[06.01.2009.] «Жиһадтың көрінбейтін әскері» - 6 Января 2009 - Бала-Бүргемге қош келдіңіз
Жексенбі, 12.Ақпан.2012, 05:13
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  ОРАМАЛ ТАРТҚАН – ЕРСI, АЛ КIНДIК АШҚАН ШЕ?
•  Азия парктен жік шықты, екі құлағы тік шықты
•  Сапар айы (Сафар айы)
•  Шіркеу қазақша сөйлей бастады. Бұл нені аңғартады?
•  Фиқһ әл-ғибадат
•  Желтоқсан – жанымның жарасы
•  ОБЛЫСТАҒЫ БАСТЫ МӘСЕЛЕ - ДІН МАМАНДАРЫНЫҢ ТАПШЫЛЫҒЫ
•  Құрбан айт намазы
сауалнама
"АСЫЛ АРНА" телеарнасын қайдан көресіз?
Жауап берілді: 573
 

Негізгі бет » 2009 » Қаңтар » 6 » [06.01.2009.] «Жиһадтың көрінбейтін әскері»


[06.01.2009.] «Жиһадтың көрінбейтін әскері»
17:05
null«Жиһадтың көрінбейтін әскері»
Қазақстанда ресми билік пен қоғам әлі де болса фундаменталистік «табиғатына» қатысты біртұтас тоқтамға келе алмай отырған идеологиялық орталығы шетелде орналасқан діни ағым – «Таблиғи-жамағат». Жалпы «Таблиғи Жамағатты» радикалдық қозғалыс деп алғаш сипаттаған Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев болатын. Діни фундаментализм мәселесіне қатысты көлемді зерттеуінде Президент: «Діни қауымның белгілі бір бөлігі діни төзімсіздік идеясын ту ететін шет елдегі ислам орталықтары миссионерлерінің ықпалына ілігеді. Мұндай ахуал біздің елдің оңтүстік өңірінен айрықша байқалып отыр. Мәселен, Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарының аумақтарында астыртын ұйым құрған шетелдік «Таблиғи Жамағат» радикалдық қозғалысының үгіт-насихат әрекеттері анықталған» – деп жазды. (Назарбаев Н.Ә., Сындарлы он жыл, Алматы, «Атамұра», 2003 жыл, 59-бет.)

Елбасы кітабы жарыққа шыққаннан бергі уақытта «Таблиғи-Жамағаттың» таралу географиясы едәуір ұлғайғаны байқалады. Қазіргі уақытта бұл тіркелмеген діни ұйымның жақтастары Алматы, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарында, Жаңа-Өзен қаласында, сондай-ақ Атырау облысында да белсенділік танытып отыр. Ресми орындар өкілдерінің мақалаларында да «таблиғшылардың» экстремистік сипаты бар екені айтылып қалып жүр. Мысал үшін 2003 жылы Қазақстан үкіметі жанындағы діни ұйымдармен байланыс жөніндегі Кеңес Хатшылығының меңгерушісі (қазір Әділет министрлігіне қарасты Дін істері комитеті төрағасының орынбасары) А.М. Мұқашев «Қазақстанда «Хизбут-Тахрир» (ислам Азаттық партиясы), «Таблиғи жамағат» (ислам ғұламаларының қоғамы) сияқты діни экстремистік ұйымдар қызметі көрініс тауып отыр» – деп мәлімдеді. (Мухашев А. Конфессиональная палитра, / Казахстанская правда, 1 шілде 2003 жыл, 4-бет) Сонымен, өздеріне елді Жаратушыға шақыру миссиясын батыл алып, Қазақстан заңдарына қайшы әрекет етіп отырған діни ұйымның идеологиялық негіздері қандай? 

Жалпы «Таблиғи-жамағат» (араб тілінде «жамағат ат-таблиғ») өзінің бастауын 1927 жылы Үндістаннан алғаны мәлім. Қызметінің негізгі мазмұны діни дағуат, діни миссия, дінге шақыру мағынасындағы «дағуа» терминінен шығады. «Таблиғи-Жамағаттың» негізін салушы Маулана Мухаммад Ілияс Каидихлавиден (1885-1944) басталған бұл қозғалыс өз қызметінде мұсылмандардың діни сезімін тереңдетуді басшылыққа алып, прозелитизмді (басқа діндегілерді өзі дініне тарту) мұсылман еместерге өте сирек қолданады. Ғалымдардың арасында Мухаммад Ілиястың сопылықтың нақшбандия тармағынан шыққаны туралы пікір бар. Алайда, кейінірек бұл ағым сүннизмге негізделіп, әулиелер культінен қашқақтап, жаңа сипаттағы діни ағымға айналды. «Әмір» одан кейін «Шура» (кеңес) атты құрылымдық басқару тетіктері бар бұл діни қозғалыс уағызшылардың «есіктен-есікке» принципімен жүргізілетін үгіт-насихат практикасымен ерекшеленеді. Жамағатта қатаң тәртіп сақталып, ешкім жетекшісінің айтқанынан шықпайды. Пәкістанның Пенжаб өлкесіндегі Райвинд атты шағын қалашығына жыл сайын миллионнан астам адам «ижтима» атты діни мерекеге жиналады. Сырт көзге саясаттан жырақ болу арқылы бұл діни ағым өзі туралы «қоғамға зияны жоқ ұйым» деген ұғым қалыптастыру бағытында жұмыс істеп отыр. «Таблиғи-Жамағаттың» діни экстремизмге бейімдігіне оның «уахабшылдықпен» туыстығы әсер етеді. Сонау 1970 жылдары «Таблиғи-жамағат» уахабилермен өзара келісімге келіп, соңғысының бұларды қаржыландыруына жол ашты. Бұл 1962 жылы құрылған Бүкіләлемдік мұсылман лигасынан бастау алды. Бұл арада атап өтетін бір жәйт, басқа діни қозғалыстарға қатал сыни позиция ұстанатын біздегі уахабилер «Таблиғи-жамағатқа» оң көзқарас танытады. Олар тек бұл миссионерлердің білімнің таяздығына ғана өкініш білдіреді. Француздың беделді бір басылымының жазуынша, соңғы жылдарда ислам атын жамылған діни-экстремистік көсемдердің 80 пайызы осы ұйымнан шыққан екен. (Xavier Ternisien, “Rise of Suburban Salafissn Worries Police and Muslims”. Le Monde, January 25, 2005) Бұл жағдай «дағуатшылардың» тарататын үгіт-насихаты уахабилік-салафилік бағыттағы жиһадшылар идеологиясымен қабысып жататынын көрсетеді. Бұл екі ағым арасындағы идеологиялық сәйкестік те осымен түсіндіріледі. Басқаша айтқанда, «Таблиғи-Жамағат» - көпшілік бұқарамен қоян-қолтық жұмыс істеп, діни экстремизмге негіз дайындайды. Қазақстанға бұл ұйымның қауіпті идеялары келетін маңызды арна – көрші жатқан Қырғызстан. Қырғызстандағы белгілі саяси оқиғалардың кесірінен елдегі діни ахуалды мемлекеттік бақылау мүмкін болмай қалды. Қырғыз визасымен Пәкістанға шығуды көздейтін қазақстандық дағуатшылар Жамбыл облысының Қордай ауданы арқылы осы елге беттейді. Ал Қордай ауданындағы 12 мың адам өмір сүретін елді мекен – Масанчи ауылы тұрғындарының басым көпшілігі осы діни ағымның ықпалында. Қазақстанда белсенді уахабилік баспасөз осынау негізгі халқы – дүнгендерден құралған ауылды діни бірліктің символына балап жазады. (Мурзагужинов Мнайдар Феномен селе Масанчи / Наш мир. № 7-8, 22 қыркүйек, 2006ж.; №9, 6 қазан 2006 ж.) «Наш мир» газетінің тілшісіне берген сұхбатында масанчилықтар өздерінің діни білімді Үндістаннан алып келгенін жасырмайды. Ал осы Масанчи ауылының тұрғыны Рамазан Хафиз деген кісі жыл сайын мұнда сырттан 200-ге тарта әйелдер діни білім алуға жиналатынын айтады. (Наш мир. № 7-8, 22 қыркүйек, 2006 ж.,12 –бет.)

Қазақстан өкімет орындарының қазірше «Таблиғи-жамағатқа» тағатын негізгі айыбы – ұйымның мемлекеттік тіркеуден өтпеуі. Қазақстанның Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сай (275 баптың 3-бөлігі) есептік тіркеусіз миссионерлік қызметпен айналысқандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Қазір ішкі істер органдарының «Таблиғи-Жамағат» мүшелерінің заңсыз әрекетіне реакциясы – осы бапты пайдаланып, сот арқылы айыппұл салумен шектелген. Заңсыз уағыз жүргізіп полицияның көзіне түскен дағуатшылардың басым көпшілігі жазаның осы түріне тартылып отыр. Мысал үшін, Ақтөбе облыстық Ішкі істер департаментінің ақпарына сай, тек қана 2007 жылдың 16-ақпан және 8-наурыз аралығында осы облыс аумағында 17 «Таблиғи-Жамағат» ұйымының мүшесі ұсталып, осындай жауапкершілікке тартылған. Олардың жасы негізінен 23 пен 40 жастың арасында. Бұл діни ұйымның қызметі тиісті діни-теологиялық сараптаудан өтіп, «Таблиғи-Жамағаттың» діни экстремизге қатысы заңды түрде анықталмай, бұл шаралардың діни заңдылықтың бұзылу статистикасына еш әсері болмасы анық. Өткен жылы жергілікті, өзіміздің атыраулық баспасөзде тағы да жеті азаматтың Пәкістаннан оқып келгені хабарланды. (Таңбаева Е., «Таблиғи жамағат» ішімізді ірітуді бастады…/ Атырау, № 47 (18666) 26 сәуір, 2007 жыл, 7-бет.) 

Біздің мақаламыздың тақырыбы етіп алынған тіркестің авторы, «Таблиғи-Жамағаттың» «көрінбейтін» қаупі туралы жиі айтатын американдық сарапшы, Вашингтондағы саясат саласындағы қауіпсіздік орталығының директоры Алекс Алексиев өзінің ресейлік интернет-арналарға сонау 2003 жылы берген сұхбатында АҚШ үшін дағуатшылар «бесінші колоннаның» рөлін атқаратынын мәлімдеген. Яки, мемлекетті ішінен ірітетін қауіпті күш дегені. Оның айтуынша, АҚШ-тағы 2 миллионнан астам мұсылманның басым бөлігі уахабшылдардың, оларға туыс «Таблиғи-Жамағаттың» ықпалында екен. Америкадағы «таблиғшылардың» оқу орындары мен мешіттерінде басқа діндерге өшпенділік рухындағы уағыздар еркін айтылады. Алексиевтің пікірінше, бұған ұқсас мұсылмандардың радикалданып, «Таблиғи-жамағат» сияқты заңсыз ұйымдардың ықпалына түсу жағдайы Ресейде, оған қарасты Татарстан, Башқұртстанда да белең алған. Сөз жоқ, Алексиевтің алдымен көздегені – өз елінің жағдайы. Дегенмен ғалым қауіптің қай жақтан екенін анық аңғарған. Азуын айға білеген АҚШ-тың өзі «Таблиғи-жамағат» іргемізді шайқалтып, ішімізді ірітіп барады деп байбалам салса, біздің бейқамдығымызға не жорық?! Қазақта «түйені жел шайқаса, ешкіні аспаннан көр» демей ме?

Мәселенің екінші қырына да тоқталмай кете алмаймыз. Бізде ұраншылдық деген дерт бар. Экстремистік діни ұйымдар туралы дақпырт тым көп. Алайда, көпшілігіміз сол «Хизбут-Тахрир», «Таблиғи-Жамағат», салафилік күштердің тек қолына қару ұстаған жанкештілер ғана емес, жеткілікті білімі жоқ, рухани тәжірибесі таяз қарапайым адамдарды күн санап жалмап бара жатқан қауіпті дүниетанымдық ұстаным екенін ескермейміз. Қауіпті идеологияға қарсы тек дәстүрлі дініміз бен ұлттың сан ғасыр тезінен өткен төлтума мәдениетін ғана қалқан етуге болатынын түсінетін уақыт жеткен сияқты. 
Бердібек БОЛАТХАНҰЛЫ,
«Үш Қиян» газеті, №11 (371) 13 наурыз, 2008 жыл, 4-бет

Категориясы: Өзекті мәселе.... | Көрілді: 1631 | Ендірген: Dinislam_Kz | Рейтингі: 1.0/2 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 0

Есімі*:
Email-ы:
WWW:
Сақтық коды *:


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2010 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде сілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


Создать сайт бесплатно
жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Қаңтар 2009  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар: bola80, erkintursynbek

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: erkintursynbek

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 3564
Осы ай ішінде: 23
Осы апта ішінде: 7
Кеше: 2
Бүгін: 0