имансыз екеуi де дұрыс емес» делiнген.
Хусайн Уаиз Кәшифидiң (р.а.) «Футувватномаи Султани» кiтабында: «Тасаввуф атын алғандар үшке бөлiнедi: бiрiншiсi - мустасуф, яғни қолдан-қолға өтетiн, мансап пен дүние үшiн өзiн дәруiшке ұқсатып жүретiндер; екiншiсi - мутассуф, яғни тариқаттың алғашқы баспалдағына жеткендер; үшiншiсi - суфилер, яғни өзiн Аллаға бағыштаған шынайы сопылар... Суфилер үшеу: муаширлер, мутарасмдер және мухаққиқтер. Муаширлер (сұхбат құрушылар, жолдастар) сауап алу ниетiнде жүрген тасаввуфшылардың достары әрi әуесқойлары. 
Мутарасмдер дәруiштердiң iс-қимылына, әдетiне, келбетiне және сөздерiне елiктеушiлер. Олардың ұраны - жақсы болсақ, бiздi дәруiштер қатарына қоссын, жаман болсақ солардың шарапатымен Алла бiздi мағфират етсiн. Мухаққиқтер ұдайы нәпсi тазалығына ұмтылатын, дүниенi тәрк етiп, iзгi амалдарды iстейтiндер» делiнген.
Исматулла «тақсыр» мен оның «сарбаздарын» тариқаттың қай түрiне жатқызған дұрыс?
Қазақстан мұсылмандары дiни басқармасы дiни ғибадат, дiни iс-шараларды атқаруда қасиеттi Құран, хазретi Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың хадис-шәриптерi, ата-бабаларымыз ежелден ұстанып келе жатқан дiни-құқықтық мектеп - имам Ағзам мәзһабын және шариғатқа қайшы келмейтiн халқымыздың озық дәстүрлерi мен әдет-ғұрыптарын басшылыққа алады. 
«Исматуллашылардың» адамның ақыл-ойын шектеп, психологиялық тәсiлмен бiр «тақсырдың» роботы етiп қоятын «алқа зiкiр» құлшылығы ислам қағидаларына жат және Қазақстан мұсылмандары дiни басқармасының ұстанымына да кереғар.
Қазақстан мұсылмандары дiни басқармасы жоғарыда айтылған жәйттердi ескерте отырып, ел тыныштығы мен халық татулығын сақтау мақсатында «Сенiм. Бiлiм. Өмiр» қоғамдық бiрлестiгiне, яғни «исматуллашылар» тобына сауатсыздар мен адасушылардың тобыры деп баға бередi. 
Сондай-ақ, Қазақстандағы барша мұсылмандарды осы топтың арбауына түсiп, адасушылықтан сақтануға әрi дiнiмiздiң бiрлiгi мен мемлекетiмiздiң тәуелсiздiгi жолындағы игi шаралардың ұйытқысы болып отырған Қазақстан мұсылмандары дiни басқармасы төңiрегiне топтасуға шақырады. 
Авторы: Оңғар қажы ӨМІРБЕК, ҚМДБ-ның баспасөз хатшысы
Категориясы: Өзекті мәселе.... | Көрілді: 3088 | Ендірген: Dinislam_Kz | Рейтингі: 3.0/7 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 141 2 »
18.Мамыр.2011
14. Сіргелі
Біздің бабаларымыз дініне (исламға) берік екендігі бесенеден белгілі. Ислам діні жалпы алғанда адамзат баласын тәртіпке шақырады, жақсылыққа итермелейді. Исламда зорлық жүрмейді, біздің ата-бабаларымыз да ешкімге қиянат жасамаған. Жауын төріне шығарып қонақ қылған, таспен ұрғанды аспен ұрған, ал өзінің туған еліне, жеріне біреу көзін алартса аянып қалған емес. Жауға қарсы шапқанда Алласына сиынып, әскер рухын көтеру үшін аруақ шақырып ұрандата шапқан.
Бұл жерде айтайын дегенім Аллаға серік қосу емес, кейбір адамдар аруақ десе өлген адамның жанына табынады екен деп ойлауы мүмкін. Ол мүлдем олай емес, "Аруақ" сөзі арабтың "Рух" деген сөзінен шығады, яғни адам бойына бітетін ерекше күш рухани азық, сол азығың көп болса онда алынбайтын қамал жоқ, аруақты ауызға ала отыра өз бойына рух (қазіргі ауыз екі қолданыстағы "дух") жинап, сол бір рухтың үлгісі болған батыр бабаларымыздың атын атап ұрандағанда қазақ әскерінің қай қайсысының да құйқа еті шымырлап, арқасы қозып қандай жау болмасын төтеп беріп отырған қарақтарым. Сондықтан айналайындар Қазақтың Я Аруақ деген сөзін ерсі көрмеңдер, ол Аллаға серік қосу емес.
Қазақтың тұрмыс салт дәстүрі негізін Исламнан алатынын ұмытпайық. Ислам ізгіліктің, мейірімділіктіктің,
бауырмашылдықтың, ынтымақтың, батырлықтың символы.

[пікірдің сілтемесі]
15.Мамыр.2011
13. ислам
ей сопылар ай,куранды басынан аяк окы сосын тусынесын дисын,мен емес алдымен озын окы,куранда айтылган емеспе,жалгыз кудайга серык коспандар,ол жалгыз,пак,букыл жаратылыстын раббысы,барлык шукыршылык пен барлык гибадаттар тек кана аллахка гана тан,ал сен пырынды косып,кунамды кешырсын деп колын суйсен сонда аллахтан баска жане одан артык кудай тапкандай,мактанасын,адам адамнын кунасын котере алмайды есынде болсын,жане серык коспа тозакта мангы каласын,ойлан сопы

[пікірдің сілтемесі]
04.Мамыр.2011
12. Қазақ
Мен қазақпын мың өліп мвң тірілген, енді мың бірінші рет өлгім келмейді ҚАЗАҚТАР ОЙЛАНЫҢДАР!!!!

[пікірдің сілтемесі]
30.Сәуір.2011
11. ЖАС ОТАУ
Пайғамбарымыз (с.ғ.с) миғражға көтерілгенде жарқырап тұрған нұрды көреді. Мынау кімнің рухы деп сұрайды? сонда сахабалары ол 400 жылдан кейін сенің дініңді жалғастыратын, құдайға жан-тәнімен берілген. Қожа Ахмет Яссауий атамыздың рухы деп жауап береді. Сондықтан бұл жол пайғамбарымыздан жалғасып келе жатқан жол. Құрметті, апа сіңіл бауырларым! Қасиетті Түркістанда жатқан Яссауий атамыздың мәйітінің өзі біздің басымызға қонған бағымыз! Қадіріне жете білейік ағайын!!!

[пікірдің сілтемесі]
21.Сәуір.2011
10. Фарух
Ай Атанаалет Мұртаза Бұлұтай сандрақтама

[пікірдің сілтемесі]
21.Сәуір.2011
9. Фарух
Бұл кездегі діндердің бәрі нашар,
Ешбірі түзу емес көңіл ашар.
Өңкей алдау, жалғанды дінім дейді,
Тексерсең, ойың түгіл жаның сасар. …
Дін адамды бір бауыр қылмақ еді,
Оны бөліп, дұспандық қару жасар.
Інжіл, Құран бәрі айтып тұрсадағы,
Мағынасынан адасып қара басар.
Сүйтіп бұзып, бүлдіріп есіл дінді,
Дін десе білімділер тұра қашар.
Ешбір дін үйтіп дұспан бол демейді,
Қанеки бұл сөзіме кім таласар?

[пікірдің сілтемесі]
09.Наурыз.2011
8. Баян
Шариғат-баршаға,Тарихат-таңдаулыға,Ақиқат-ол бір Аллаға белгілі

[пікірдің сілтемесі]
02.Наурыз.2011
7. жаугашты
ак журек пен таза акыл кылсан адал енбек.барінен де сол макул арткыга жол бермек.арсыздардын тукке турмай арам ойы жойылып,аягында хахикатты бул ушеуі женбек.

[пікірдің сілтемесі]
02.Наурыз.2011
6. жаугашты
зікір салган адам жасыл жапырагы бар агаштай,салмаган адам кураган агаштай.

[пікірдің сілтемесі]
23.Ақпан.2011
5. Еркін
Егер сендер сауатсыздеп баға берсеңдер, ол сендердің көреалмаушылық шайтани пиғылдарыңды өздерің көрсетіп отырсыңдар. Егер құдай адамды тәрбиелитін болса мына сен дер сияқты өзімшіл, тәкәппар, көреалмайтындарды тәрбиелемиді қайта одан сайын адастырып, көздерін ашудың орына одан сайын соқыр етіп, жүректерін бітеп тастайды, олар қарапайым өздерінің ана тілінде жазыған Құран, немесе әулие, ғалым сиақты даналардың кітаптарын қанша оқысада теріс мағанада түсінеді қасарсқан күйінде өмірден өтіп кетеді сондықтан Исматулланы жамандай бергенш өз күнәларыңа қамжеп жүріңдер, сендер қанша жерден Исматулланы жамандап оны сыртай жау көресіңдер ал оның жауы мен емес, сен емес шайтан күндіз түні ол құдайға зар жылап біздң амандығымызды, бәле жаладан және қойшымыздан птшамызға деиін бәріне дұға тілеиді егер менің сөзімді дұрыс емес десеңдер қолыңызға Құран кітапты басынан айағына деиін оқып көріңіздер не болмаса Шәкәрімнің, Абайдың, кітаптарын көз жүгіртсеңдер өздеріңді қандай кім екенін түсінесіңдер..........

[пікірдің сілтемесі]
1-10 11-14

Есімі*:
Email-ы:
WWW:
Сақтық коды *:


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2010 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде сілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


Создать сайт бесплатно
жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Қаңтар 2009  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар: bola80, erkintursynbek

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: erkintursynbek

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 3564
Осы ай ішінде: 23
Осы апта ішінде: 7
Кеше: 2
Бүгін: 0