МЕШІТ – ЖАМАҒАТЫМЕН КӨРІКТІ - 6 Января 2009 - Бала-Бүргемге қош келдіңіз
Жексенбі, 12.Ақпан.2012, 05:06
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  ОРАМАЛ ТАРТҚАН – ЕРСI, АЛ КIНДIК АШҚАН ШЕ?
•  Азия парктен жік шықты, екі құлағы тік шықты
•  Сапар айы (Сафар айы)
•  Шіркеу қазақша сөйлей бастады. Бұл нені аңғартады?
•  Фиқһ әл-ғибадат
•  Желтоқсан – жанымның жарасы
•  ОБЛЫСТАҒЫ БАСТЫ МӘСЕЛЕ - ДІН МАМАНДАРЫНЫҢ ТАПШЫЛЫҒЫ
•  Құрбан айт намазы
сауалнама
Намаз оқуыңа не кедергі?
Жауап берілді: 809
 

Негізгі бет » 2009 » Қаңтар » 6 » МЕШІТ – ЖАМАҒАТЫМЕН КӨРІКТІ


МЕШІТ – ЖАМАҒАТЫМЕН КӨРІКТІ
23:38
nullМЕШІТ – ЖАМАҒАТЫМЕН КӨРІКТІ
Еңбек Ерлерінің ауылында бой көтерген Д.Қонаев мешіті жайлы бірер ой
Талас ауданындағы Тамабек ауылынан Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың атымен аталатын жаңа мешіт ашылды. Тамабек ауылы – Қаратау қаласынан солтүстік шығысқа қарай 75 шақырым жерде. Ауыл іргесі сонау 1929 жылы Елтай (Чкалов) ұжымшары негізінде қалыптасты. Кейіннен асыл тұқымды қой өсіретін Амангелді кеңшары болып құрылды. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында осы бір шағын ауылдан майдангерлерге көмек ретінде жүздеген арғымақтар жөнелтілді. Еңбек еленбей қалған жоқ. Арғымақтарды баласындай мәпелеп өсірген Байқошқар Мүсірәлиев, Қартабай Атшабаров, Дәдебай Байқонысов, Әбзелбек Бижанов, Орман Қасымбеков, Жаманғара Аманбаев, Мұратбек Ташкентбаев, Әжібек Тұтқышбаев, Әмір Туғамбаев, Тілеп Қыдырбаев және Дүкенбай Оразбаев сияқты тарландар соғыс оты өшкеннен кейін көп ұзамай Социалистік Еңбек Ері атағына ие болды. Шынында бұл бір жұлдыз жауған жыл еді.
“Бір кем дүние” дегендей, бірақ кеңес өкіметі ағалар еңбегін “алтын жұлдызбен” бағалап, талапты жастарды өнер, білімге тегін баулығанымен, атеистік саясат аталарымыздың апшысын қуырып, айылын тартқызғаны рас еді. Соның кесірінен Жәдік көлінің жағасындағы Қарақожа мешіті кеңес өкіметі жылдарында малдың ықтасынына айналып, қаңырап қалса, Тамабек ауылында жамағатты жұма намазға жинайтын жолым үй де болған жоқ. Дегенмен, ауылдағы Әмір қожа деген діндар қария замандастарын қал-қадерінше имандылыққа баулып, Алланың хақтығына ұйытты.
Бүгін заман басқа, заң басқа. Тәуелсіздіктің басты жақсылықтарының бірі төл дінімізбен қайта табысуымыз болды. Астана, Алматы мен облыс, аудан орталық­тарындағы үлкен мешіттерді айтпағанда, алыстағы ауылдардан да көркем мешіттер көптеп бой көтере бастады. Тамабек ауылынан шыққан әлгі 11 Социалистік Еңбек Ерінің бірі Байқошқар Мүсірәлиевтің ұлы Берден Байқошқаров та зейнетке шыққалы қазақтың ежелгі тарихын қаузап, қолына қалам-қағаз алып, көп ойланатын болған. Оның нәтижесі “Авестадан Алашқа дейін” деген тағылымы мол тарихи кітапқа айналды. Кітапқа тарих ғылымдарының білімдарлары жылы пікір білдірді. Жас кезінде Талас ауданындағы Кеңес кеңшарында директор, Сарысу ауданында екінші хатшы және жігіт ағасы шағында Қордай ауданында бірінші хатшы болып, көп жылдар бойы абыроймен қызмет атқарған ақ шашты қарияның ендігі арманы не?..
Бірде “ауылда мешіт жоқ, кім көмектеседі” деп барған сайын сұрақтың астына алатын Шекер көкемнің жанайқайын Бекеңе жеткіздім. Ауылдан шыққан бір жас кәсіпкер “мешіт салып берем, бірақ әкемнің атын қоюға рұқсат бересіңдер” деп шарт қойыпты. Шекер бастаған шалдар ондай астамшылыққа шыдамай, қарсы болыпты. Алланың үйіне атын беретіндей оның әкесі кім еді сонша? Содан кейін “Олай болса, қор ашып, ақша жиыңыздар, сөйтіп түскен қаржыға шағын мешіт үйін тұрғызыңыздар” деп осы ауылдың Мәскеуде тұратын Роза атты қызы 500 АҚШ долларын беріп кеткен екен, бірақ жақсы ұсынысты іліп алып кететін белсенді табылмаған. Болмашы қаржы мешіттің іргетасын қалағаннан арыға жетпеді.
Осы әңгіменің бәрі құлағына жеткен тұста Берден ақсақал түйіліп отырып, ауыл мешітін өз қаржысына салдыратынын айтты. Сол сәтті пайдаланып:
– Берден аға, – деген едім мен, – мешіт салдырып, атын Дінмұхамед Ахметұлы деп қойсаңыз, өмір бойы ел үшін еткен еңбегіңіздің ең үлкені сол болар еді. Бұл имандылығыңызға Қонаевтың қолын алған әкеңіз, Социалистік Еңбек Ері Байқошқардың да аруағы риза болатын шығар... 
Бекең ойланып отырып “жөн екен” деді. Осы “жөн екенмен” жұмыс басталып кетті. Мешіт құрылысының жұмысын бақылау облыстағы Қонаев атындағы қордың президенті Мәмбет Күшікбаевқа жүктелді. Ел іші болған соң іштарлық та болады. Бірақ Бекең бос сөзге құлақ асқан жоқ. Інілері Мәмбет пен Бөденге мешіт құрылысының барлық қаржылық операциясын сеніп тапсырды. Ал өзі қолға алуға жасы жетпістен асты, жүрек шіркін де сыр бере бастады. Тіпті мешіт салынып жатқанда ауруханаға да жатып шықты.
Бір күйініштің бір сүйініші болады. Жақында Тамабек ауылынан (бұрынғы Амангелді ауылы) Әмір қожа атамыздың арманы болған Алланың үйі дүниеге келіп, оның ашылу салтанатына алыс-жақыннан жамағат көп жиналды. Алланың үйінің маңдайшасына “Дінмұхамед Қонаев мешіті” деп жазылыпты. Әлбетте, мешітті тіркеу, ат беру, имамын тағайындау Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құзыреті екені белгілі. Сондықтан бұл шаруаның бәрі облыстағы Һибатулла ат-Тарази деп аталатын орталық мешіттің бас имамы Ербол Сағи арқылы ҚМДБ бас мүфтиі Әбсаттар қажы Дербісәлінің келісімімен жүзеге асырылды. Мешітке имам болып кеңес өкіметінің кезінде қойнынан құранын, қолынан тәспиғын тастамаған баяғы Әмір қожаның баласы Зейноллаәбдин тағайындалды. “Қилы-қилы заман болар, қарағай басын шортан шалар” деген осы. Атеистер билеген елдің шаңырағы ортасына түсіп, ағаш уықты, киіз туырылықты қазақ тәуелсіздік алып, төл дінін төрге оздырды.
Біз мешіттің ашылу рәсіміндегі қуанышқа шүкір дей тұрып Алланың үйінен азанның үзілмеуін, жамағатынан жұрдай болып, жетімсіремеуін тіледік. Имам да халықтан осыны қатты өтінді. Өйткені, мешіттің ашылғанына қуанған қазақ көп жағдайда оған уақтылы баруды, Алланың үйінің айналасын таза ұстап, су себуді, тал егуді, гүл отырғызуды және жұма намазды жамағатпен бірігіп оқуды ұмытып кетіп жатады.
Мешіттің ашылғанына қуанған жұрт “енді, құдай қаласа, ауылдан жаңа мектеп салынайын деп жатыр” деп бір-бірінен сүйінші сұрап жатты. Бұл – облыс пен ауданнан жеткен соңғы жаңалық екен. Мешіт – жамағатымен, мектеп – жас құрақтай желкілдеген балалармен көрікті. Ауылдағы мешіт, мектеп және мәдениет ошағының талапқа сай болғанына не жетсін! Мешітті Берден сияқты жомарт қариялар салдырса, мектеп, бала бақша, мәдениет ошағын жергілікті билік өз міндетіне алған. Байқағанымыз және байқап, пайымдағанымыз, билік болып, бұқара болып, осы игіліктерді емін-еркін еңсере бастаған ересен бір күш-қуат пайда болған екен елде.
Лайым солай болғай!
Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ, Жамбыл облысы, Талас ауданы, Тамабек ауылы. "ЕГЕМЕН ҚАЗАҚСТАН"

Категориясы: Уағыз-насихат бөлімі | Көрілді: 1363 | Ендірген: Dinislam_Kz | Рейтингі: 0.0/0 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 0

Есімі*:
Email-ы:
WWW:
Сақтық коды *:


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2010 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде сілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


Создать сайт бесплатно
жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Қаңтар 2009  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар: bola80, erkintursynbek

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: erkintursynbek

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 3564
Осы ай ішінде: 23
Осы апта ішінде: 7
Кеше: 2
Бүгін: 0