[06.01.2009.] Мереке күні отшашумен ойнап от басып қалғандар жетерлік
13:50
Мереке күні отшашумен ойнап от басып қалғандар жетерлік
Жаңа жылда жарылғыш заттардан 28 адам зардап шекті. Бір Алматы қаласының өзінде мереке түні жарылғыш заттардан 37 адам жапа шекті. Жаңа жыл мерекесінде Қытайдың отшашуларын пайдалану жаман дағдыға айналған. Жарылғыш зат көз қызықтырғанымен, зардабы күшті екеніне көпшілік мән бере бермейді. Бір қынжылтатыны мереке күні отшашумен ойнаймыз деп жүріп, от басып қалғандардың 23-і жасөспірім балалар болса. 14-і ересектер. Қазір олар мына ауруханада қажетті ем-дом қабылдап жатыр. Зардап шеккендердің саны былтырғы жылмен салыстырғанда едәуір көбейген. Көздері, қолдары күйген балалар жарылғышқа енді жоламаймыз дейді. Ал ақ халаттылардың айтуынша, мейрам күні жарылғыштан жарақаттанғандардың хал-күйі қазір бірқалыпты. Екі-үш күнде үйлеріне жіберіледі.
Анвар Құнанбаев, №1 клиникалық балалар ауруханасының бөлім меңгерушісі Көбінесе сол жаңағы бет күйіктері. Содан кейін жаңағы көзге зақым келген. Биылғы жылы үлкен бұрынғыдай қатты жарақат болмады. Қазір жатқан балалардың жағдайлары келгенде кішкене күрделі еді. Қазір жағдайлары жөнделді. Ал, қалалық төтенше жағдайлар қызметінің мамандары жарқ-жұрқ еткен қауіпті ойыншықтармен мүлде әуестенбеген абзал дегенді алға тартады. Тіпті мереке қарсаңында бірнеше алдын-алу шараларын да атқарған. Дегенмен оған жұрт құлақ аспапты.
Гүлшат Дәуренбекова, Алматы қалалық Төтенше Жағдайлар қызметі департаментінің баспасөз хатшысы Осы 2009 жыл басы басталғалы Жаңа жыл түні Алматы қаласында 3 өрт жағдайы кездесті. Өрт жағдайының үшеуі де перотехникалық заттар қолданғандықтан. Біздің қала тұрғындары қарапайым ережені біле тұра бірақ оны сақтамай әртүрлі жағдай болды. Перотехникалық жарылғыш заттарды қолданба деп қанша ескерту айтып жатсақ та қаланың тұрғындары қарапайым өртттен сақтану ережесін сақтамай сондай жағдайға кездесті. Жарылғыш ойыншықтардың қауіпті екенін ескермегендер арасында ересектер де бар. Ал оларды саудаға шығарғандарға ескерту жасалып, айыппұл да салынған. Дегенмен еш нәтижие жоқ. Дәрігерлер мен төтенше жағдайлар қызметі биыл жарылғыш заттарға байланысты нақты шаралар қолдану керек деп отыр. "Қазақстан РТРК"
Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.