[05.01.2009.] Қазақстан Елшісі Саудияның Даму қорының басқарушы директорымен кездесті
13:12
Қазақстан Елшісі Қ.Лама Шариф Саудияның Даму қорының басқарушы директорымен кездесті
2008 жылы желтоқсанның 30-ында Эр-Риядта Қазақстан Елшісі Қайрат Лама Шариф Саудия Даму банкінің басқарушы директоры Юсеф Ибрагим әль-Бассаммен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат сыртқы саясат ведомствосының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кездесу барысында Қазақтан Үкіметінің әлемдік дағдарысқа қарсы күш-жігеріне жоғары баға берген Саудия қорының басшысы, біздің елімізде ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға деген өз мүдделігін білдірді. Тараптар сондай-ақ Саудия Даму қоры мен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының өзара іс-қимылдарының келешегін талқылады. АСТАНА. ҚазАқпарат.
Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.